Тәрбие сағаты Маужырап барқыт қоңыр күз!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Маужырап барқыт қоңыр күз
Сабақтың мақсаты: « Оқушыларға күзгі табиғат, күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері туралы жазған ақын-жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың шығармаларымен таныстыра отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Мұғалім Бұлттар төніп, жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады, Шөп сарғайып,өңі тайып, Дала реңі қашады. Бой жаза алмай, ойнай алмай, Денең мұздап тоңады, Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? - Бұл күзде болады. -Йә, ендеше біздің бүгінгі сынып сағатымыздың аты « Маужырап барқыт қоңыр күз» деп аталады
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар, Енді бері қараңдар Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші Әуелі жұмбақ жасырам Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін Қонағымды ортаға шақырамын. «Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін» -Бұл не ,балалар? - Күз
Мұғалім: Балалар, күз айларын атаңдаршы. - Қыркүйек, Қазан, Қараша
1-оқушы: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды.
2-оқушы: (Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай.
3-оқушы: (Қараша) Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып.
Қыркүйек - Еске түсірейікші күз туралы қай ақындар жазып еді? Сол тақпақтарды кім айтып береді?
-Абай Құнанбаев «Күз» - Тайыр Жароков «Ауыл күзі» - Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен» Қарашы далаға, Реңі сары ала. Пісті алма албырап, Сарғайды бал құрақ Аспанда қаптаған Бұлт тыным таппаған Жөңкіліп көшеді, Суық жел еседі. Алқаптан бидайды Қоймаға ел жинайды. Тырнасы тізілген, Ұнатам күзді мен
-Күз туралы біздің сыныптың да оқушылары шағын шығарма жазыпты. Солардың кейбіреулерін оқып тамашалайық -Балалар, енді жұмбақ шешіп көрелік
Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды (Шегіртке)
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр, Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа) Ұзын мұртты сарылар, Қойынында наны бар - бидай -шеңбер жасап өседі Желмен бірге көшеді қаңбақ
«Шегіртке мен құмырсқа» сахналау
- Күз мезгілін суретшілер де бейнелеген. Солардың бірі орыс халқының атақты суретші- пейзажисі Исаак Левитан Оның шығармасы «Алтын күз деп аталады. - Күз мезгіліне арнап біздің де оқушылар сурет салған, тамашалайық. - Күз мезгіліне арнап сазгерлер ән шығарған екен. Поляк композиторы Фредрих Шопен өзінің пьесасын күзге арнапты Тыңдап көрелік
Қараша Ұйқасын тап ойыны
1. Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты-(шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені)
3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты....(таңқұрай)
1) Тиінге жаңғақ жинауға көиектесейік 2) көзді байлап муляждан жеміс -көкөністердің атын айту 3) ән айтудан жарыс
Туған күн иелерін құттықтау Ән « Ертегілер»



© 2010-2022