Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Социал негізгі мектебі

Тақырып: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: жақсылық, қайырымдылық,қамқорлық Мұғалiм: Сейдахметова Асемгуль Нуржанқызы Сынып: 1
Сабақ мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға және өмірде қолдана білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: -жақсы,жаман туралы түсінік беру; -жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; -жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  1. Тыныштық сәтi.
А.Енсепов «Детство» күйін тыңдатамын. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріңдер, орындарыңа ыңғайланып отырыңдар. Қолдарымызды тіземізге қойып,көздерімізді жұмамыз. Көз алдымызға алмалы бақтың ішінде жүргенімізді елестетеміз.Әсем,жұпар сепкен алмалы бақтың ішін аралап жүрміз,ауаны терең жұтып,еркін тыныстаймыз. Қолдарыңды созып, піскен қып-қызыл алмаларды алыңдар. Алманы тістеп көріңіздер,қандай дәмді десеңізші.Бақтың шипалы ауасы тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді алмалы бақтан алған әсерлерінді бойларымызда сақтаймыз жаймен сынып ішіне оралып,орнымызды табамыз да көздерімізді ашамыз. Соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.
  1. Үй тапсырмасын тексеру
-Сыйласу,сыйластық дегеніміз не? -Сыйласаң - сыйлы боласың дегенді қалай түсінесің? -Жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы не айтар едің?
Сабақ барысын талқылау:
  1. Дәйек сөз

Жақсы болу-өз қолыңда

Халық даналығы

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
  • Халық даналығының дәйек сөзімен келісесіздер ме?
  • «Қиянат жасамау» дегенді қалай түсінесіңдер?



  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

Мәтінмен жұмыс Айдана мен Ақжолтай Айдана-әйбат қыз.Ешкіммен ренжіспейді.Түрі де сүп-сүйкімді.Аузы оймақтай, мұрны түймедей, маңдайы жарқырап, көздері нұр шашып тұрады. Тіпті, осынау қуыршақтай қыздың жүрегінің нәзіктігін үй жануарлары да сезетіндей. Бірде Айдана анасымен бірге емханадан келе жатқанда соңдарынан бір қара ала мысық мияулап қалмай қойды. Бейшараның даусы сондай аянышты еді. Әлдекімнен жәбір көргендей «мені мұнда тастамай алып кетіңдерші» дегендей жалына мияулайды. Айдана оны бауырына басып,сипалап жұбатқан болып еді,анасы шыр-пыры шығып, маңына жолатпады. Алайда Айдана оған бола райынан қайта қойған жоқ. Қайта, осы бір жүрек тебірентер оқиғадан кейін мысық десе, ішкен асын жерге қоятын болды.Сол-ақ екен, ауладағы бала біткен оған түрлі-түрлі мысықтарды әкеле бастады. Бірақ Айдананың анасы олардың бірінде жаратпады. Сөйтсе,әңгіме мысықта емес, Айдананың анасында болып шықты.Ол өмірі мысық асырап көрмепті.Мысығы бар үйге барса, аузына қылшық түсіп кетердей жиіркеніп, кеткенше асығады екен. Мұны сезген Айдана қоярда-қоймай, айтқанын орындатып тынды. ...Кіп-кішкене мысықтың үйге әкелінуі Айдана үшін естен кетпес оқиға болды. Әуелі оны анасы балаша мәпелеп шомылдырды. Үсті-басын сүртіп, жүнін мұқият тарап,қылшығынан арылтты. Сол-ақ екен, ақ мысық мұнтаздай тазарып, кісі қызығарлықтай әдемі болып шыға келді. Енді Айдана мысығын қасынан тастамайтын болды. Қайда барса да алып жүретін болды.Бұл достықтың өзіне үлкен септігін тигізерін сәби жүрегі сезгендей екен.Айданаға бір жылдан бері шиқ-шиқ еткен қу жөтел жабысып еді. Анасы екеуі емхананың табалдырығын тоздырса да, еш нәтиже бермеген. Міне,қызық ! Айдана ақ мысықпен достасқан соң, көп ұзамай-ақ сол жөтел сап тиылды.Содан бастап ақ мысық Ақжолтай атанып кетті.

(Оқушылар жауабын тыңдау, қорытынды шығаруға сұрақтар қою арқылы көмектесу)

-Әңгімеде айтылған Айдананың бойынан қандай қасиеттерді байқадың?

-Айдана мен анасы жолда неге кезікті?

-Айдананың анасы не себепті мысықты асырап алуға қарсылық білдірді ?

-Әңгіме саған несімен ұнады?

-Айдананың жасаған жақсылығы өзіне қайтарылды ма?

- Әңгімеде қиянат жасамау туралы сөз қозғалды ма ?

(Оқушылардың жауабын тыңдаймын және толықтырамын)



  1. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

1 тапсырма. Балаларға қағаздан екіге бүктеліп жасалған, сыртқы бетіне «Жақсы бала» деп әдемі жазулармен жазылған, ішкі беті жолдарға бөлінген кітапшалар таратылып беріледі.Кітапшаның 1-ші жолына өзімен қатар отырған сыныптасының есімін, келесі жолдарға оның жақсы әрекеттерін және соңынан өз есімдерін жазады.Тапсырма орындалып біткесін, балалар кезегімен кітапша ішіне жазғандарын оқиды.

2 тапсырма

Мақалды жалғастыр

Мысалы: Әдептілік белгісі- .... ......

Әдепті бала - ... .....

( оқушылар кезектесіп жалғастыра береді)

  1. Топпен ән айту
Ә.Дүйсенбиевтің әні «Не деу керек ?» орындалады
  1. Үй тапсырмасы. Жақсы болу- өз қолыңда тақырыбына шағын эссе жазып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.
Р.Тышқанбаев «Жақсы бала» өлеңі баяу музыкамен оқылып, сабағымызды қорытындылаймыз.




Социал негізгі мектебі









Ашық сабақ:











Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Сейдахметова Асемгуль Нуржановна









2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022