Конспект интеллектуальная игра Зеректер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зеректер» сайысы

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.
2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ;

Әдісі: көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер , қабырға газеті ,кестелер ,сөзжұмбақтар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің атын,ұранын айтады.

2 -кезең: «Жұмбақ есептер»

3-кезең: «Ой қозғау » ойыны.

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.

5-кезең: «Сөзден сөз жаса »

6-кезең:«Аяқтай біл »

1-кезең Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.

«Алғырлар» - тобы. Ұраны. «Қандай сынақ болса - дағы беріспе

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

«Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар »

2-кезең «Жұмбақ есептер»

1-топ

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
2-топ

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

Түсіндіру:

Ұялы телефонның пайдасы ең негізгі әрі тиімді байланыс құралы болып табылады. Бұл пайдалы жағы болса, сонымен қатар зиянды жағы да қатар жүреді. Ұялы телефонды он жылдан бері ұстап жүрген адамдар қатерлі ісік ауруына шалдығады. Қазіргі уақытта осы құрылға арқылы науишник арқылы әуендер тыңдайды. Ол адам ағзасына өте зиянды, әсіресе есту мүшесі-құлақ. Құлақтың сыртқы бөлігі қабынады, сонымен қатар миға да зақымын тигізеді. Ұялы телефонды денеңе жақын ұстауға болмайды. Себебі, денеңе улы ултракүлгін сәулелер шашырап, сол жерге түрлі жаралар мен қатерлі ісік ауруына шалдығады.

Компьютер арқылы біздер жазу жаза аламыз, сурет сала аламыз, музыка, кино көре аламыз. Сонымен қатар балалардың жақсы көретін ойындарын ойнай аламыз. Тышқанның қолдың бұлшық еттеріне әсері бар. Компьютердің әр бір құрылғысының зиянды жақтары бар. Мысалы, монитордан шыққан ултракүлгін сәулелері көзге, кеудеге зиянын тигізеді. Балалар күніне компьютер алдына 20-25 минут қана отыру керек.Сондықтан балалар компьютер алдында ұзақ уақыт отырмаңдар!

4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы. Төртбұрыштың орнына сан қойып,мақалды оқу.

1-топ І1-топ

Ер .......рет өледі, ....рет өлшеп,

Қорқақ ....рет өледі. ....рет кес.

......құзғын таласса, .......кісі қазған құдықтан,

.......қарғаға жем болар. ......кісі су ішеді.

....тістен шыққан сөз, Білгенің бір ....

.....рулы елге тарайды. Білмегенің .......

-кезең:«Аяқтай біл » Суретті аяқтау.

Осы екі бетте аяқталмаған кескіндер салынған. Егер оған сызықтар қосса, онда қызық заттар немесе суреттер пайда болады. Бұл тапсырманы орындауғы 10 минут беріледі. Басқа ешкім ойластыра алмайтын етіп, суретпен оқиға табуға тырысу керек7. Сурет үшін қызықты атты ойлап тауып, оны суреттің төменгі жағына жазып қою.

ІІІ. Қорытынды.







«Зеректер» атты интеллектуалды сайыс (3,4- сыныптар)

Мұғалім:
- Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
- Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Бұл сайыс - үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: жоспары, интерактивті тақта.
Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысатын оқушыларды анықтау. Топтарға бөлу. Жарыс ережесімен таныстыру.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қонақтар және оқушылар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар.
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқығандар.
- Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңдар:
1. Таныстыру және топ басшысының тілектері.
2. «Жалғасын тап» ойыны.
3. Кім шапшаң?
4. Сен білесің бе? Сұрақ - жауап алысу
5. Мәтіннің мазмұнына сәйкес мақал - мәтел жазу.
6. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу)
7. «Іздеген жетер мұратқа». Сиқырлы ұяшықтар.
8. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.
9. Поэзия минуты.
Мұғалім: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Зеректер» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3, 4 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады.
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ - қазылармен танысайық.
ІІ. Ойын барысы.
1 сайыс. Таныстыру және топ басшысының тілектері.
І - топ -
ІІ - топ -
2 сайыс. «Жалғасын тап» ойыны. (Мақалдар)
І - топ «Алғырлар»
а) Күш - білімде, білім -....... (кітапта)
ә) Көп жасаған білмейді,-
....................................... (Көп көрген біледі)
ІІ - топ «Зеректер»
а) Білім қымбат,................ (білу қиын)
ә) Ердің атын.................. (еңбек шығарады)
ІІІ - топ «Тапқырлар»
а) Ақыл - тозбайтын тон
.......................................... (Білім - таусылмайтын кен)
ә) Шебердің қолы.................. (көпке ортақ)
ІY - топ «Дарындылар»
А) Оқусыз білім жоқ,
..................................... (Білімсіз күнің жоқ)
Ә) Еңбек ерлікке жеткізеді,
.......................................... (Ерлік елдікке жеткізеді)
3 сайыс. Кім шапшаң?
І - топ «Алғырлар»
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.
ІІ - топ
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
І - топ
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
ІІ - топ
Қыс қатты - ақ
Қыспаққа ап,
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.
4 сайыс. Сен білесің бе? Сұрақ - жауап алысу.
І - топ
1. ҚР - ы өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16 желтоқсан)
2. Ата заңымыз қай күні, қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995 ж)
3. Бес асыл, бес дұшпан туралы өлеңді кім жазған? (А. Құнанбаев)
4. Жеті күнді атаңдар. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі(
5. Түйе малының сүтінен дайындалатын сусын қалай аталады? (шұбат)
ІІ - топ
1. ҚР - ның мемлекеттік Елтаңбасының авторларын ата. (Шот - Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Біз қай облыста тұрамыз? (Маңғыстау)
3. Күйді орындайтын адамды кім дейді? (күйші)
4. Өз алдына дербес мемлекет. (Тәуелсіз)
5. Ай атауларын ата. (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)
І - топ
1. ҚР - ның Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Президент халыққа не жолдады. (Жолдау)
3. Адам денесінде неше жұп қабырға бар? (12 жұп)
4. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы)
5. Жаяу Муса кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер? («Гаухар тас», «Бозторғай», «Ақсиса»)
ІІ - топ
1. Биыл ҚР - ның Тәуелсіздігіне неше жыл болады? (23)
2. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
3. Екі ақынның өлең жарысы қалай аталады? (Айтыс)
4. Жеті атаны айт. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
5. Қазақ үйдің бөлшектерін ата: (шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)
5 сайыс. Мәтіннің мазмұнына сәйкес тақырып қойып, сәйкес мақал - мәтел жазу.
І - топ
Егін жинау
Жаздың ортасы. Биыл егін өте бітік шықты. Шаруашылық егін жинауға кірісті. Егіншілер астықтан мол өнім алды. Халықтың қуанышында шек жоқ. Астық көп еңбекпен өндіріледі. Еңбек ете білу - адамдағы ең үлкен қасиет.
ІІ - топ
Менің досым
Алмас деген досым бар. Ол үшінші сыныпта оқыды. Әпкесі Гауһар алтыншы сыныпта оқиды. Ағасы Берік сегізінші сыныпта оқиды. Бәріміз жетінші мектепте оқимыз. Алмас өте зерек. Ол сабақты жақсы оқиды. Мен досымды мақтаныш етемін.
І-топ
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын болатын. Талғаттың ұшағы әуеге тез көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр еді. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қаша бастады. Талғат жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындады.
ІІ - топ
Ұқыпты бала
Қайсар жасынан тіл алғыш болып өсіп келеді. Үлкеннің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өзінің киімдерін бір жерге қойып дағдыланды. Ойыншықтарын да белгілі жерге жинайтын болды. Ойыншықтың сынғандарын жөндейді. Өз төсегін өзі жинауды үйренді. Төсектің үстіне киіммен отырмайды. Бөлмесін таза ұстайды.

6 сайыс. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу)
Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден,
Мағыналы сөз құраймыз.
Здбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас

7 сайыс. «Іздеген жетер мұратқа». Сиқырлы ұяшықтар (әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.
- Ал дайынбыз ба? Кезек 1 - ші топта.
Әдебиеттік оқу
1. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Сабалақ)
2. «Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
3. Абылай ханға Төле бидің қойған аты. (Сабалақ)
4. «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? (Ы. Алтынсарин)
5. «Әке арманы» мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш)
6. «Білімдіден шыққан сөз» кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
7. Өмірде болған адамға қатысты құралған халық шығармасы? (Аңыз)
8. Үш биді ата: (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
9. «Халық қорғаны» мәтініндегі батыр кім? (Қаракерей Қабанбай)
Математика
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар: (мм, см, дм, м, км)
2. Шаршының қабырғасының ұзындығы 4 см боса, периметрі нешеге тең? (16 см)
3. 9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (36)
4. Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды? (3)
5. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер: (тік төртбұрыш, шаршы,..........)
6. Санды нөлге көбейткенде мәні нешеге тең болады? (нөлге)
7. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
8. 45 пен 9 бөліндісі нешеге тең? (5)
9. Бөлу амалының компоненттерін ата: (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
Қазақ тілі
1. Мәтіннің түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша(
3. Негізгі сөйлем мүшесін ата. (бастауыш)
4. «Көлшік» сөзінің түбірін тап (көл)
5. Не істеді? Қайтты? Не қылды? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (баяндауыш)
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке: хабарлы, сұраулы, лепті)
7. Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
8. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап. (ержүрек, батыл, қайсар...)
9. «Отыз жеті» сөзі қай сөз табына жатады? (сан есім)
Дүниетану
1. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
3. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
4. Сезім мүшелеріне нелер жатады? (көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)
5. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта(
6. Көкжиектің неше тұсы бар? (4 тұсы бар(
7. Қу жануар. (түлкі)
8. Адамның ішкі мүшелері нешеу және оларды ата: (өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, ми, жүрек, қарын, қуық)
9. Тәжірибе дегеніміз не? (шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу)
8 сайыс. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.
- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастап орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар. Ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
Сондықтан кәзір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар.
І - топ
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті - ақ. (Қант - сахар)
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю - медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған. (Бор - мел)
ІІ - топ
1. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша - елка)
2. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп - школа)
3. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап - книга)
9 сайыс. Поэзия минуты.
Адамдық - борышың,
Халқыңа еңбек қыл....
Жүргізуші.
Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Жарыстың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
ІІІ. Жарысты қорытындылау.



© 2010-2022