План-конспект урока окружающему миру на тему Сусыз тіршілік жоқ (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

Тақырыбы: Сусыз

тіршілік жоқ

2а сынып

Мұғалімі: Тауарбекова А

Дүниетану

Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ

Мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлар тіршілігі үшін судың маңызын түсіндіру. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Жануарларға қамқорлық жасай білуге баулу.

Көрнекіліктер: жануарлар суреті, тірек сызба.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, дәлелдеу

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Жарық- жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай » тақырыбы бойынша әңгімелету

  1. Өткен сабақты қорыту

Жануарлар тіршілігіне қандай жағдайлар қажет? (дәлелдету)

  1. Жаңа білімді меңгертуге даярлау.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатын хабарлау.

  1. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

(Су)

Олай болса бүгінгі сабағымыз су жөнінде болмақ.

Судың қасиеттерін еске түсірейік (жасаған тәжірибелерді еске түсіру).

Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау-бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер- нулы жер» дейді.

Адам денесі де судан тұрады. Салмағы 70кг адам денесінің 50кг су болады.

Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған. Жер шарында көп тараған сұйық зат су. Оның көлемі құрлықтан 3 есе. Жер бетін 70% су алып жатыр. Көптеген жануарларда адамдар сияқты су ішеді. Олар сусыз тіршілік ете алмайды. Кесіртке, түйелердің шөлге төзімділігі туралы әнгімелеу.

  1. Жаңа білімді тексеру.

«Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? (дәлелдеңдер?)

  1. Сабақты қорыту

Тірек сызба арқылы сабақты қорыту

Суды қорғау керек екенін әнгімелету.

Суды улама, суға түкірме.

Су анасы-бұлақ

Су жүрген жер береке.

  1. Үйге тапсырма. Бағалау

Үйден оқулықтағы 85-бетті оқу, су туралы мақал- мәтелдер жаттау.

© 2010-2022