Ашық тәрбие сағаты Біз бақытты балалар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Біз - бақытты балалар. Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған тіл, ата -ана, ұстаз, мектеп туралы түсініктер арқылы олардың қадір - қасиетін, мақтанышы мен амандығы балаларды бақытқа бөлей тіндігіне түсініктер қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке, Отанын, елін, ата - ана, туған тілін сүюге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушыларды Отанына, туған тілі, ата - анасы және мектеп өміріне көз қарастарын қалыптастыру, оларды сүю, тіл байлықтарын, түсініктерін дамыту. Патриоттық сезімге баулу. Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреттері мен кітаптары. «Бөбек» қорының пре- зиденті С.А. Назарбаеваның суреттері мен кітаптары. Нақыл сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақтың жүрісі. 1.Ұйымдастыру бөлімі. 2.Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі. - Оқушылар бүгінгі бізде өтетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Біз - бақытты балалар» атты тақырыпта өтеді. Бұл тақырып бойынша біздер көптеген нәрселерді үйреніп, танысамыз және ата - ананы сыйлап, Отанынымызды сүю, туған тілді қастерлеу сияқты қасиеттірді бойымызға сіңіріп, түсінуге тырысамыз. - Бала тәрбиесіне ата - бабаларымыз өте ерекше мән берген. Бала ұрпақ жалғасы. Ата - ананың қуанышы, Ертеңгі ел қорғар азамат деп, бала тәрбиесіне зор көңіл бөліп, бақытты өмір сүруіне барлық жағдайды жасаған. «Баланы - жастан» деп өнерге, ептілікке, батылдыққа, арлы болуға, ата - ананы қадірлеп, Отанды қорғауға тәрбиеледі. Міне, сол ата- баба дәстүрі жалғасын табуда. Қазіргі кезде ата - ана да, үкіметіміз де бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың денсаулығы мықты білімді азамат болып, бақытты өмір сүруіне барлық жағдайды жасап отыр. - Міне біздер бүгінде 21 ғасырдың ұландарымыз. 3 мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Біздер барлығымыз бақытты балалармыз деп айта аламыз. Себебі біздің Отанымыз тыныш, бейбітшілік аясында өмір сүруде. Туған тіліміз әрбіреуіміздің ата - анамыз, бауырларымыз бар, саналы да, сапалы білім алып, тәрбиеленуге мектеп және білім нәрін себетін санамызға дәнекер ұстаздарымыз бар. Осылардың барлығы яғни олардың тыныштығы, амандығы біздің бақытты өміріміздің бір айнасы. - Біздің еліміз - Қазақстан. Жері кең, байлығы көп дархан ел. Еліміз тыныш, бейбітшілік туы аясында өмір сүріп жатыр. Біздің бақытты өмірімізге ең алдымен Отанымыздың тыныштығы, мәртебесінің биіктігі. Олай болса, білетіндерімізді ортаға салайық. 1 - оқушы: Біздер 21 ғасырдың бақытты ұландарымыз. Себебі, еліміз егеменді, тәуелсіз Мадина. ел - Қазақстан. 2 - оқушы: Иә, Қазақстанның әрбір бүлдіршін балалары бақыттымыз деп айта алады. Бейнеубек. Біз қазақ елінің ұландарымыз. 3 - оқушы: Біздің еліміз әруақытта тыныштықты қалайды. Біздер татулық пен ынтымақ Ахат. тастықпен өмір сүруді қалаймыз. 4 - оқушы: Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан кең байтақ ел. Қазақ елінің балала Айхан. ры бейбітшілік аясында өмір сүреді. 5 - оқушы: Еліміздің өз алдына көк туы, алтын қанатты, қыран құсты елтаңбасы Перизат. және әнұраны бар. 6 - оқушы: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев. 7 - оқушы: Әйнегі - күн, шатыры - аспан, Данияр. Кең дала төсі толған егін. Көгілдір көкке күмістер шашқан, Қазақстан Республикам менің ! 8 - оқушы: Қазақстан Отаным дархан елім, Жантілек. Мақтанышпен айта алам бақытты елім . Бейбіт өмір, тыныштықты қалайды, Қазақстан Республикам менің ! Хор: Менің Қазақстаным. Мұғалім сөзі. - Міне балалар, өздеріміз айтқандай Отан дегеніміз - адамдардың туып - өскен жері, туған - туыстарымен бірге тұратын атамекені. Қазақстан елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. - Міне , осындай кең байтақ республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері,кенге толы байтақ өңірі, малға толы өрісі Қазақстан республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары сендерге өсиет болып қалады. Қазақстан республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. 9 - оқушы: Біздің еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Әр адам өз елінің тілін сүйеді. 10 - оқушы: Тіліміздің мәртебесі биік болса, біздер үшін бақыт болары сөзсіз. 11 - оқушы: Туған тілім - бабам тілі өз тілім, Ақерке. Туған тілім - анам тілі өз тілім. Туған тілім - далам тілі өз тілім, Туған тілім - адам тілі өз тілім. 12 - оқушы: Сүйемін туған тілді - анам тілін, Тұмар. Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Шыр етіп, жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім. 13 - оқушы: Біздер өз тіліміздің мәртебесін көтеріп, асқақтатар ұландар болып өсеміз. 14 - оқушы: Тіл ырысың, өрісің. Елдос. Тіл көктегі ғажап күн. Ғажап күнсің мен үшін, Бабам тілі қазақ тіл. Барлығы хормен: Тілімізді көтерейік биікке, Бар әлемге таныла бер сүйікті ел ! Мұғалім сөзі. Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі. Туған тіл де біздер үшін бақыт екен. Бала бақыты ата - анасы. Біздер әр уақытта ата - анамыздың амандығын, саулығын тілейміз. Олардың амандығы біз үшін үлкен қуаныш.Ата - анамыздың арқасында біздер еш уайымсыз, қайғысыз оқып, білім алып осындай әдемі балалар болып отырмыз. Сондықтан ата - анамызды сыйлауға, оларды шексіз сүюге, айтқандарын тыңдауға үйренуіміз керек. 15 - оқушы: Ата -ананы сүю парыз, Бақытжан. Сүю үшін сыйлау парыз. Ата - анамыз аман болса, Шаттанамыз, қуанамыз. 16 - оқушы: Ана, әке деген сөзді сүйіңдер, Шаттық. Оларға да сүйеніш боп жүріңдер. Әкетайым, анашымсың өзімнің, Қамқоршымыз өмірдегі ол сендер. 17 - оқушы: Ана деген үш әріпті құрметте, Алмат. Айтқан сөзін ей, балалар екі етпе, Анадан артық дүниеде тең келер, Ешкімің жоқ аналарды ренжітпе. 18 - оқушы: Анамыз ғой бізді әлпештеп, аялайтын, Бақытжан Ж. Бар тәттісін, бар жақсысын аямайтын. Біздер үшін төрт бөліп, түн ұйқысын, Өсірген де ана ғой аялаймын. 19 - оқушы: Әке деген ол үйдегі отағасы, Жеңісбек. Тең келеді асқар таумен тұлғасы. Әрбір бала әке үлгісін үйреніп, Әкелерін құрметтейді кәрі - жасы. 20 - оқушы: Әкені де, ананы да сыйлаңдар, Ақмырза. Олар біздің бақытымыз балалар. Олар күлсе, біз күлеміз жайраңдап, Ата - ананың бақыты да балалар. Ән: Бала тілегі. Мұғалім сөзі. Сонымен міне, Отан, туған тіл, ата -ана біздің жарқын бақытымыз.Біздер солармен бірге бақыттымыз. Ал мектеп анамыз бен ұстаздарымыз ше? 21 - оқушы: Біздің еліміздің басты міндеті балалардың мектепке баруы. Одан еркін, Аңсаған. саналы білім алуына жағдай жасалған. 22 - оқушы: Демек дені сау әрбір бала, мектептен білім алып, тәрбиеленуге міндетті Мадина О. міз. Мектепте білім беріп, тәрбиелейтін ұстаздарымыз. 23 - оқушы: Мектебіміз үлкен, әрі әдемі. Мектеп бізді он бір жыл тәрбиелейді. Біз Талғат. мектебімізді жақсы оқып, егемен еліміздің білімді ұландары болып өсеміз 24 - оқушы: Мектеп тірегі ұстаздар. Ұстаздар да анамыздай аналар, апамыздай апалар Бауыржан. Сондықтан ұстаздарымыз аман болса екен деп тілейміз. 25 - оқушы: Мектепті ұстаздар марқайтады, біздер ұстаздарымызды марқайтамыз. Бізге мектеп анамыздай, ұстаздарымыз да анамыздай. Олар аман болса біздер бақытты ұландармыз. Мұғалім сөзі. Демек, Отанымыздың, еліміздің болашақ ұландары кімдер болмақ? Бірінші қатар хормен: Біз Отанның жеткіншек ұланымыз, Бейбітшілік, тыныштық ұранымыз. Әрқашанда дайынбыз бәрі үшін, Алғы шепте сап түзеп тұрамыз біз. Екінші қатар хормен: Біз қазақтың жасампаз жас ұланы, Күлкімізден күн нұры шашылады. Жақсы оқысақ ғылымды армандасақ, Барлық жолы бақыттың ашылады. Үшінші қатар хормен: Шақырады ойнасақ гүл даламыз, Туған тілден нәр алып нұрланамыз. Болашаққа көк тумен желбіреген, Жас ұландар сап түзеп біз барамыз. 3. Сабақты қорытындылау. - Мына суретте кімді көріп тұрсыңдар? (Баланы, Н. Назарбаевты) - Суреттегі «Бақытты бол, айналайын» сөзін оқытамын. Сол сөзді түсіндіріп кетемін. - Кітаптармен таныстыру. (Н. Назарбаевтың мектептегі балалармен кездесуі, жылда өтетін президенттік шырша жанындағы балалармен ,бірге өткен сәттерін әңгімелеп кету.) - «Бөбек» қорының президенті С. Алпысқызының балалармен жүздесу сәтін түсіндіру, баяндау. - Сөзжұмбақ шешу. О Т Б А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н Н А З А Р Б А Е В А Н А Сұрақтары: 1. Бір үйдегі мүшелердің аталуы. 2. Қазақ елінің Отаны. 3. Елбасымыз кім? 4. Өмірдегі ең жақын адам. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? - Сабақта не үйреніп, не білдік? 4. Сабақты аяқтау.





















© 2010-2022