• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «диалог арқылы оқыту» модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «диалог арқылы оқыту» модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенжебаева Лайла Берикболовна Мұғалім портфолиосы А есебі

№ 1 топ ІІІ-деңгей

Өскемен қаласы 14 қараша 2014

0А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «диалог арқылы оқыту» модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп.


Диалогтік оқыту Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан жаңарту - мұғалімнің ойлауын, көзқарасын жаңаша өзгертіу деген сөз. Осы міндетті іске асыру мақсатымен, үшінші деңгейлік білім жетілдіру курсынан менің үйренгенім де өте көп болды. Біліктілікті арттыру Бағдарламасындағы жеті модульді бір - бірімен ықпалдастыру барысында ұсынылады. Осы жеті модульдың ішінде менің басты тоқталатыным «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі. Тәжірибе бастауыш сынып оқушыларына енгізілетіндіктен, оқытуда модульдың «Сыныптағы диалогтың маңызы» бөлімін таңдадым. Себебі, сабаққа зейіні, қызығушылығы аз оқушыларым диалогтік әңгімені дамыту барысында өздерін - өздері, бірін - бірі оқытуға ұмтылып, оқуға деген, білім алуға деген көзқарастары өзгерді. Диалогтік әңгіме арқылы оқушылар өз ойларын білдіруге, басқалардың көзқарасын, идеяларын түсінуге, өз идеяларын дәлелдеуге, әңгіме - дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме жүргізу арқылы білім алуда нәтижеге қол жеткізгендіктен осы модуль идеяларын жүзеге асыру маңызды деп санадым. Осы тұрғыда мен, қалай оқу керектігін үйренуді қарастыру үшін оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп диалог арқылы өзгерту деп алдым. Лев Выготский когнетивті дамудың, оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арада даму аймағы» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Жақын арада даму аймағында оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін анықтайды. Бұл тасырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуге тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым - қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны білім берудің негізгі құралы деп есептейді. (МАН. 38 бет). Мен өз тәжірибемде оқытудың жаңа бір тәсілі, диалог арқылы оқытуды қалай қолданғаным туралы тоқталып өткім келеді. Кез келген ұстаз диалогтік оқытуды осы күнге дейін қолданып жүргені сөзсіз. Десек те, осы тәсілді өз дәрежесінде, әрбір әдіс - тәсілдерін тәжірибемізде тиімді қолданып жүрміз бе? Мен тәжірибелік кезеңге келгенімде, осы жоғарыда айтылғандардың маңыздылығы жаңа бір қырынан ашыла түскендей болды. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін, соның ішінде диалогтік тәсілдерді қолдана отырып, келесідей мақсаттарға жетуге тырыстым.

  • Оқушыларға жаңа тақырыпты, жаңа қырынан тереңірек түсінуге көмектесу;
  • Пәнге деген қызығушылықпен арттыру;
  • Оқушылардың бір - бірін оқтуына мүмкіндік беру
  • Оқушылардың ынтасы мен қарым қабілетін дамыта отырып, кері байланыс жасауға үйрету.
Мектептегі тәжірибе кезінде 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасын таңдадым. Мен жетекшілік ететін сыныбымда 16 оқушы бар. Оың 13 - і ұл, 3-і қыз оқушылар. Бұл сыныпта білім сапасы 76 % болды. Оның алтауы оқу озаттары, жетеуі оқу екпіндісі, қалған үшеуі орташа оқитын оқушылар. Сыныптың жан - жақтылығы, 17 - ұпай, жауапкершілікті сезінуі 18- ұпай, ыетымақтастығы 16- ұпай болып, жүргізілген сауалнама негізінде сынып ұжымның даму деңгейі көрінді. Оқушылармен әңгіме барысында олардың тіл пәнінен қиындық туғызатын мәселелер бар екенін анықтадым. Ата айтсақ, сөздік қорларының аздығы, тілдік мәтінмен жұмыс жасауға мүлде құлықсыз екендіктері, материалды терең меңгеруге ұмтылмайтындықтары, оқуға деген қызығушылықтарының бәсеңдігі маған ой тастады. Зерттеу жүргізіп бақылауға дарынды оқушым «Е», ұяң, сабақты «4» пен «5» - ке оқитын «А1» , жуас, әрі енжар оқушы «Р» - ны алдым. Тәжірибелік кезеңімде сабақтарымда алғашында оқушыларым топтық жұмыс жасау арқылы білім алатынымызға таңырқай да, тосырқай қарады. Сыныбымдағы он алты оқушыны төрт-төрттен төрт топқа бөлмес бұрын байқасам, үздік оқитын оқушылар бір бөлек, қыздарым бір бөлек отырып алған екен. Бұл жерде мен өз көшбасшылығымды көрсетіп олар ойламаған тәсілмен, «Жануарлар» - дың суреттері арқылы топтарға бөліп отырғыздым. Бұлай отырғандарына риза болмай- осылай отыра берейіші, мен «Р» мен отырғым келмейді- деп қарсылық білдірген балалар да болды. Осындай қарсылықтан кейін жоспарлап алып келген сабағым, оқыту тәсілім дұрыс жүзеге аспай қалама деген үрей болған болды. Бірақ мен қателескен екенмін. Оқушыларым топқа бөлінуді, топтасып жұмыс жасауды қатты ұнатты. Жұптық, топтық жұмыста барысында бір - бірімен ынтымақтастықта, бәсекелестікте жұмыс жасағандары маған қатты ұнады. Тізбектелген сабақтар топтамасыннан алынған бірінші сабағым екінші сыныпта қазақ тілі пәнінен «дауыссыз Қ мен Ғ дыбыстары» болды. Оқушылар мен мұғалім арасындабелсенді қарым-қатынас орнату үшін, сабағымды жағымды психлолгиялық ахуал тудырудан бастадым. Шаттық шеңберіне тұрып, оқушылар бір - біріне жақсы тілектер тіледі. Сыныбымды топқа бөлуде, әр түсті қоңырауларды пайдаландым. Әртүрлі қоңырауларды алған оқушылардың жүзінен қуаныш лебін байқадым. Бір - біріне қоңырауларын көрсетіп, түстерін салыстырумен әлек болды. Осындай оқушылардың бойынан қуаныш белгісін байқағаннан кейін өзімнің де сабаққа деген құлшыным артып, шығармашылық деңгейде сабағымды өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын, оқушылардың сыный көзқарастарын қалыптастыру мақсатында, сыный сұрақтарды қойдым. -Қалай ойлайсыңдар тіл дыбыстары нешеге бөлінеді? - біз өткелі отырған Қ мен Ғ дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? - деген сауалдарды қоя отырып, олардан сыный жауаптарды алдым. Мысалы М: -тіл дыбыстары екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз. Соның ішінде біз өткелі отырған Қ және Ғ дауыссыз дыбыстар. Екеуінің ұқсастығы - екеуі де дауыссыз. Айтқанда көп ажырата алмайсың, айырмашылығ біреуі - қатаң, біреуі - ұяң дыбыс. Диалогтік оқыту мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында жүріп отырды. Оқушылар бір - біріне сұрақ қойғанда, бірінің жауабы ұнамай, қанағаттанбай жатса, қайтадан сұрақ қойып, пікір алмасып, құнды ойларын ұсына алды. Бұл кезде оқушылар бір - бірінің жауаптарына қосымша сұрақтар қоя отырып, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдеуге тырысты. Балалар бір -бірімен әңгімелесу, пікірлесу барысында диалогке түсті. Сабақтың барысында оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін бір - бірімен сұхбат жүргізді. Өз ойларын ортаға талқылқыға салып, сыныптстарымен бөлісті. Кейде бір - бірімен келіспей жатқан жағдайлар да кездесіп жатты, әртүрлі ойлар туындады. Әрине бұндай жағдайда көбінесе сыныптағы «А» деңгейлі оқушыларым мен «В» - лар өз ойларын сыный тұрғыда, нақты деректерге сүйене дәлелдей алып жатты. Ал «С» дәрежелі оқушыларым өз ойларын дәлелдеуде қиналып, не болмаса мүлдем үнсіз қалып жатқан кездері болды. Осындай сәтте, сабақ барысында белсенділік танытпаған оқушыларға «Жақын арадағы даму аймағы» негізінде көпіршелер құра отырып, өз көшбасшылығымды көрсете отырып, үлестірмелі карточңкалар бойынша сабақатарға қатыстыруға тырыстым. Ол үлестірмелі карточкаларында мынандай тапсырмалар болды: жоғарға дәрежелі сұрақтар негізінде Қ мен Ғ дыбыстарын салыстыра отырып талдау жасау берілді. Бұл тапсырмаларды С деңгейіндегі оқушылар «жеңіл» қабылдады деп айта алмаймын. Сол себептен де С деңгейіндегі оқушыларға құрдастар тарапынан көмек көрсету үшін, А жіне В деңгейінегі оқушыларға ұсыныс тасталды. Александердың тәжірибеде зерттелген диалогтың бес үлгісінің ішіндегі нұсқаулық мазмұндама бөлімі бойынша, сыныптастар бір - біріне не істеу керектігін түсіндіріп, ақпаратты ұтымды жағынан жеткізе білді. Осының арқасында С деңгейлі оқушылар топтан қалыс қалмай, тапсырма орындауда өз жетістіктерін көрсетті. Оқулықтан жаттығу орындату кезінде «Ойлан, жұптас, талқыла» үш қадамды сұхбат әдісі бойынша топ арасында жұмыс жүргіздім. Бұл әдіс арқылы оқушылар оқулықтағы жаттығуды ең алдымен жеке - жеке оқып, жұпта талқылап, топта нақты ережесін шығарды. Топта орындалған тапсырманы тақтаға жазу үшін әр топтан бір оқушы шығуын сұрадым. Топ басшысынан сұраныс жасалып, тобынан бір оқушыны «делегат» етіп жіберуін сұрадым. Үшінші топтан «делегат» болып ортаға шыққан Қ жаттығуды орындау барысында, мәтінді жатқа жаза отырып, мәтін ішінен Қ, Ғ дауыссыздарын анықтау тапсырмасын жоғары дәрежеде орындады. Оқушының білім деңгейін сыный тұрғыдан ары қарай дамыту үшін, мен өзімнің көшбасшылық қабілетімді пайдалана отырып, мынадай қосымша сауал тастадым: -Қ, Ғ дауыссыздары сөздің соңында кездесе ме? Дәлелде. Осындай сыный сауалға Қ сыни тұрғыда жауап берді: - Қ дауыссызы сөздің кез - келген буынында кездесе береді. Ал Ғ дыбысы буын талғайды, сөздің аяғында кезіккенін байқамаппын -деген жоғары дәрежедегі жауапты берді. Келесі оқулықтағы жаттығу менің Қ-ға қойған жоғарғы дәрежедегі сұрағыма тікелей қатысты болды. Қ мен Ғ дыбыстары сөздің қай буынында кездеседі? Осы тапсырмаға сүйене отырып, ережені өздері шығару тапсырылды. Осы тапсырманы топ барысында оқушылар орындағанда, ынтымақтастықтарының беріктіггінің нәтижесінде екінші топ тапсырманы бірінші болып орындады. Топ басшысы
А1 өзінің тобының тапсырманы бірінші болып орындағанын аса бір қуанышпен жеткізді. Бұл қуаныш олар үшін үлкен жетістік еді. Өйткені үнемі сабақ барысында бұл топ топтың соңында қалып жатушы еді. Ережені айтуда Д өз ойын жүйелі, нақты жеткізуге тырысты. Қалған топ мүшелері оған қолдау көрсете отырып көмек көрсетті, ережені толықтырды. Осы сабақтардан алған білімдері мен сабақққа қатысты ойларын, пікірлерін сұрау арқылы да мен диалог құрдым.Дәстүрлі оқытуда негізгі көшбасшылық мұғалімде ғана болып, мұғалім тарапынан ғана сұраныстар жасалатын, ал қазіргі жаңа деңгейлік Бағдарламада мұғалім тек қана нұсқаушы, жол көрсетуші,ал негізі рөлді оқушы орындайды. Оқушы талқылайды, саралайды,бағалайды,жаңа өнім шығарады. Сабақта тек қана мұғалім ғана сұрақтар қоя бермей, оқушылар да бір-біріне сұрақ қойғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұндай тәсіл оқушыларға қызықты,балалар бір - бірінің сұрақтарына жаап бергенге қығушылық танытады.Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда, басқа кімде қандай ой бар?-деп бағыттап отырдым. Егерде оқушының сұрағыны бір оқушы дұрыс жауап бере алмай жатса, онда жаңағы сұрақ қойған оқушы нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді.Осындай жұмыстың нәтижесінде оқушылардың арасында ой бөлісу, әңгімелесу,пікірлесу арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады, түсінбеген жерлері болса бірлесе отырып шешеді. Негізі осы Бағдарламаны оқығанға деійн сұрақ қоюдан мен қиналып көрмеп едім, бірақ, мектептегі тәжірибе кезеңінде мен дұрыс сұрақ қоюларда біршама қиналдым. Дәстүрлі сабақтарымда мен оқушыларға төмен деңгейлі сұрақтар қойған екенмін ғой -деген ойға келіп, оқушыларым да осындай сұрақтарға оп-оңай жаттанды жауап бере салаып,сол жерде ұмытылып қала берген екен ғой деген ой түйдім. Осы Бағдарламада оқудың нәтижесінде түрлі деңгейлі сұрақтар құрастыруды және әр түрлі мазмұндағы сұрақтар құрастыра қоюдың әртүрлі әдістерін пайдалануды үйрендім.Әсіресе сұрақтардың оқушы ойлауын дамыту мақсатында қойылуына ерекше назар аудардым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41 бет) Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақ барысында сергіту сәтін ұйымдастырдым. АКТ-ны пайдалана отырып,«Қызыл өрік»-ке дене ырғақтарын жасата отырып сергіттім. Осындай сергіту сәтіне кейін оқушыларым да, өзім де бір серігіп қалдым. Сабақта оқушыларға бірін-бірі бағалауда, топтық бағалауда «Ұжымдық шапалақ» әдісі бойынша бағалау жүргіздім. Топтардың бірін-бірі бағалау кезіндегі кері байланыстар ұтымды болды. Бірінші топ, екінші топты бағалауда бес ұжымдық шапалақ сыйлады. Ал екінші топ, бірінші топқа «бес ұжымдық шапалақпен» бірге « екі жұлдыз, бір тілектерін» арнады. Неге мұндай бағалауды ұсындыңдар дегенде: екінші топтың топ басшысы А1: біз тобымызбен ақылдаса келе, бірінші топтың бүгінгі сабаққа қатыстарын жоғары бағалай отырып, бір ұсынысымыз болды. Ол ұсыныс, топтағы мүшелердің барлығы бірдей қатысса деген ой. Бүгінгі сабақтың жетістігі тек топ басшысының еңбегі деп бағалаймын. Осындай сыни бағалауды бірінші топ дұрыс қабылай білді. Үшінші, төртінші топтар да бірін-бірі осындай бағалау түрлерімен бағалап өтті, сыни пікірлер айтылып, сыни көзқарастар қабылданды. Сабақ соңында жиынтық бағаны өзім қоя отырып, бүгінгі сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін айтып өттім. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы менің соңғы сабағым «Н мен Ң дыбыстарына» арналды. Жоғары дәрежедегі сұрақтарды қоя отырып, өткенді еске түсірдік, толығырақ жауап беруге итермелеу мақсатында түрткі сұрақтар қойдым. «Біз Н мен Ң дыбыстарымен осы уақытқа дейін таныспыз ба? Қашаннан бері?, енді сынақтан өткізу сұрағы «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» түрінде болса, қайта бағыттау сұрағы «Көмектесе алатындар бар ма?» деген сұрақтар болды. Осындай түрткі сұрақтар қоя отырып, оқушылардың сабақққа деген қызығушылығымен қатар, сабаққа деген бағыт - бағдарларын анықтадым, сабағыма нақты мақсат қоя білдім. Келесі кезеңдерде топтық жұмысты ұйымдастыруға бағыттадым, топтық жұмыстың мазмұнын оқушыларды шеңберге отырғызу арқылы айтқыздым. Құрылымы: бір оқушы бастап, басқасы кезекпен қостап Н және Ң дыбыстары кезігетін сөз немесе сөз тіркестерін айту еді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы «Мен өткізіп жіберемін»-деп өз кезегінен бас тартуға құқылы болды. Осында й әдіс арқылы оқушылардың ынтасы мен қарым -қабілетін анықтап алдым. Жақсы жауап берген оқушыларға «Жарайсың, жауабың негізді болды!»-деген сынды мадақтаулар айтып отырдым. Мадақтау мен жақсы пікірді естіген Б, Ә, А2 оқушылар өздерін сынып арасында көшбасшыдай сезінді. Сонымен қатар оларға тобындағы оқушыларға көмек көрсету жүктелді. Топтық жұмыстар барысында жаңа тақырыпқа байланысты топ аралық жұмыстар жүргізілді. «Сен маған, мен саған» жұптық әдісі бойынша оқушылар бір-біріне түсінгендерін жеткізуге асықты, ести білу, тыңдай білу дағдыларын қалыптастырды. Жұп арасында талқылай отырып, «шығарған өнімдерін» топқа ұсынды. Бұл жұмыс әр топ тарапынан «жұлдызша» беру арқылы бағаланды. Жұлдызды көп жинаған үшінші топ, бүгінгі сабақтың көшбасшысы болды. Сабақтың соңында оқушыларға «Блоб ағашы» әдісі бойынша бағалау ұсынылып, бүгінгі сабақта оқушылар қай деңгейде екендігін бояу арқылы көрсетті. Сонда байқағаным, шынымен де үшінші топ мүшелері сабақ барысында көшбасшы болғандықтарын дәлелдей бояй біліпті. Көшбасшы ретінде жиынтық бағамен сабаққа қатысқан әр оқушыны өзім бағалап өттім. Өткізген әр сабағым жетістікке толы болды деп айта алмаймын. Сабақ барысында кейбір қиындықтар да болды. Жалпы тәжірибе бастаған күннен бастап, оқушылардың бойларынан өздеріне деген сенімсіздікті байқадым. Алғашқы топтық жұмыс жүргізу барысында, сөйлеуге, қозғалуға қорқып, жөнсіз үрейленулер орын алды. Өздері қалыптастырған «Сынып ережесіне» қайта-қайта оралы, еркіндікке үйретіп, бір-бірлерімен жұмыс кезінде өздерін еркін әрі жайлы сезінуге, сыныптас достарымен еркін әңгімелесіп, жүріп тұруға жағдай жасадым. Осындай кемшіліктерммен қатар, біраз нәтижеге де қол жеткіздім:
  • Оқушылар өз ойын еркін айтуға, білдіруге ынталанды;
  • Пәнге деген қызығушылықтары артты;
  • Ести білуге, тыңдай білуге үйренді, дағдыланды;
  • Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануға икемделді
Алдағы уақытта алдыма қойған жоспарым:
  • «Диалогтық оқыту мен оқу» әдәсін сабақта жүйелі түрде қолдану;
  • Бағалаудың формативті және суммативті түрін пайдалану;
  • Оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасау


Пайдаланған әдебиеттер:
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық / Үшінші (негізгі) деңгей
  • Үшінші деңгей курстарының үлестірмелі ресурстары
  • Қазақ тілі оқулығы. 2 - сынып. «Атамұра»
© 2010-2022