Математика Көңілді тапқыштар (математика)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жәйрем № 10 жалпы білім беретін орта мектебі.













тақырыбы:

«Көңілді тапқыштар»

Математика

(шағын орталық)

Өткізген: Жусупбекова Ардак Еркиновна



Ашық сабақ:Матеметика

Тақырыбы: Көңілді тапқыштар

Мақсаты: Балаларға 7 сан көлеміндегі алған білімдерін қалыптастыру. Санамақ, тақпақ өлеңдерді пайдалану.

Көрнекілік:геометриялық пішіндер, карточкалар, санағыш таяқшалары, жемістер: алма, алмұрт, құрастырғыш суреттер.

Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, құрастыру,сәлемдесу.

Сабақ-барысы: Балалар, біз шеңбер құрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан арқылы жылылық таныта тұрып, жақсы лебіздер белгілейік.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Күніміз жарқырасын !

-Деніміз сау болсын!

-Тыныштық болсын!

Еліміз аман болсын!- т.б

Балалар, бүгін бізге өзгеше күн,өйткені бізге ,қонақтар келіп отыр. Кәне қонақтармен амандасайық. Қонақ келсе әрқашан мереке. Сондықтан бүгінгі сабақта мерекелі, өзгеше сабақ болсын.

Бүгінгі математика сабағы «Көңілді тапқыштар» сайысы болады. Ол үшін 2 топқа бөлінейік. Үшбұрыштар командасының капитаны- Нұртай Нұрдаулет

Шаршылар командасының капитаны- Мұқажанов Марғұлан.

Сайысты бастамас бұрын 4 кісіден қазылар алқасын белгілеп алайық. Көп ұпай -ашық түсті гүлдер.

2 команда ұпайларын алдарыңыздағы түрлі-түсті гүлдермен белгілейсіздер.

  1. Сайыс: Сәлемдесу рәсімі.

Шаршылар:

Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз көңіл-күйге сеніңіз.

Қош келдіңіз шыққан күнге өкінбей,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Үшбұрыштар

Қуаныңыз бүгін бізге бәріңіз,

Қуаныңыз көңіл-күйге сеніңіз.

Қуаныңыз шыққан күнге өкінбей,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

-Қазылар алқасы ұпайларды көрсетіңіз

2- сайыс : 1 жыл; 4 жыл мезгілдерін ,апта күндерін сұрау.

1-бала: Мынау-сары қарындаш,

Мұнымен күнді бояймын.

2-бала: Мынау-қоңыр қарындаш,

Мұнымен құмды бояймын.

3-бала: Мынау-қара қарындаш,

Мұнымен түнді бояймын.

4-бала: Мынау-жасыл қарындаш,

Мұнымен жапырақты бояймын.

5-бала: Мынау-көк қарындаш,

Мұнымен тауды бояймын.

6-бала: Мынау-қызыл қарындаш,

Мұнымен қызғалдақты бояймын.

7-бала: Мынау-ақ қарындаш,

Мұнымен аппақ қарды бояймын.

7 саны қасиетті сан: 7 шелпек, 7 апта, 7 түс

«Бір апта»

1-бала: Дүйсенбіде доп ойнадық қорада

2-бала: Сейсенбіде серуен құрдық далада

3-бала: Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп

4-бала: Бейсенбіде би биледік әндетіп

5-бала: Жұма күні жидек тердік қыратта

6-бала: Сенбі күні кино көрдік клубта

7-бала: Жексенбіде үйде болып демалдық

Осылайша өте шықты 1 апта.

Қазылар алқасы ұпайларын көрсетіңіз.

3-Сайыс 2 топтан 2 баладан шығып есеп шығарады.

1+2 3+4 6+1 4+2

Жұмбақтар.

  1. Оң жағымда бес сарбаз

Сол жағымда бес сарбаз

  1. Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жалтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар.

  1. Бір бұтақ

Бір бұтақта төрт бұтақ

  1. Кезікті бір жануар

Үстінде 2 тауы бар

  1. Екі құлақты

12 аяқты

  1. Белдеуде бес от

Бесеуінде қасқа ат.

Жаңылтпаштар:

  1. Есет атам ет осатар

Ет осатса бес осатар

  1. Төбесі төбел бөрік

Төртеуі де төбел бөрік

  1. Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш

  1. Пеш ішінде бес мысық

Пеш үстінде бес мысық

Бес күзетші,бес пысық

  1. Арқада алты арқар бар

Қырқада қырықтар бар

  1. Бір ақ шымшық

Екі ақ шымшық

Үш ақ шымшық

4-сайыс Санамақтар

Үшбұрыштар Төртбұрыштар

Бір дегенім-бесік Бір дегенім-баспақ

Шықтық одан өсіп бұзауды жүр бастап

Екі дегенім-елім Екі дегенім-ешкі

Далам,тауым көлім ешкі қойдан өсті

Үш дегенім-үміт Үш дегенім-үйрек

Үміт артар жігіт Ұстап жеді түлкі

Төрт дегенім-төзім Төрт дегенім-тайлақ

Төзе білем өзім тайлақты қой байлап

Бес дегенім бақыт Бес дегенім бие

Бағалайтын уақыт Құлынына ие

Алты дегенім-ақыл Алты дегенім-атым

Тыңдағаның мақұл Мініп жүрген атым

Жеті дегенім-жалау Жеті дегенім-жорға

Жүректегі алау. Жорға мініп жолға

Екі топтың ұпайын көрсету.

Сергіту сәті Ерке

Оң жағында анасы Бір үйде біз нешеуміз?

Сол жағында папасы Кел санайық екеуміз

Үстінде бар көрпесі Бас бармағым-әкем

Есен үйдің еркесі Балаң үйрек шешем

Қорықпаймын мен үйде деп Ортаң терек-ағам

Бөседі ол кунде кеп Шылдыр шүмек -інім

Оң жағында анасы Титтей бөбек-сен

Сол жағында папасы Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз-бесеуміз.

5 сайыс Есептер шығару. Ауызша есептер.

Балалар мен бүгін бір хат алдым. Оны бізге «Дым білмес» деген бала салып жіберіпті. Ол мына есепті асығыс шығарып ортасына таңбаларын қоймапты. Кәне «Дым білмеске» көмектесейік!

1.....1 = 2 3.....3 = 6 7.....6 = 1

2.....2 = 4 5.....2 = 7

2.....1 = 1 4.....3 = 1

Менің үстелімдегі сандарды алып 1-7 дейін сандарды рет-ретімен қойып берулерің керек.

1,2,3,4,5,6,7 7 балаға беріледі.

Келесі кезекте ауызша есеп саусағыңды санамай, жылдам ойлай балақай.

  1. Шығармақ боп кеше есеп

Жиналды 5 есек

Үшеуі ұйықтап отырды

Ұйықтамаған неше есек?

  1. Көлден ұшты 7 қаз

Қайттып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі?

  1. Аулада 4 үйрек

Қорада 1 үйрек

Бір үйрек тығылды

2 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

  1. Бір бірімен жарысқан

1 аю, 2 түлкі

3 қоян

Бәрі нешеу ойлан,тап!

6- сайыс. Суреттер (қиылған) құрастыру.

7 ге дейін тура және санау 2 топта ұпайларын көрсетіп жеңген команданы мадақтау сабақты қорытындылау.

© 2010-2022