Дүниетану пәні Адам өміріне не қажет? (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Дүниетану

Тақырыбы:

Адам өміріне не қажет?

Мақсаты:

а) Адам өмірінде ауаның қандай маңызды орын алатынын түсіндіру.

ә) Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

б) Логикалық ойлау, бақылау, қорытынды шығара алу дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Адам өмірінде ауаның қандай маңызды орын алатынын түсінеді. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады. Логикалық ойлау, бақылау, қорытынды шығара алу дағдылары дамиды.

Әдісі:

Түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:

Кестелер, топшамалар, қорапшалар, суреттер

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І.Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңдері.

Сәлемдесу.Психологиялық дайындық

Смайликтер шеруі.

1.Жымию

2.Күлу

3.Шапалақтау.

4Тынышталу

Кезекшінің мәліметі.

Сәлемдеседі.

Смайликтер шеруі тренингіне қатысады.

ІІ. Тұсаукесер.

Қызығушылығын ояту.


ІІІ. Негізгі бөлім

Мағынаны тану





Кіріспе:

  • Балалар, сіздердің ойынызша адамға не қажет? Жұмбақтар жасыру арқылы мына суреттерге мұқият қарап адамға ең қажетті заттарды атайық.

Жұмбақтар

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң - қорын тек,
Барша тiрлiк қурайды.(СУ)


Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар. (Таба нан)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Адам өміріне не қажет?». Бүгін сабақта сендер адам өміріне ең қажетті, адамның сол заттарсыз өмір сүре алмайтындығына көз жеткізесіз.


Оқулықпен жұмыс

«Бәрі -менің өмірім, сен сыйлаған» өлеңін мұқият тыңдап, оқып шығу.

  • Балалар, бұл өлеңнің мазмұнын түсіндіңіздер ме? Кім қалай, ойлайды?

(өз ойларын ортаға салады)

Суретпен жұмыс

6- беттегі суретке назарларымызды аударайық. Суретте не көріп тұрмыз?

Бұл суреттің түйіндісін айтайық.


  • Адам өміріне көп нәрсе қажет. Адам өз өміріне не қажет екенін қалай біледі? Сәл ойланып, айналадағы дүниеден күнделікті көріп, байқап жүргендеріңді есіңе түсіріңіздер. Қане, бұл сұрақтарға дұрыс жауап беріп көрейік.

  • Дұрыс айтасыздар, адам өміріне ең қажетті жағдайлар - су, тамақ, жарық, жылу, ауа.

  • Шөлдедің. Саған не қажет? Әрине, су іздейсің.

  • Қарның ашты. Саған не қажет?

  • Ал ауа қаншалықты қажет? Егер сен оқитын сыныптың терезесін ашып желдетпей бірнеше сабақты қатар оқытса, қалай болар еді? Ондай жағдайда сенің көңіл-күйін нашарлап, білім алуға енжарлық танытар едіңіздер.Әрине, ауасыз адам тіршілік ете алмайды.

  • Ал жарық ше? Ол туралы не айта аламыз?

«Ойлан тап!» ойыны

Қазір балалар алдарыңызда қорапшалар берілген.Бұл қорапшалардың сыртында, адамға қажетті жағдайлар жазылған. Сол жағдайларға байланысты сөздер жазып қорапты толтырамыз

Мұғалімді мұқият тыңдайды.Жұмбақтың шешуін тауып, суреттердің ішінен ең қажетті жағдайларды атап шығады.



Өлеңді мұқият тыңдап, содан соң мәнерлеп оқиды. Өз ойларын ортаға салады.

Қазақстан жерінің бай екендігін ұғынады.



  • Өз ойларын ортаға салады.



  • Су- ішпесек шөлдейміз. Су ішіп, сусының қанған соң, рақаттанып қаласың,

  • Тамақ- қарнымыз ашқан кезде сәл тамақтанып алсақ, бірден күш жинап, көңілді жүреміз.

  • Жер бетіне күн сәулесі түссе, бүкіл тіршілік оянады. Яғни барлық тіршілік иесіне жарық пен жылу да керек екен.

Ойынның шартымен танысып, ойынды қызыға ойнайды.

ІV.Қорытындылау.

Бағалау.

Тапсырма:

-Төмендегі өлең шумағын оқы. Өлең шумағы саған қандай әсер береді?

Алақай! Алақай!

Күн шықты, күн шықты.

Жер үстіне нұр шықты.

Сабаққа белсене қатысөан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Өлеңді оқып шығып, өз әсерлерін айтады.

Бағаланған оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

V.Үйге тапсырма.

6-9 бет оқу, мазмұнын айту.

Үй тапсырмасын жазып алады.



© 2010-2022