План конспект по казахскому языку на тему «Қыс көріністері»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«28» қараша 2015 - 2016 оқу жылы

Тіл дамыту пәні

Қыржибаева Ляззат Қасымжанқызы

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы


Сілтеме

Күнтізбелік сабақ жоспары 3 «а» сынып klgtu.ru

Сабақтың тақырыбы

« Қыс көріністері»


Сабақтың

мақсаты







Білімділік: М. Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

Дамытушылық:

логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Тәрбиелік:

өлеңерді талдай отырып, оқушыларды еліміздің табиғатына, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, іскерлікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, яғни уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.




Сабақтың әдіс тәсілдері

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Өрлеу» бағдарламасының 7 модульді қолдану.

  • Бағалау парағы;

  • Түсіндірмелі, деңгейлік тапсырма;

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.





Күтілетін нәтиже

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті


  • Өз ойларын қорыта білу, түсіндіре білу;

  • Шеңбер құру арқылы бір-біріне жақсы сөздер айту;

  • Өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді.

  • Сұрақтарға мән бере отырып, әрбір жауапқа сыни ойлай отырып жауап береді.

  • Ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық. Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

  • Топ басшыларына бағалау парағын таратады.

  • Өзара білім алмасуға жағдай туғызу.

  • Мұғалім оқушыларды оқыту топпен әңгімелесі, сұқбаттасы, миға шабуыл, логикалық сұрақ -жауап, әдістері арқылы жүзеге асады





Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. 5 мин

Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

Тақырып бойынша (сұрақ- жауап)

ІІ.Ментальды карта 10 мин

1-топ «Қыс» мезгілі постер

2-топ «Көктем» мезгіліне постер

3-топ «Жаз» мезгіліне постер

4-топ «Күз» мезгіліне постер

ІІІ. Жаңа сабақ. 18 мин

1 топтық жұмыс.

1 топ. « Мақал-мәтелдерді» оқып жаттап, соларға ребустар құрастыру;

  1. Топ. « Алғашқы қар» өлеңін мәнерлеп оқу;

  2. Топ. « Үскірік» өлеңін жатға айту;

  3. Топ. « Шаңғышыға» өлеңін сахналап көрсету;

2 Автор жайлы қысқаша мағлумат беру.

  1. Сергіту сәті (Психологиялық жаттығу)

4. Білімді жүйелеу (Деңгейлеп тапсырмалар)

6. Сабақ бекіту. Кері байланыс (Бағалау) 6мин 7. Үй тапсырмасы. 1 мин 47 - 48 беттегі ұнаған өлеңді жаттап, басқаларын мәнерлеп оқып келу.

Сабақтың түрі


Пән аралық байланыс

  • Ой - қозғау, өзіндік жұмыс, пікірлеу.
  • Жаңа сабақ.
  • Ана тілі, ағылшын тілі, дүниетану.








Тапсырма





І. Ұйымдастыру .

  • Сәлемдесу,бала санын

тексеру. Жұмыс барысын түсіндіру. Таныстыру.

ІІ. Өткенді пысықтау.

  • Өткен тақырыпты

қайталап үй тапсырмасын тексеру (ментальді карта).

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

* Оқулық арқылы

*Сұрақ-жауап арқылы

ІV.Практикалық жұмыс

  • Ментальды картамен жұмыс жасау

V. «Сұрақ-жауап»

«Көшбасшы жұмысы»

«Дарынды және талантты оқушымен жұмыс»

VI. Кері байланыс.

Жұмысты тексеру. Өткен сабақты қорытындылау.

Әр топ бірін-бірі бағалау.





Күтілетін нәтиже

  • Жұппен, топпен, әңгімелесу тәсілін қолдану барысында оқушымен мұғалім арасында кері байланыс орнайды.

  • Оқушыға проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың терең ойлауына, ойын еркін әрі ашық жеткізе біледі.

  • Жаңа тақырыптарды меңгере отырып, берілген тапсырмаларды сауатты орындау.

  • Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз- өздерін бағалай білуі керек..


Ресурстар (дерек көздері)

  1. Ментальды карта жасау

  2. Бағалау парағы кері байланысты

  3. Топқа бөлу стикерлер



Қолданылатын

модульдер

  • Жаңа әдіс тәсілдер (топтық жұмыс,жұптық жұмыс, өзін-өзі бағалау,)

  • Сыни тұрғыдан ойлауды оқыту ( «топбасшыға сұрақ -жауап», жұмбақ)

  • Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту

Оқушының іс -әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқушылар туған күндеріне байланысты топқабөлініп отырады



Оқушылар бар білімдері бойынша ментальді карталарын қорғау

Оқушыларға әңгімені тыңдау арқылы сабақты меңгеріп, тақырыпқа байланысты түсіну, ұғыну.

Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысқанды, бағалау.




Кері байланыс.

Оқушылар смайликтер арқылы өзін өзі бағалайды.

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Ұлы Абай атамыздың жыл мезгілдері өлеңдерінен үзінділер оқу, оқушылардың туған күндеріне байланысты топқа бөліп, биыл ақынымыздың 170 жылдығы екенін еске түсіру.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көгорай шалғын, бәйшешек.

Ұзарып, өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда....

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп тұрады.


  1. Қызығушылықты ояту

Келген қонақтармен амандасу ( үш тілде)

Топ басшыларын орындықтарының сырт жағына жабыстырылған стиккерлер арқылы белгілеп алу.

  1. Жыл мезгілдері жайында білетіндерін анықтау

Ментальды карта.

1-топ «Қыс» мезгілі постер

2-топ «Көктем» мезгіліне постер

3-топ «Жаз» мезгіліне постер

4-топ «Күз» мезгіліне постер


  1. Мағынаны тану.

Суық қыстың орта кезі.Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.

Бар үйдің төбесін күпсек қар аппақ болыпбасып алған.

Көшенің қары жүргіншілердің табанымен тапталып ысқаяқталған. Басқан сайын шынылатып сықырлап, кейде шатынағандай болып шытырлайды.


  1. Жаңа сабақ.

1 топтық жұмыс.

1 топ. « Мақал-мәтелдерді» оқып жаттап, соларға ребустар құрастыру;

  1. Топ. « Алғашқы қар» өлеңін мәнерлеп оқу;

  2. Топ. « Үскірік» өлеңін жатға айту;

  3. Топ. « Шаңғышыға» өлеңін сахналап көрсету;

2 Автор жайлы қысқаша мағлумат беру. ЖаманбалиновМүбәрәк 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысындағы Тәттімбет ауылында дүниеге келген. Орта дәрежелі агрономдық білім алып, Новосибирдегі Татар МТСнда учаскелік агроном болып істейді. Одан соң Омбы орыс қазақ педучилищесін бітіріп, ұзақ жылдар мектепте ұстаздық етеді. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айнабұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Содан бері әлденеше жыр жинағын шығарған ол негізінде балалар ақыны ретінде танымал. Өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латын тілдеріне аударылған. Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1982). Ертіс ауданының Құрметті азаматы. Шығармалары: Айнабұлақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956; Сәлем. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Ертіслебі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кішкентайдостарға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Меніңінім; Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Батыр ұстаз. Поэма. А., «Жазушы», 1972; Ашықкүн. Өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Толқын. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
Сергіту сәті (Психологиялық жаттығу)

  1. «Білімді жүйелеу» Деңгейлеп тапсырмалар

« Қыс» тақырыбына:

1 топ. Өлең құрастыру;

2 топ. Сурет салу;

3 топ. Қыста болатын мейрамдарды атап, құттықтау сөздерін жазу;

4 топ. Эссе жазу.

8. Білімді бекіту. Рефлексия

- Балалар, сендер білесіңдер,қай жыл мезгілі болмасын, адамдар үшін, жалпы тіршілік үшін ауа райының маңыздылығы. Ол ауа температурасына байланысты. Ол температураны біз немен өлшейміз?

- Адам температурасын градусник пен өлшесек, ауа температурасы термометрмен өлшейміз.

- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- Ендеше, алдарыңда жатқан стиккерлерінді мына термометр бағанының бойына, яғни сабағымыздыңауасы температура «+» ма, әлде «-« деңгейінде өткенін белгілейміз.

- Келген қонақтарға келе жатқан мейрамдарыңызбен деп, топ басшылары шағын сыйлықтарымызды табыс етсе.

- Қонақтарымыз да өз пікірлерін келе жатқан мейрамға байланысты мына шыршамызға стиккерлерге жазып іліп кетсе дейміз.

9. Бағалау. (формативтік)

Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау.

10. Үй тапсырмасы. 47 - 48 беттегі ұнаған өлеңді жаттап, басқаларын мәнерлеп оқып келу.


© 2010-2022