Ауған соғысының ардагерімен өткізілген тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

Күні: 13.03.15

Сынып: 1 «а» және 4 «ә»

Тақырыбы: «Мәңгі ұмытылмас ерлік!»

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
«Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонағымыз: Ауған соғыс ардагері- Уваев Айтбай

Шараның барысы:

1 - Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2 - Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы.

1 - Жүргізуші
- Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!


2 - Жүргізуші


- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. Енді сіздерге ауған соғысынан үзінді ұсынамыз.

Видео: «Ауған соғысы»

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Оларды Елбасымыз Н.Назарбаев «Құрмет» орденімен марапаттады.

Ауған соғысының ардагерімен өткізілген тәрбие сағаты

- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

- Ұлы Отан соғысында және Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыз бен апаларымызды орнымыздан тұрып, 1 минуттік үнсіздікпен еске алайық!
1 - Жүргізуші
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды! Еліміздің әр қаласында Ауған ардагерлеріне арнап ескерткіштер орнатылған.

Ауған соғысының ардагерімен өткізілген тәрбие сағаты Ауған соғысының ардагерімен өткізілген тәрбие сағаты Ауған соғысының ардагерімен өткізілген тәрбие сағаты


Оқушылар жолдауы
1- оқушы

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

2 - оқушы
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

3- оқушы

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!


4 - оқушы

Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

5-оқушы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!

4 «ә» сынып оқушыларының орындауында күй.

Ауған соғыс ардагері Увалиев Айтбай ағаға сөз.

2 жүргізуші
- Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу - біздің борышымыз дей отырып, келген қонағымызға алғысымызды айтамыз.

Ән.

1 «а» сынып оқушысы Төленова Аянаның орындауыңда «Әлия» әні.

1 жүргізуші
- Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік!



© 2010-2022