Поурочный план по труду на темуЕрмексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ермексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдері .

Сабақтың жалпы мақсаты

1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Мысық мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер

суреттер


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ермексаздан «Мысықтың» мүсінін жасауға көмектеседі.
Қауіпсіздік ережесі
- Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша әңгімені аяқтау .

Қызығушылықты ояту

Поурочный план по труду на темуЕрмексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдеріПоурочный план по труду на темуЕрмексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдері

Суретпен жұмыс .

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Біз мысықты күнделікті көріп жүрміз. Олар ойынқұмар. Әжеміздің жібімен ойнағанды ұнатады. Одан қалса, пырылдап ұйықтағанды ұнатады. Біз бүгін мысық мүсінін жасаймыз.
- Мысық қандай хайуанат екен?.
- Мысық туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
- Сонымен, біз ермексаздан мысық мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
- Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!

Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.
Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.

Поурочный план по труду на темуЕрмексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдеріПоурочный план по труду на темуЕрмексазбен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдері
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз..

Ой толғаныс

Суретпен жұмыс .

1топқа ермексаздан жұмыс

2 топқа қағазбен жұмыс .

Үйге тапсырма беру.

Ермексазбен жұмыс тәсілдерін мазмұндау.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.



© 2010-2022