- Преподавателю
- Начальные классы
- Бастауыш сынып мұғалімі Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның жүргізген жұмысының жылдық есебі (2014 - 2015 оқу жылы)
Бастауыш сынып мұғалімі Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның жүргізген жұмысының жылдық есебі (2014 - 2015 оқу жылы)
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Калдыбаева М.С. |
Дата | 15.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Бастауыш сынып мұғалімі
Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның
жүргізген жұмысының жылдық есебі
(2014 - 2015 оқу жылы) Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дамыған елдермен қарым - қатынас жасай отырып, жаңашылдықты үйреніп, тәжірибеге енгізуді уақыт міндеттеді. Өзгеріс қоғамның әр саласын да қамтыды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселе болды. Дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі реформалардан үлгі алуды өзіне мақсат етті. Кез - келген дамушы елдерде білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс емес. «Қазіргі әлемде болып жатқан осындай қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген ой туындайды. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының мазмұны осы мәселені шешуге бағытталған. Стронг «Мектеп жұмысымен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» деп тап басып айтқан. Жылдам өзгеріп отырған заманда алынған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру мақсатында Кембридж бағдарламасын оқуға деген қызығушылығым оянды. Біз оқушыға өз өмірінде қолдана алатын білім беріп жүрміз бе? Оқушының алған білімін сыныптан тыс уақытта қолдану деңгейі қандай? Мен осы сауалдар жауабын кембридж бағдарламасы бойынша мектепішілік біліктілікті арттыру курсында білім алу арқылы тапқан секілдімін. Ол үшін не істеу керек және қалай істеймін деген өзіме сауалдар қоя отырып, кембриж бағдарламасын меңгеру қажеттілігі және бағдарламаның негізінде болашаққа жоспар құруды көздедім. 2014 жылдың қыркүйек айынан мектепішілік біліктілік деңгейін арттыру курсына қатысып өз білімімді жетілдіріп келемін. Курс бағдарламасы оқытудың әлемдік деңгейдегі тиімді тұстарын соның нәтижесінде еркін, ой - дәлелдемелерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сыни көз қарастары жүйелі дамыған мінсіз оқушы, құзіретті мұғалім дайындауды қамтитынын түсіндім. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәнімен өзара байланыста қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12 бет). Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелі - өздерінің ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет). Қазіргі заман талабына сай әрбір пәнді оқытуда білім беруді жаңашаландыру - оқу-тәрбие үдерісін даралау, демократияландыру - жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. «Өркениеттің мақсаты - адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым Т.А.Эдисон айтқандай, мектептің де, оқылатын пәндердің де басты мақсаты -оқушылардың танымдық - шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушылардың ойлау деңгейіне шектеулер қойылған тәрізді. Бұл сабақ жоспарымен сыни ойлауға, диалогтық әңгіме құруға, Мерсердің үш әңгімесі деңгейінде оқушылар ойын еркін жеткізіп көбірек алға жылжушылық болатындығы белгілі. Сондықтан да осы проблемадан шығатын жолдың бірін, мүмкін оқушы өзін - өзі ретке келтіруді басты мақсат етіп қойса, тапсырмаларды терең ойланып шығаруда табысқа жететін болар деген ой болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды терең ойлану арқылы өзін -өзі реттеуі іске аса ма? - деген сауал да көкейімде тұрды. Мақсатым: қазіргі заман талабы бойынша, өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мақсатқа жетудегі негізгі міндеттерім:
- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- өз ойын көркем деңгейде жеткізе білетін тұлғаны тәрбиелеу;
- алған теориялық білімін өмірлік тәжірибеде қолдануға үйрету;
Жүргізілген жұмыстарымды қорытындылай келе: Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.
ӘЛДІ
ӘЛСІЗ
-
Оқушылар сабақ барысында әр түрлі әдіс - тәсілдерді меңгерді;
-
Топтық жұмыста бірлесіп жұмыс жасауды және ынтымақтастық қарым - қатынасты орнатуды үйренді;
-
Өз ойларын еркін айтуды, сондай - ақ сыни ойлана алуға машықтанды;
-
Өзін - өзі бағалауды және бірін - бірі бағалауды меңгерді;
-
Оқушылардың топтық жұмысқа белсене аралауы.
-
Топтық жұмыста уақытты тиімді пайдаланбауы;
-
Оқушылар бірін - бірін асыра бағалауы;
-
Топ ережесіне бағынбай, бір - бірінің ойларын тыңдамауы;
МҮМКІНДІКТЕР
ҚАУІП ҚАТЕР
-
Оқушылар АКТ - мен жұмыс жасауда қызығушылықтарының болуы;
-
Оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру.
-
Мұғалімге айтылған сын пікірлерді дұрыс қабылдай білу;
-
Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін орнықты, дұрыс қолдана білу;
ҚОРЫТЫНДЫ Жеті модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз. КЕЛЕСІ ОҚУ ЖЫЛЫНА ҰСЫНЫСТАР МЕН МАҚСАТ МІНДЕТТЕР:
- Сабақ беретін барлық кластарға топтық жұмысты жандандыру;
- Сабақта бағдарламаның жеті модулін бір - бірімен байланыстырып қолдана білу;
- Оқушылардың зерттеушілік, ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға байланысты шығармашылық тапсырмалар беру;
- Әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу;