Қозғалысқа берілген әртүрлі есептер шығару (кездесу бағыты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа берілген әртүрлі есептер шығару (кездесу бағыты).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:«Жақындау жылдамдығы» деген түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек сызба.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау.

III.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Жаңа сабаққа дайындық ретінде жылдамдықты, уақытты, қашықтықты анықтауға берілген тапсырмаларды беру.қозғалып келе жатқан бір дененің жүріп өтетін қашықтығын табуға берілген есептерді, содан аң басқа осыған ұқсас дененің жүріп өткен қашықтығын табуға берілген есептерді шығарту. Кесте толтырту.

Қозғалыс уақыты

1 сағ

2 сағ

3 сағ

4 сағ

Қашықтық

IV. Жаңа материалмен таныстыру.

-Енді осы жаяу жүргіншілер (велосипедшілер, автомобиль) бір-біріне қарама-қарсы қозғалды дейік. Олардың арасындағы бастапқы қашықтық 400 км.

А) Әр сағат сайын машиналардың арасындағы қашықтық қанша уақытқа қысқарады?

Ә) Кесте толтыру.

Қозғалыс уақыты

Машиналар арасындағы қашықтық

Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең.

60+40=100 км/сағ - автокөліктердің жақындау жылдамдығы

Автокөліктер неше сағаттан кейін кездесетінін білу үшін, бастапқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу керек.

400:100=4 сағ

V.Алғашқы бекіту.

№2 а) есеп талданады. Балалар дәптерлеріне сызбаны сызып көрсетеді. Содан соң екі тәсілмен шығару жүзеге асырылады. Олардың ішінен тиімді тәсіл таңдалады.

1-тәсіл: 2-тәсіл

1)14∙2= 28 км 1) 14+12=26 км/сағ

2) 12∙2=24 км 2) 26∙2=52 км

3)28+24=52 км

№2 ә) есепті өз беттерінше орындайды.

№3 есепті шығару кезінде бұл есептердің бір-біріне кері есептер болып табылатындығы туралы қорытынды жасау керек, өйткені мәліметтер бірдей, сұрағы өзгерді.

VI.Өткен материалмен жұмыс.

Бұрынғы өтілгендерді қайталауға №4-8 тапсырмалар арналады.

№8 тапсырма. Теңдеу құрастыру.

А) 150 саны 50 санынан қанша есе артық болса, 70-тен сонша есе артық санды тап: х:70 = 150:50

Ә)80 саны 10 санынан қанша артық болса, 73-тен сонша кем санды тап.

73-х = 80-10

VII.Қорытынды.

Бүгінгі сабақта қандай есептер шығардық?

VIII.Бағалау

IX.Үйге тапсырма:№7 ,100- бет, ереже.


© 2010-2022