Конспекты Шашқа қарау қоршаған орта 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты 15.09.2015

Тақырыбы: «Біле жүр, көңілге түйе жүр» ( шаш күтімі)

Мақсаты: шаш туралы , оның күтімі жөнінде мағлұматтар беру

Көрнекілігі: суреттер

Жұмыс барысы:

І Кіріспе бөлімі: шаш----

Шаш күтімі-------

ІІ Негізігі бөлімі:

Конспекты Шашқа қарау қоршаған орта 3 сынып

Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі: 1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді көрініп тұрады. 2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып кептірген уақытты үнемдейді екен. 3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады. 4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек. 5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді. Келесі кеңес ұзын шашты арман қылған аруларға арналады. Шашты ұзын әрі сәнді қылып өсіру үшін бірталай тер төгудің керек екені бәріне мәлім. Шаштың ұштарын 2 айда қысқартып тұру, шашқа арналған маскалар мен сұйықтықтарды қолдану керек. Сондай-ақ, шашты дұрыс таңдалған тарақпен жиі тарап отыру керек. Шаштың тез өсуіне көмектесетін мына масканы да қолданып көріңіз. Маска құрамы:

  • Құрғақ горчица ұнтағы;
  • 2 ас қасық ыстық су;
  • 1 жұмыртқаның сарыуызы;
  • 2 ас қасық зәйтүн (жожоба, шабдалы немесе кез келген косметикалық май);
  • 2 шай қасық қант ұнатғы.
Құрамдас бөліктерді қосып, араластырамыз. Шашымызға 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Нақты уақыт масканың басыңызды қаншалықты ашытқанына байланысты болады. Шыдамды болған жағадайда 1 сағат күте тұрсаңыз болады. Алайда, басыңыз күйіп бара жатса, 15-20 минут та жеткілікті. 15 минут шыдамдылық танытып, масканы жуып тастамағаныңыз жөн. Басыңыз ашып, шашыңызға от жағылғандай болуы мүмкін. Сонда да, 15 минутта бас терісіне еш зақым тие қоймайды. Есесіне үйреніп, келесі жолы көбірек отыра аларсыз. Маска нәтижесінде шаштың өсуін тездетіп, шаш қалың әрі әдемі болады. Сондай-ақ, бұл маска шаштың түсуіне тосқауыл жасай алады.

Шаш күтімі мен бас терісінің денсаулығы үшін сенің оларды жуу тәсілдерің мен тұрақтылығың басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы біріншіден тазалық, екіншіден сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесінің салақтығы жайлы көп мәлімет береді.

Әрине, шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес жасар баланың өзі біледі. Бірақ бас терісінің денсаулығы мен шашыңыздан ерте айырылып қалмау үшін қалай жуған дұрыс екендігін біліп алған артық болмас еді.

Зақымдалмаған, жұқармаған дені сау шаштар үшін - қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі жеткілікті күтім болып саналады. Жаздың күні 4-7 күнде бір (тершеңдігіңізге байланысты), қыстың күні 2-3 күнде жусаңыз жетеді.

Ал егер шашыңыз майлы болса, онда жаздың күнара, қыстың күні күнде жумасаңыз, шаштың түрі бұзылады. Әсіресе, күнде шашыңызға гель, мусс, лак жағатын болсаңыз, күнде жууға тура келеді. Себебі, химиялық қоспаларды шашта ұзақ сақтау, шаштың түрін де, жағдайын да бұзады. Күнделікті жуу үшін сабын емес, жұмсақ арнайы шампунь қолдану керек. Қыста жиірек жуатын себебіңіз, бас киімнен шаштарыңыз дұрыс тыныс алып, желденбейді, сондықтан теріден артық май бөлінеді.

Құрғақ шашқа шампунь жаққан дұрыс емес, алдымен жақсылап су сіңдіріп, мұқият ылғалдау керек, содан кейін барып алақанға біршама шампунь құйып, бас терісіне уқалай жағады. Кемінде екі рет шашты шампуньмен көпіршіткен дұрыс, себебі бірінші жуған кезіңізде, кір, шаң мен тері майыныңтек бір бөлігі ғана шайылады, ал шампуннің емдік қасиеті тек екінші рет жуғанда іске қосылады. Шашты шайғанда таза сумен шайып, шашта шампунь қалдықтары, көпіршіктері қалмауын қамтамасыз етіңіз.

Қазіргі кезде шаш күтуге арналған қосымша құралдар көп. Арнайы бальзамдар бар, шашты азықтандыратын маскалар бар. Бұдан сіз душқа барарда шашыңызды баптау үшін сағаттап айнаның алдында басыңызды көпіршік, гель, маска жақсын деген қорытынды шықпайды.

Бар болғаны, басыңыздан мәселе туса, шаш түссе, немесе жұқарса, тері дәрігеріне немесе білікті шаштараздың ақылына сүйенген дұрыс. Дәрігер сіздің бас теріңіздің жағдайын түзесе, шаштаразжіңішкерген, майлы шаштарды баптайтын заман-алды құралдардан хабардар жүретін бірден бір адам болып табылады.

ІІІ Қорытынды бөлімі: Шаш--- адамның көркі

Шаш-----------------------?

© 2010-2022