«Гонзик латын тілін қалай үйренді?»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Гонзик латын тілін қалай үйренді? (Божена Немцова,аударған:С.Омаров.)

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтіндегі ойды анықтай білуге,мазмұнын ашып,оқушылардың өз беттерінше негізгі идеясын ұғынуға көмектесу.

2.Оқушы қиялының дамуына,көркем әдеби тілде сөйлеу шеберліктерінің дамуына ықпал ету.

3.Төзімділікке,жігерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: автор портреті,интерактивтік тақта,слайд

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс,СТО.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

-Балалар,барлығымыз бір-бірімізге жақсы лебімізді білдіріп,амандасып алайық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайыық!

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды топтарға бөлу.

Ой қозғау.Топтарға сұрақ.

  • Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Оқушылардың ойларын толықтыру.

  • «Ұлт қасиеті тілінде,

  • Құс қасиеті қанатында»

  • «Тіл палуаннан жығылмайды»

  • «Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ»

Бұлар - біздің дана халқымыздың төл сөзі.Тілге бұдан артық теңеу,қандай баға керек?Егер бір үйде Құран болмаса - ол мұсылман емес.Егер үйде Абай кітабы болмаса - ол қазақ емес.

  • Өз тілін білмейтін бір орыс көрдің бе? - Жоқ

  • Неміс көрдің бе? - Жоқ

  • Қазақ көрдің бе? (оқушылардың ойларын білу)

Шона Смаханұлы былай деген екен:

«Қазіргінің баласы

Көп білем деп көкиді.

Әкесінің жазғанын

Аудармадан оқиды»

  • Мұның бәрі қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ,жас жеткіншек,сендерге арналып айтылған сөз.Бірақ бұл шындық.Туған тілін білмеу немесе өз тілінде сөйлегісі келмеген жастар туралы қандай тақпақ,өлең білесіңдер?Жалпы ана тілі туралы не білеміз?

Оқушылардың ойын тыңдау.

Жаңа сабақ.

«Гонзик» сөзін естігенде кімге қандай ой келді?

Мәтінді оқу.(3 бөлімге бөлу)

І бөлім: Гонзиктің қарапайым шаруа болғысы келмеуі.

ІІ бөлім: Гонзиктің латын тілін үйренуі.

ІІІ бөлім: Ата-анасының Гонзиктің латын тілін есіне түсіру үшін ойлап тапқан айласы.

Оқушылар «түртіп алу» стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді түртіп отырады.

Сөздік жұмысы.

«Болжау» стратегиясы бойынша:

І бөлімді оқу.Сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтін не жайында?

  • Кім туралы?

  • Ары қарай не болады еп ойлайсыңдар?

Жұмыс түрі:

1.жеке

2.жұпта

3.топта

4.әрбір топтан бір оқушы шығып,ойларын ортаға салу.

ІІ бөлімді оқу.Сұрақтарға жауап беру:

  • Оқиға қалай жалғасты?

  • Оқиға ары қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

ІІІ бөлімді оқу.

  • Әңгіме қалай аяқталды?

  • Көкейіңе не түйдің?Кейіпкерді бағала.

Оқушылардың жауаптарын толықтырып тиянақтау.

Ой толғау.Топтарға тапсырма.

І топ: Екі түрлі түсіндірме күнделік толтырады.

Ерекше әсер еткен тұсы

Сол туралы өз пікірің

Дәптерге орындау.

ІІ топ: Тіл туралы бес жолды өлең.

ІІІ топ: Ана тілі өзінің білім алуына қажетті тіл екеніне эссе жазу.

Тапсырмаларын автор орындығына шығып оқу.

Сабақты қорыту.

Өзіңді Гонзиктің орнына қойып көрсең,қандай тілді үйренгің келеді?Неліктен?

Музыка ойнап тұрады.Өлең оқу.

Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

Бағалау.

Оқушылардың топтарды бағалауы.

Бірін-бірі бағалауы.

Мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия.



Гонзик латын тілін қалай үйренді?Бірлестік орта мектебі.





Өткізген: 4 сынып мұғалімі Қожанова Б.Қ.

2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022