«Дені саудың – жаны сау»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау»

Мақсаты:

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дені саудың- жаны сау» тақырыбындағы «Сиқырлы қазан » сайысына қош келдіңіздер!

«Дүниедегі ең үлкен бақыт - денсаулық» дегендей көптеген ауруға табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Сол үшін спортпен айналысып, жаман әдеттен бастартып, салауатты өмір негізін қалыптастырайық.

Дені сау, ғұмыр жасың болады ұзақ.

Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ,

Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен.

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырайық.

Осы кештің қазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.

3.

І. Таныстыру

ІІ. Кім көп біледі? (мақал -мәтел, жұмбақ)

ІІІ. Ол кім? Бұл не? (танымдық ойын)

ІҮ. Кім тапқыр? (сұрақ-жауап )

Ү. Көрініс (темекі , есірткі)

ҮІ. Өнер (ән, би)

ҮІІ. Сөзжұмбақ «Денсаулық», «Табиғат»,

Ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық. «Денсаулық» және «Табиғат» топтары өз өнерлері ортаға салады. (Жеребе арқылы сандарды таңдап алады).

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын.

Қосатұғын күрең атын, боз атын,

Басталады бүгінгі сайысымыз

Шықсын шәкірт шындарға қол соғатын.

1-бөлім. Таныстыру. Екі топ өздері дайындап келген газет, төсбелгілерін, топ мүшелерін таныстырады.

2-бөлім Кім көп біледі?

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі.

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

Кім көп біледі сайысына қатысып

Жалғасы мен жауабын кім шешеді?

(Екі топ өздері дайындап келген мақал-мәтелдерін үш- үштен жасырып, жалғасын табады.)

Табиғат тобына:

  1. Дана көптен шығады.... ..... .... . ( Дәрі шөптен шығады).

  2. Бірінші байлық ...... (денсаулық)

  3. Ауырып ем іздегенше... .... .... . (ауырмаудың жолын ізде).

Денсаулық тобына:

1. Дені аудың .. .... . .. (жаны сау).

2. - денсаулық кепілі. (Тазалық).

3. Ішің ауыса аузыңды тый.

Көзің..... .. (ауырса қолыңды тый.)

Табиғат тобына:

1 Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлығы осы деседі.

(Денсаулық)

2. Он айда мен аламын

Он жаңа айды

Он жаңа айды алсам да

Ол жамайды.

(Тырнақ)

  1. Күннен алып қуатын.

Тіріге қайта туатын.

Дәрумен, ауа сыйлайтын.

Бұл не десе, біл атын.

(Өсімдік)

Денсаулық тобына:

  1. Тазалықтан , салқын судан

Қорқады екен жалқаулық

Шылым болып шыққанда

Сақталады екен.. ............ (денсаулық)

  1. Қолдансам болды- ауырым жеңілдер.

Зияны да бар, оны да бір көріңдер.

Химияны жұта бермей ойланып,

Өсімдікке бір сәт ерік беріңдер.

(Дәрі-дәрмек)

  1. Кәусар ауа, мөлдір су.

Күте алмасаң - болар у.

(Экологиялық жағдай)

3- бөлім: «Ол кім?», «Бұл не?»

Ал шәкірттер алды артын ондалсын.

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

«Ол кім?», «Бұл не?» бөлімінде

Танымдықпен, білгірлікпен жауаптары тыңдалсын.

«Ол кім?», «Бұл не?», «Табиғат».

Табиғат тобына:

  1. Темекенің ішінде ең улы зат не деп аталады ?(Никотин)

  2. Есірткі қабылдаудың қандай түрінен адам рахат алады?(Морфий, героин)

3.Қазақстанда алғаш рет 1978 жылы шықты Өсімдік, жануарларды қорғау мақсатында 1981, 1991, 1996 жылдары толықтырылып басылды. Ол не? (Ол Қызыл кітап)

Денсаулық тобына:

  1. Есірткі заттарға құмарлық- қандай аурулардың бірі?(Өлімге әкелетін)

  2. Адамның қан қысымын өлшейтін құрал?(Тормометр)

  3. Темекіні алғаш тарту мектепте қай уақыттарда басталады?(Қоңырау уақыттарында)

4-бөлім: «Кім тапқыр»

Басталады кім тапқыр деген сайысың.

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,

Қане, шәкірт көрінеді қай ісің.

Денсаулық тобына:

  1. Туберкуезге қарсы күрес күні? (24- наурыз)

  2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады? (Жапырақ)

  3. шабылған жарақат қандай болады?(Кесілген тәрізді тереңірек болады)

Табиғат тобына:

  1. Мұрыны саусағы үскен кісіге алғашқы көмек ?(таза қолмен қызарғанша уқалау)

  2. СПИД-ке қарсы күрес күні. (1- желтоқсан)

  3. темекіні тартқанда қандай белгілер байқалады?(Тістері, саусағы сарғаяды, жөтеледі.

5-бөлім: «Көрініс»

Ғасыр індетіне айналған есірткі мен темекі, ішімдік жайында оқушылардың дайындап келген шағын көріністерге кезек берейік.

  1. Темекінің зияны туралы көрініс.

  2. Есірткінің зияны туралы көрініс.

6- бөлім: «Өнер»

Шырқап айтар әсем ән

Көз тоймайтын керемет.

Мың бұралған билермен

Кезекпенен ортада

Өз өнерлерін сынасын. (Ән,би)

7-бөлім.»Сөзжұмбақ»

Тағы да келді сыналар шақ.

Тереңіне білім теңіз бойланып,

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.

Сөзжұмбақтарда кезегін күтіп тұр.

Екі топ дайындап әкелген сөзжұмбақтарын шешеді.

1.Дені саудың... (жаны сау)

2.Ер қанаты...( ат)

3.Ауру....болады (астан)

4.Жаман үйді қонағы .... (билейді )

5.Ауруың жасырғанды... әшкерелейді (өлім)

6.Балық басынан ... (шіриді)

7.Ырыс алды .... (ынтымақ)

8.Спорт... кепілі (денсаулық)

9.Сақ жүрсең... жүресің (тек)

10.Денсаулықтың қадірің ...білерсің (ауырғанда)

11.Аз қайғыны.... басады (Ас)

12.Денсаулық .... байлық (Зор)

Табиғатта бабамыз ала берген секілді.

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті ерікті желден алған секілді,

Мөлдірікті көгілдір көлден алған секілді- дегендей табиғаттың тазалығын сақтайтын да, былғайтында - адам, олай болса, жайқалған жасыл даламызда спортпен шұғылданып, жаман әдеттен, зиянды әрекеттерден алыс болып, салауатты өмір салтын ұстанған тәрбиелі де білімді ұрпақ болайық.


© 2010-2022