Сын есім Ашық сабақ 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаты:
  1. Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін кеңейту.
  2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын, өз-өздерін бағалауға қалыптастыру.
  3. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекіліктер: тірек-сызба, интерактивті тақта, кесте Түрі: интенсивті-кешенді сабақ Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге! Жұмбақ шешу Қабат, қабат қапталған, Ақыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап) Кітаптарың дайын ба? Ұшымен қазық, Тор көзді жазық. Үстіне өттім, Асыл сөз жазып. (Дәптер) Дәптерлерің дайын ба? Денесі бар шыбықтан, Темір тұмсық құдықтан. Сусын алып ішеді, Ойы із боп түседі. (Қалам) Қаламдарың дайын ба? Білім мен тәлім, Парақтап ашқанда Беттерінен мәлім. (Күнделік) Ерете, ерте ертеде «қазақ тілі» тілі деген үлкен патшалық болыпты. Ол патшалықтың 9 сөз табы болыпты. Олар өздерінше жеке-жеке ел болған екен. Өздеріне қатысты ережелері, сұрақтары және құпия өздері болыпты. Сол елді мекендердің біз тек төртеуін аралап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен танысып, білген болатынбыз. Бүгінгі сабақта сын есімдер елінде болып, сол елдің тарихымен танысып, білімізді көрсетеміз. ІІ. Өткен сабақтарды қайталау. (Интерактивтік тақтада арқылы сызба толтыру)

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. Мысал келтіріңдер.
  4. Етістік дегеіміз не?
  5. Қандай сұрақтарға жауап береді?
  6. Мысал келтіріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сын есім түрлерін электрондық оқулықта берілген сызба, тапсырмалар үлгісімен түсіндіру

ССын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпын есім



Сын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпМағынасына қарай Тұлғасына қарай Құрамына қарай

Сапалық

Қатыстық

Негізгі

Туынды

Дара

Күрделі
Сын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сыныпСын есім Ашық сабақ 2-сынып

қара жеңіл үлкен

тұзды арманды ақшалы

кең суық

жақсы

қысқы таулы өткір

кіші мол

тар

қызыл ала ұзын бойлы ойлы-қырлы

Сын есім Ашық сабақ 2-сынып
Дәптермен жұмыс Көркем жазу Әдемі құс, жақсы оқушы 1-жаттығу. Сұрақ бойынша қоянды сипатта. Қоян қайда жүреді? Қоянның түсі қандай? Қоянның құлағы қандай? Қоянның терісі қандай? Ол неден қорқады? Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың? 2-жаттығу. Тіркескен екі созді қатыстырып, сөйлем құрап жаз. Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас. Бұл тіркескен сөздердегі заттың атын және сынын білдіріп тұрған сөздерді ата. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қане, сапты түзейік, Қызыл, сары гүлдерді, Құшағымызға жиайық. Көбелекше ұшамыз, Отырамыз, тұрамыз. Сергітуге мың алғыс!
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз. Арша ағаштың бір түріне жатады. Ол ... жерде өседі. Бойы ... болады. Оның өзіне тән ... иісі бар. Аршаның ... қасиеті бар. Керекті сөздер: емдік, таулы, хош, аласа. Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет. 4-жаттығу. Әр зат есімге бірнеше сын есім жаз. ... ... ... ... оқушы ... бөлме ... мал ... ... ... Танымдық тапсырма: Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгіліне қатыстырып жаз: Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.

Қыс Көктем Жаз Күз

... ... ... ... Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру

Қорытындылау:

Не?

Түсі

Көлемі

Дәмі

Иісі

Сапасы

қарбыз






жуа






құрт






Үйге тапсырма: 5-жаттығу

Бағалау



© 2010-2022