Сұраулы сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Мақсаты: Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау.

Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Кез келген уақытта бір - біріне көмекке келуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кесте,суреттер,сызба.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық ахуал.

Қатар -қатар түзелік,

Оқушыға лайық,

Қолымызды жіберіп,

Түп -түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз.

Жақсы оқуға сабақты

Дайындалдық бәріміз.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру.

177 - жаттығу оқыту.

ІІІ. Білімдерін тексеру.

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.

« Сұраған мен сұрау белгісі » өлеңін рөлге бөліп оқыту.

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,

Саған осы не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен,

Сұраулық шылау керек.

Олар жазылуға тиіс бөлек,

Екіншіден,

Сұрау есімдіктері керек.

Олар қатысқан сөйлемдер соңында

Ойланшы өзің, не керек?

Сұраулы сөйлем болу үшін сұраулық шылау, сұраулық есімдік керек дейді.

Бұл қандай сөздер ?

Кім, не, қайда.... Міне, осы сөздер - сұраулық есімдіктер.

Анаңа көмектесесің бе? Сабаққа барасың ба? Далада жаңбыр жауды ма?

Сөйлемдеріндегі бе, ба, ма - сұраулық шылаулар.

Сұраулы сөйлем құруға сұраулық есімдік, сұраулық шылаулар қатысады екен.

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары

Дауыс кідірісі Сұраулық шылаулар Сұрау есімдігі

ма, ме, па,пе,ба, бе кім, не, қайда ....

Қазір тапсырмалар орындау арқылы сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарымен танысамыз.

180-жаттығу.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тап.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Күн ретің, тақырыбын жазу.

Көркем жазу

ь ь ь

циркуль

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

181 -жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Толқын кітап алды ма? Ол көп оқиды ма? Әжем ауылдан келді ме?

Бұл сөйлемдерде сұраулы мағына білдіріп тұрған сөз қайсы?

182 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құра.

Кітапхана

Сергіту сәті

183 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді салыстыр.

Терме диктанты. Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен сұраулық шылауды тап.

Шегене деген немене?

Соны білгің келе ме?

Шамалы, азды, шағынды

Бабалар деген шегене.

Шегене деген немене?

Соны білгің келе ме?

Мәтіннен сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тауып, сызбаға орналастырайық.

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.

- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?

- Қолым тимеді, ағай!

- Не істедің?

- Үй шаруасымен айналыстым.

- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?

- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.

- Мұғалім аяғандай болды.

- Отыра ғой, шырағым! - деді.

Сұраулы сөйлем

Сұрау есімдігі

Сұраулық шылау

неге? не істедің?

ба? ма?

ҮІІ. Бекіту.

Сұраулы сөйлем деген не?

Сұраулы сөйлем жасайтын нелер бөлек жазылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

184 - жаттығу. Ереже 68 бет жатттау.

бағалау.


© 2010-2022