На тему Тәуелсіздік елдігімнің – ерлік жолы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қаратау қаласы

Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Базарбекова Л.Б.

Тәуелсіздік елдігімнің - ерлік жолы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік елдігімнің - ерлік жолы»
Тәрбие сағатының мақсаты:
а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып,ән ұран,суреттер т.б.
Кіріспе бөлім:
Барысы:

Мұғалім сөзі:.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,

ол-тәуелсіз Қазақстан.

Н.Ә. Назарбаев

Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 22 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тәтті ұғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол - талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бұл күрес жолында жанын салған-ды.

Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны- азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.

Атақты айтыскер ақын Амангелді Жүсіпұлы:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресіні азаппенен.....-

деп жыр төккендей, жанқиярлық пен табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай, ХҮғасырда қуатты Қазақ хандығын құрды.

1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды.Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.Себебі,тарихтан алар орны ерекшк.

Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрсын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.

Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдеріне шолу жасайық
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп жариялады.
1992-қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы.
29-қыркүйек-Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының ашылуы.
1993- 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995- 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды
ақыл ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны-Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды.
1996- Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
1997- «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
1998- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
маусым- Елордамыз Астана қаласына көшірілді.
1999- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000- «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.
2001- Тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2002- «Денсаулық» жылы болды.
8 тамыз - Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды
2003- Ресейдегі Қазақстан жылы.
2004- Қазақстандағы Ресей жылы.
2003-2005- Ауыл жылдары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.
Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс - ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.Сөйтіп,1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл.

Туған тілім-бабам тілім өз-тілім!

Туған тілім-данам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.


© 2010-2022