«Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:«Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік».

Мақсаты:Оқушыларға адам бойындағы ең жақсы асыл қасиеттер жайлы кең тұрғыда түсінік қалыптастыру,ой толғаныс жасату.

Әдісі: Пікірталас.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер:

1. «Сыйлай білсең сыйланарсың»

2.«Үлкенге сый - құрмет, кішіге жол көрсет»,

3. «Алғыспен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер»,

4. «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің»,

5. «Адамның күні адаммен».

Түрі:Пікір-талас.

Өтілу барысы:

Кіріспе:Мұғалім: Әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген сынып оқушыларының бойындағы үздіксіз қалыптасуы тиісті қасиеттер.(пікірталас жүргізу)

(Ең алдымен «Кішіпейілділік - кісінің көркі» деген сөздің мағынасын оқушылардың қалай түсінетіні сұралады.Оқушылыр өз ойларын айтып тақырып ашыла түседі.Адаммен қарым-қатынас, жалпыға бірдей тәртіп ережелері, адамгершілік, кішіпейілділік туралы әңгімелей келіп, өз ойларын қорыта айтады.)

Адамдар бірін-бірі сыйлай білуі керек.Сонда ғана басқалар оны сыйлайды.Адамдар байқағыш,сезімтал, көреген болуы керек.Жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетімізді тастай алмасақ , бұл әдет бізді бірте-бірте дөрекі мінезділікке, адамды сыйлай білмеушілікке әкеліп соғады.Одан келіп шығатын қорытынды: мәдениетті болудың алғашқы қадамы - басқаны сыйлай білу.Жүсіп-Баласағұн: «Елдің өзегі - білік,кілті - тіл, қадір-қасиеті - кісілік.» деген екен.Сендер қалай ойлайсыңдар?(оқушылардың ойын білу) Құрметті оқушылар, ең бірінші амандасудан бастайық .Үлкендермен қалай амандасу керек?

Оқушылар: «Сәлеметсіз бе, ассалаумағалейкум, қайырлы таң, қайырлы кеш, кеш жарық » деп амандасады.

Негізгі бөлім: Мен де өз ойымды қосайын.Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады.Қол алысып амандасқанда қолғапты шешу керек, амандасқанда ұл бала бас киімін шешуі керек, таныс адамың алыстау болса, оған «сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ , ол сені көрсе басыңды йіп сәлемдес, үлкендермен, қыздармен сөйлескенде түзу тұрып, дұрыс жауап беру керек.Екі қолды қалтаға салып, шіреніп немесе қиқалаңдап, қозғалақтап тұру дұрыс емес, ол сыйламаудың белгісі.

(Оқушылар «Сыйлай білсең сыйланарсың» қасиетті сөзі бойынша өз ойларын айтады):

  • Үлкенді сыйлай білуіміз керек.Көшеде келе жатқанда қария адамдарға қол ұшын беріп, көмектесуіміз керек.

  • Трамвай, троллейбус, автобус ішіне қария адам мінсе, тұрып өз орнымызды беруіміз керек.

  • Көшеде келе жатқан қарт адам қолындағы затын байқаусызда жерге түсіріп алса, әдепті бала оны жерден алып береді.

Мұғалім: «Назгүл неге ұялды?» деген әңгімені айтып, оқушылармен бірге талдайды.

Назгүл екеуміз көкөніс алып келуге шықтық..Жол шетінде бір әжей демалып тұр екен.Қолында екі шелек алмасы бар.

  • Қыздарым-ай маған қол ұшын беріңдерші,-деп өтінді.Мен келістім.Назгүл жақтырмаған сыңай танытып, алға қарай озып кетті.Базар қашық емес еді.Әжей менің мейірбандық сезімімнің мол екенін, мұның өзі қыз бала бойындағы ең асыл қасиет екенін айта келіп, Назгүлге деген ренішін де жасырмады.Базарға жеткен кезде маған таңдап тұрып, ішіндегі ең ірісінен үш алма

ұсынды, «алмаймын» дегеніме көнбеді.Мен алманы таза орамалмен

сүртіп, сүйсіне жеп келемін.Назгүл анандайдан қайта -қайта қарап қояды.Алмаға қызыққаны байқалып тұр.

  • Ал, сен де ауыз ти, дәмді екен, -дедім бір алманы беріп жатып.

Назгүлдің екі беті қып-қызыл болып кетті.Әлгіндей қылығынан ұялған сыңайлы.

Мұғалім: Оқушылар, Назгүл дұрыс жасады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар? (сұрақ қою арқылы талдайды).

Оқушы: Үлкен адамдар балалардың жақсы қылығына риза болып, алғыс айтады.Оны өз балаларына, басқаларға үлгі етіп айтып жүреді.Алғыс - ақ тілеу, ізгі ниет.Оны тартып та, сатып та алуға болмайды.Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен, мінсіз қызметімен, қоғамға келтірген ерен еңбегімен ие бола алады. «Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» ,-дейді халық.

Енді жағдаяттық сұрақтарға жауап берелік:

1.Үйде бәрің теледидар көріп отыпсыңдар.Теледидарда болып жатқан бағдарлама саған ұнамады, бірақ ол ата-аналарыңның жақсы көретін бағдарламасы.Ал,сенің басқа арнада болып жатқан киноны көргің келіп тұр.Не істер едің?

Жауаптары:

  • Мен барамын да, теледидарды кино болып жатқан арнаға қоямын;

  • Мен ата-анаммен бірге болып жатқан бағдарламаны көремін, мүмкін қызықты болар;

  • Ата-анамды «Басқа арнада жақсы кино болып жатыр »,-деп көндіремін;

  • Ата-анам бағдарламаны тыңдамасын деп, алақаныммен шапалақтап, қатты айқайлап сөйлей бастаймын;

Түйін:Осы жоғарыда айтылған жағдайлар төңірегінде пікір алысайық.Ата-анаңызға әр түрлі әдістерді қолданып, сол киноны көруге көндіруге болады.Бірақ осылай істеген дұрыс па? Әрине, жоқ.aта-анаң саған көруге рұқсат бермесе, киноны көрмей-ақ қойған жөн.Олармен отырып, сол болып жатқан бағдарламаны көр, бірақ ең алдымен «Көруге бола ма?»,-деп рұқсат сұрап ал.

2.Үйде анаңның басы ауырып жатыр, ал сен магнитафонды қатты шығарып, ән тыңдағың келіп тұр.Не істер едің?

Жауаптары:

  • Магнитафонды қатты қоямын, себебі менің еш жерім ауырып тұрған жоқ.;

  • Магнитафонды қоспаймын;

  • Досымның үйіне барып тыңдап келемін;

  • Анама ұнайтын әдні қоямын, мүмкін анамның басы жазылып кетер;

  • Анама «Бас аурадың ең күшті дәрісі - жақсы ән »,-деп магнитафонды қосып қоямын;

Түйін: Магнитафонды ата-анаң жұмыста болғанда тыңдауға болады немесе алдымен олардан рұқсат сұрап ал.

Қорытынды:

Мұғалім: Айналамыздағылармен сыпайы қарым-қатынас жасау адамның жеке басының беделін түсірмейді, шамадан тыс еңбекті де қажет етпейді.Ол әбден әдетке айналған соң, ешқандай қиындықсыз-ақ инстинг түрінде іске асады.Сыпайылық , әдептілік адамда жас кезінен қалыптасады.Сондықтан сіздер әуелі өз басыңызда осы қасиетті толық қалыптастыруға талаптануларыңыз керек.Ол үшін әр істеріңізге «Мен дұрыс істедім ба, әлде бұрыс істедім ба?»-деп сұрақ қойып, сол сұраққа жауап беруге тырысыңыздар.

Әр істі осылай талдап, қатесі болса түзеп, дұрысын одан әрі шыңдай беру қажет.Сонда ғана сендер үлкендерге сый-құрмет, кішілерге жол көрсете аласыңдар.Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті,

кішіпейілділікті жоғары бағалаған.Отбасында жастарды ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.Халқымыз өз ұрпағын:

Әдеп сақтау - адамдар арасындағы қарам-қатынас ережелерін орындап жүру, ол әлеуметтік қоғам мүшелерін қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндетттейді.








© 2010-2022