Л дыбысы 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту,

қорыту,мнемотехнология.

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: математика,бейнелеу өнері.

Оқыту нәтижесі: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Бақыт деген осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері

Бақыт деген көрмей қалса сағынып,

Мен іздейтін адал жүрек сендегі.

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.

Білім

АКТ

3мин

Ойын: «Сөз ойла - тез ойла!»
А - ата, апа, алма, асқабақ, алмұрт…
Т - тауық, ата, тырма…
Н - нан, ана, науа…
П - парта, апа, піл…

Ғ - ғарыш, ғарышкер, аға…
Р - рауан, ара, зымыран…

Оқушылар өз білгендерін ортаға салады, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

«Әуе шары»

СТОү

6мин

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз дыбыстар деген не?

Сөз неден құралады?

Буын деген не?

Сөйлем деген не?

«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?

Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?

-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

Қолдану

ДЖИГСО әдісі

ТжДБО

7мин

Шөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секетемей деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

Өлеңді хормен айтады. Өлең мазмұнына түсінік береді.

Сергіту сәті

АКТ

2мин

«Көңілді күн» әуенімен жаттығу жасау

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

Топпен,жұппен

ЖЕСО

7 мин

(Жаңылтпаш жаттау)

-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)

«-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.»

Жазу дәптеріндегі л әрпін жазудың элементтерімен таныстырып, үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Жинақтау

«Сәйкестендіру»

ОүБ

7 мин

«Қай әріп жоғалып қалды?»

А…ма. Ап…а. Та…а. Н…н.

сөздеріне байланысты шығармашылық жұмыс жүргізу.

Дыбыстық, буындық талдау жасау.

Мадақтау.

ОмОБү

5 мин

-Л дыбысы қандай дыбыс?
- Л дыбысы бар сөздерге мысал келтір?
- Л дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Динамикалық үзіліс бой сергіту

жаттығулары «кубик»

(лақ, лото, лимон,люстра)

Сабақты қорытындылау.



© 2010-2022