Сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СабақСабақДүниетану 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Сабақ Мақсаты: 1.Өсімдіктің басты мүшелерінің бірі сабақтың маңызын түсіндіру. 2. Ой-өрісін дүниетанымын дамыту,сабаққа деген қызығушылығын дамыту. 3. Өсімдіктерді танып білуге, қорғауға тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену Көрнекілігі : өсімдік суреттері,СТО,ойын тапсырмалар,дүниетану оқулығы 2 сынып, 777 жұмбақ Түрі: аралас,дәстүрлі емес сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік Топқа бөліну гүлдер таңдап алу 2 топқа бөлінеді 1 топ Раушангүлдер тобы 2 топ Түймедақ гүлдер тобы Бүгінгі дұрыс жауап берген балаға жапырақ беріп отырамын қанша жинасаң сонша аласың ,ал сәттілік болсын.Қане екі топ бір-біріне сәттілік тілесін. Балалар бүгінгі сабағымызда не істейміз екен соны білу үшін мына тапсырмаларды орындасақ олардың артында не жазылғанын біле аламыз қане жауаптарын айтып көрелік. 1.

6+7 11-7 8+6 12-6

8+5 17-8 11-6 13-5

16-7 7+6 12-8 14-9

15-8 9+4 9+9 9+2

8+3 7+7 13-6 9+6 Оқимыз ойлаймыз жұмбақ шешу өсімдік сабағы Кестедегі мысалдарды шығара отырып не жазылғанын оқу ендеше біз бүгін сабақта не істеуіміз керек ?оқимыз,ойлаймыз, жұмбақ шешу ,өсімдік сабағы ,бүгінгі өсімдік сабағы қандай болады сабағымен не істейді деген сұрақтарға жауап алуымыз керек. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : ІІІ. Өткенді пысықтау. Сиқырлы шаршыдағы сандарды таңдаймыз сол сандар бойынша мен сендерге сұрақтар қоямын ал дайынбыз ба ? қане бастайық 50 40 30 60 10 20 70 90 80

50-Ауаның қасиеттерін ата, 40- өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады ? 30-Судың үш күйін ата. 60-топырақтың құрамын ата. 10-Судың қасиеттерін ата, 20-Тамыр деген не ? 70-Өсімдіктің неше түрі бар ? 90-Жұмбақ шешу Қарасаң көзге көрінбес Балтамен шапсаң білінбес (ауа) 80-Жылт-жылт еткен, Жылғалардан өткен (су) ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сөзжұмбақ шешу 1.Үш түрлі күйде болады ? (су) 2.От жануға қатысатын не? (ауа) 3.Заттардың үстінен қарағандағы суреті (сұлба) 4.Суды несімен ішеді.(тамыр) 5.Өсімдік қай жерде өседі ?(топырақ) Сөзжұмбақтағы қызыл белгімен белгіленген сабағымыздың тақырыбы . Сабақ туралы не білесіңдер сабақ не үшін керек соны топпен сызбаға түсіріп көрелік. Топтар сабақтың сызбасын өз беттерінше түсіреді. Балалар сабақ деген не екен, ендеше ол сабағымен не істей алады ? Балалар,үйде өсетін ,бақшада өсетін өсімдіктердің сабақтары қандай болады ? - Барлығының сабағы бірдей ме? Олай болса, интербелсенді тақтаға қарайық.Қандай өсімдіктерді көріп тұрмыз ? Осы өсімдіктердің сабақтарына назар аударайықшы.Сабақ түрі нешеге бөлінеді деп ойлайсыңдар ? Әрине 2-ге тік және өрмелегіш сабақтар Ү. Жаңа сабақ:Сабақ өсімдік бойын ұстап тұрады. Ол қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің бүкіл бойына жапырақтан тамырға қарай жеткізіп, өткізгіштік қызмет атқарады. Сабақ тыныс алуға да қатысады. -Оқулықпен жұмыс - іштей оқу сабақ-жуан, аласа, жіңішке болады. Тік сабақ, өрмелегіш сабақ. 1 ойын ойнау Өсімдік құрастыру Сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдік құрастырады 1.Өсімдік онымен жерге бекиді. 2.Су өткізіп тыныс алуға қатысады. 3.Әдемі қарасаң көзің тоймайды,кейін жеміс не тұқым болады, Бұл қандай өсімдік шықты сабағы қандай ?( Күнбағыс ) Күнбағыстың пайдасы туралы айтып бер ,қай жақта өседі ?Біз жақта өсетін өсімдік пе ?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. Сабақ қандай қымет атқарады? Сабақ түрлері туралы не білдік? Сабақ өсімдікке неге керек? Сабақ қандай мүше? Тік сабақ деген не? Өрмелегіш сабақ деген не ? Гүл мен ағаш аттарын табу.Гүлдердің пайдасы мен ағаштың пайдасы туралы сызбасын сызып көрсетейік. гүлдер ағаштар



ҮІІ. Бекіту. Суреттерге талдау .Екі топқа қорытынды шығару. ҮІІІ .Үйге тапсырма 1.түсініп оқу 2. Бағалау.

© 2010-2022