Бастауышым-бал бұлағым

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы. Бастауышым-балбұлағым Кіріспе бөлім: (Көңілді музыка ойнап тұрады) Ортаға ертекші шығады:\ Толқын\ Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «Балбұлақтықтар» « Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2014 жылдың 23 мамырында айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын. Орталық хан: \ Ілияс\ Пай, пай, қош келдің бауырым! Балбұлақ хан:\Мәдениет\ Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім. Орталық хан: Әрине, еркем! Кел, кел. (Екеуі құшақтасып амандасады) Балбұлақ хан\ Мәдениет\ Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. 2010 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл -ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды. Орталық хан: Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып - жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен, Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын. Балбұлақ хан: Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Ал, ендеше көрелік Көңілді әуен ойналып, ортаға сынып жетекшісі шығады. Сынып жетекшісі: Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз ақыл-ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыныны ажырата білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Ортаға бүгінгі тойдың иесі 4 - сынып оқушыларын шақырайық. Ортаға Мадениет, Салауат, Жандарбек, Жақсыберген бимен шығады. \ Мен қазақпын\
Мадениет : Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, Кез келді сіздерден ақ бата алар, Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін, Бар қауым тамсана таңдай қағар.

Жандарбек : Добрый день, дорогие друзья,-
Гости, родители, учителя!
Мы очень рады видеть вас
В этот день и в этот час.
Көңілді әуен ойналып, ортаға Салтанат шығады. Салтанат:Білім алған өзіңнен Шәкірттердің бірімін Бақытты етіп өсірген Анама басты иемін
Салтанат қызбын әдемі, Көркіне сай әдебі Есепке де жүйрікпін, Ұстаз болғым келеді Салауат: Тез үйрендік әділ мен адамдықты Жирендік, ажырыттық жамандықты Әжемнің қуанышы Салауатпын Ел қорғаны, мен ертең болам мықты Жақсыберген: Гүлге толы жан-жағым, Асыр салып жүгірдім. Өсті талап-талғамым Көп нәрсені ұғындым Маңғазданып, аз сөйлер Жақсыберген деген ұлыңмын Жандарбек : Жұп жазбастан жүреміз Біздің сынып мақтаулы Өйткені біз сүйеміз Дәйім тәртіп сақтауды Біздің сынып - мақтаулы Оқуда да алдамыз Біздің сынып осындай Салтанат: Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар, құр сөзбен мақтана бергеннен ешкімге ештеңе дәлелдей алмаймыз. Мадениет : Дұрыс айтасың Салтанат . Мына отырған ата-аналарымыз бен Қонақтарға өз білімімізді көрсетудің жолын таптым Ғылыми жоба. Барлығы: Дұрыс, дұрыс. Ендеше іске сәт! Қоңырау соғылады. Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» М. Мақатаев Мұңды музыканың сүйемелдеуімен

Автор (Салауат): Бала жатыр төсекте албыраған

Әке жатыр еденде қалжыраған

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған

Түні мынау - тамыздың маужыраған

Тауың мынау - шымылдық салбыраған

Бала жатыр төсекте күйіп жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып

Қайдағы қатігез бір сұрқай ойлар

Миын қарып барады, миын қарып

Ана: (Салтанат) - Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

Ұмытылып кетті ме санатыңнан

«Жетім көлге барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік

Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт

Әке (Мадениет): - Апырай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана

Айдынның аққулары ұйықтағанда

Өрген мал, өскен шырша абайлаған

Барлығы қасиетке қарайлаған

Оқ атам қасиетке қалай ғана

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам

АНА: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі?

Балам өлсе бақыттың керегі не?

Топан су басып кетсін қалғандарын

Перзент сұрап несіне армандадың

Құрысын онсыз сенің жалған бағың!

Мылтықты әкел, Атты ертте! Жалған бәрі!

Мұғалім: иә, балалар, қазақ тілінің құдіреті осында. Бір ауыз сөзбен жадыратып, балаша қуантса, бірде бір ауыз сөзбен көңілге мұң ұялатар тіл кереметі осы. Әркез өз ұлтының тілін сүйетін, қадірлейтін және достарын өз соңынан ілестіре білетін азамат болып өсіңдер.

Киім кию.


Жандарбек: Біз төрт жыл бойы бәріміз бірге оқыдық. Бізбен бірге ата-аналарымыз да балалыққа талай сапар шеккен болатын. Олар бізге қиын есептерді шешуді, шығарма жазуды, картадан өзедер мен көлдерді, қалалар мен мемлекеттерді табуға болысты. Бір сөзбен айтқанда ата-аналарға РАХМЕТ (барлығы бірге) Сол себепті біз ақылдаса келіп, мынадай шешімге келдік. «Алғыс хат» Бастауышым - балбұлағым атты кешті ұйымдастыру комитетінің шешімімен 4 жыл көлемінде сапалы білім алып, саналы оқушы атануымызға тер төгіп, аянбай еңбек еткені үшін ұстазымызды және ата- аналарымызды марапаттаймыз.
\ 4- сынып оқушылары\ Ән « Ұстазға тағзым.»\ Хор\

.

Интермедия

Тақырыбы: Оқушы арманы

Ортаға оқушы шығады. (Мадениет) Ортаға үлкен қорап келеді.

Мадениет : Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді орындайтын жын жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?

Ашып көрем бе екен?

Ары, бері жүреді. Санамақ ойнап жібереді ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын, ашайын

  • Әй, қойшы, ашып көрейін!

Музыка ойналады да, қораптың ішінен Жын шыға келеді

Жандарбек: Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.

Мадениет : Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік.

Жандарбек : Апырай-ай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдық қой!

Мадениет : Жарайды, жарайды.

Үйге берілген тапсырмалар орындала қалса екен!

Жын сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)

Мадениет: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!

Салауат : Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп жатыр!

Мадениет : Қайдағы, сен біздің Рауза Жатбекқызын білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда, атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді,

ЖЖандарбек: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым керек. Үлгермесең, өз обалың , өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!

Мадениет: Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында! Маған біздің сыныптағы Салтанаттың ән салғаны ұнайды. Өзі де сүп-сүйкімді. Дәп қазір Салтанат осы жерде бола қалсын!

Жын сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде сыныпқа Салтанат ұрсып кіреді

Салтанат: А - а, Самарханов осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі қате,, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «Бірінші мамыр халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бі-рін-ші

Мадениет Салауатқа қарап:

Ей, Жын, Мынаны әкет, тез, тез!

Салтанат кетіп қалады.

Мадениет : Уһ! Кетті -ау әйтеуір! Сен қандай Жынсың өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!

Салауат: Сен маған Салтанат алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!

Мадениет: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал еңбегіңмен тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе екен? Жоқ-жоқ ! Рауза Жатбекқызы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деді емес пе?

Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.

Мадениет : Таптым, таптым! Әй, Жын тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Елімде сәбидің шат күлкісі ес әрдайым тыныштық болсын!

Жанболат сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық ұлдары шығып Мадениет құшақтысып, амандасады, «Алға, қазақ, жігіттерін» айтады

Ұлдар «Алға қазақ жігіттері»

Шаттық шеңбері

Мұғалім: Құрметті, оқушылар! 1-қыркүйекте өздеріңмен осындай шаттық шеңберінде тұрып танысқан болатынмын. Енді міне осы шаттық шеңберінда сендерге ақ жол тілеп орта буынға шығарып салып тұрмын. Осы қоштасар сәтте «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.

Ант беру рәсімі

Салтанат : Біз 4 сынып ұлдары мен қызы ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстазымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Қорытынды.

«Орталық» хан: Бәрекелді, жарайсыңдар! Жарайсыңдар! Мен сендерді өз хандығыма қуана қабылдаймын. Қанаттарың талмай самғай беріңдер жас өрендер!

Құттықтау сөз қатысушыларға беріледі.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.

Мектебім биі.







© 2010-2022