Сабақ жоспары математика 3-сынып Екі әріпті өрнек

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика 3- сынып мерзімі___________ Сабақтың тақырыбы: Екі әріпті өрнек Сабақтың мақсаты: 1.Eкі әріптен тұратын өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастыру; 2.Ауызша көбейту, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту дағдыларын жетілдіру; 3.Дәптерге ұқыпты, әдемі жазуға баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, өткенмен байланыс. Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер, оқулық. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Армысың асыл күн

Армысың асыл жер,

Армысың досым Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер.

Үй тапсырмасын тексеру: -үйге берілген есепті тексеру. III.Жаңа сабақты түсіндіру. Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықты анықтау. Санды өрнекті тап ,оны есепте. Әріпті өрнекті тап. K+m m-12 12+154+c 78+65-24 495-249 b>c 45<208 Жекелей туындаған қиындықтың себебін анықтау. Балаларға санды өрнектің мәнін тапқандығын айту. Ал әріпті өрнектердің мәнін таппағандын айту. Себебін анықтау. 12+154+c K+m Қиындықтан шығу. Есіңе түсір! Әріптен тұратын өрнекті қалай табуға болады? №1 тапсырма орындалады. d 6 7 8 d*8 48 56 64 560-d 554 553 552
2 есепте алдымен көбейту амалы, содан соң қосу немесе азайту амалы орындалады. 8*6-9=39 60-8*4=28 72:8+25=34 8*8+36=100 8*9+28=100 Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі. Бекіту. Амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады. Ол үшін оқушыларға №5 тапсырма беріледі. 526+18:2=535 346+18:2=355 6*2+18:3=18 284+77-25=336 Өткен тақырыппен жұмыс. №3 тапсырма мұғалімнің басшылығымен тақтада және өз орындарында орындалады. Есептің шарты мұғаліммен бірге талқыланады. №4 тапсырма (а және ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі. Тіктөртбұрыштың периметрін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады. Өздік жұмыс ретінде №6 теңдеуді шешу (1-бағаны) ұсынылады. №7 логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді. Үйге тапсырма беру Үйде орындауға №6 (2-3-бағаны) тапсырма беріледі. Сабақты қорытындылау.

  1. Сабақта нені қайталадыңдар?
  2. Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
  3. Қандай тапсрмада қиындық туындады?
  4. Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
  5. Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау


© 2010-2022