Дүниетану сабақ жоспары Жануарлар неліктен құрып кетеді? 3 Б сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: дүниетану

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы. Жануарлар неліктен құрып кетеді?

Сабақтың мақсаты: Қызыл кітапты оқуды әрі қарай жалғастыру; балаларды қоршаған дүниеге қамқорлық жасауға, аялауға үйрету; Жер бетіндегі барша адамзат баласына арналған экологиялық ережелер.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, «Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбындағы суреттер, «Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар», «Қызыл кітап» кітаптары.

Сабақтың барысы:

Мұғалім өткен материалдарды пысықтау мақсатында Жер бетіндегі тіршілік шеңбері тақырыбына қайта оралады.

  • Табиғатта барлық батпақты жер кеуіп кетсе не болады?
    Қасқырларды құртсақ ше?

Балалардың жауаптары нәтижесінде Жер бетіндегі тіршілік айналысынан тұратын тізбек құралады:

Батпақ - жәндік - құрбақа - құтан және т.б.

  1. Оқулық бойынша жұмыс.

а) «Жануарлар неліктен құрып кетеді?» тақырып мәтінін оқу.

ә) Суреттерді қара.

б) Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме:

Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?

  • Қорықтар, ұлттық бақтар не үшін қажет?

    1. Топтарға бөлініп жұмыс істеу.

  • Қызыл кітап бізге қандай мәлімет береді?

  • Ол адамдарды неге үндейді, нені ескертеді?

    1. Балаларға арналған хабарлама.

Алдын ала дайындалған балалар Қазақстан заңдарымен
қорғалатын қоқиқаз, барыс, қызғалдақтың, балықтардың сирек түрлері туралы өңгімелеп береді.

    1. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері.

Топтарға бөлінген оқушылар осы ережелерді пысықтайды.

Негештің сұрағы:

  • Жануарлар неге жойылады? Оның басты себептері неде?

  1. Сабақты қорыту.

  • Ауаның ластануы неге әкеліп соқтырады?

  • Ауаны, су мен топырақты қалай таза сақтауға болады?

  • Жерді қоршаған дүниені сақтау үшін адамзат баласы не
    істеуі керек және не білуі қажет?

  1. Үй жұмысы. Мәтінді оқу. Өзіңнің Қызыл кітабыңды жаса.



© 2010-2022