Математика 2-сынып. Тақырыбы: Шаршы мен тіктөртбұрыш

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып математика

Сабақтың тақырыбы: Шаршы мен тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі.

Сабақтың мақсаты:

1.Тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, фигураларды салыстыруға үйрету.

3. оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық фигуралар және әртүрлі заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: тіктөртбұрыш пен шаршының негізгі қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру; Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, фигураларды салыстыруға үйрету.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

68-бет.№5.Өрнектердің мәнін тап.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық ретінде мынадай жұмыстар жүргізіледі: тақтада балаларға таныс барлық геометриялық фигуралар сызылады (нүкте, тіктөртбұрыш, түзу және қисық сызықтар, үшбұрыштар). Оқушылар қандай да бір белгілері бойынша фигураларды топқа біріктіреді.

Балалар бұрыш түрлерін қайталап, үшбұрышты сызғыштың көмегімен өлшеп, берілген көпбұрыштардың бұрыштарының қандай екенін анықтайды. Содан кейін 7-тапсырманы орындауға болады.

1-тапсырманы орындау кезінде оқушыларды төртбұрыштардың ішінде барлық бұрыштары тік фигураның бар екенін, оның тіктөртбұрыш деп аталатындығы, ал қабырғалары бірдей болса, оның шаршы деп аталатындығы туралы қорытындыны жасауға жетелейді.

ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену.

Жаңа сабақпен таныстыру оқулық бойынша жүргізіліп, практикалық жұмыс арқылы бекітіледі.Алдын ала қағаздан қиылып дайындалып қойған тіктөртбұрыштар мен шаршылар оқушыларға таратылады. Алдымен бұрыштардың барлығының тік екені көз мөлшермен немесе үшбұрышты сызғышпен тексеріліп алынады. Тіктөртбұрыштардың қарама-қарсы қабырғаларының тең екендігін оны екіге бүктеу арқылы көреді, ары қарай қалған қабырғаларын да тексереді. Балалар «қарама-қарсы қабырғалар» түсінігімен танысады. Осы іс-әрекет шаршымен де қайталанады. Қабырғаларының тең екендігін тек қарама-қарсы қабырғлары арқылы ғана емес, диагональ бойымен бүктеу арқылы көрсету керек. Барлық қабырғалары тең және барлық бұрыштары тік немесе барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыштың шаршы болатындығы туралы қорытынды жасалады.

Ү. Сабақты пысықтау.

Пысықтау жұмысы оқулық бойынша жүргізіледі. 2-тапсырма (тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін қорытындылауға арналған).

Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс. Алдын ала геометриялық фигуралар жинағы дайындалып алады. Осындай тапсырмаларды орындау қиындық әкелмейтін оқушылар өз картиналарын құрастыра алады.

Бұл ойын жұппен немесе топпен өткізіледі. Бұл үшін 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған бір түсті карточкалар және толық ондықтарды (10, 20, 30...90) білдіретін сандар бар басқа түсті карточкалар қажет. Карточкалар екі жерге теріс қаратып орналастырылады. Балалар сандарды көрмейді. Балалардың бірі ондықтардан тұратын карточкалардың бірін, ал екінші бала бірліктерден тұратын карточкалардың бірін алып көрсетеді, өзге оқушылар санды атайды. Балаларды санға бірден талдау жасауға үйреткен жөн. Мысалы, 23 санында екі ондық, үш бірлік бар.

ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 70-бет №5 72-бет№3

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.



© 2010-2022