Дүниетану Ас қорыту жүйесі 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану Ас қорыту жүйесі 3-сыныпДүниетану пәні бойынша 3-сыныпқа арналған

қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижесі: Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру, ойлау, синтездеу, талдау, қорытындылау қасиеттері дамиды.

Әдістер: «Адасқан әріптер» ойыны, АКТ, «Қарлы кесек» стратегиясы, семантикалық карта.

Ресурстар: Оқулық, постер, интербелсенді тақта, маркер.

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

І. Білу.

10 мин.

Сергіту сәті.

Музыка ырғағымен таңдап алған шарларын үрлейді.

-Тыныс алу жүйесі мен шар үрлеудің арасында байланыс бар ма?

(Үй тапсырмасын қорытындылау)

Топқа бөлу.

«Адасқан әріптер» ойыны

літ - тіл

іст - тіс

уазы - ауыз

шеңө - өңеш

назақса - асқазан

екшіаш - ашішек

оқшеткі - тоқішек

шақнытжұт -жұтқыншақ

раубы -бауыр

1-топ Қызыл шарлар

2-топ Көк шарлар

3-топ Жасыл шарлар

Оқушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрастырып, әр сөзге түсінік береді.(ас қорыту жүйесіне байланысты не білетіндерін байқаймын)

ІІ. Түсіну.

10 мин.

Оқулық бойынша жұмыс.

«Қарлы кесек» стратегиясы

Мәтінді 3 бөлікке бөліп, оқушыларға таратамын.

  1. Жеке оқиды.

  2. Топта талдайды.

  3. Әр оқушы өзіне берілген мәтінді басқа топтарға барып түсіндіреді.

Оқушылар түсіндіреді және әр топта жақсы сөйлеген, яғни өз ойын жеткізе білген оқушыны таңдайды.

ІІІ. Қолдану

IV.Талдау

8 мин

Семантикалық карта арқылы тақырыпты қалай меңгергендігін анықтаймын.(+,-)

  1. Ас қорыту ауыз қуысынан басталады.

  2. Тіс жұмсақ және қара түсті болады.

  3. Жеген тамақ тістеледі, шайналады, сілекеймен шыланады.

  4. Асқазаннан өңешке өтеді.

  5. Ашішек ас қорытатын сөл бөледі.

  6. Қорытылмаған тамақ тоқ ішекке өтеді.

  7. Қорытылған заттар қанға өтеді.

  8. Зиянды заттарды ұдайы бөліп шығаратын негізгі ағза - бүйрек.

Оқушылар жеке картамен жұмыс істейді. Бүгінгі материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс болса +, қате болса - таңбаларын қояды.

3 мин

Сергіту сәті.

V.Жинақтау

7 мин.

«Адам не үшін тамақтанады?»

Берілген тақырып бойынша ассоциация құрастырады және қорғайды.

VI.Бағалау.

2 мин.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау.





© 2010-2022