Сабақ жоспары математика 3-сынып Миллиметр

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары математика 3-сынып МиллиметрСабақ жоспары математика 3-сынып МиллиметрСабақ жоспары математика 3-сынып МиллиметрСабақ жоспары математика 3-сынып МиллиметрСабақ жоспары математика 3-сынып МиллиметрМатематика 3- сынып мерзімі___________ Сабақтың тақырыбы: Миллиметр Сабақтың мақсаты:
  1. Сызғышты пайдаланып,кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуге үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.

  2. Оқушылардың ойлау,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.

  3. Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, өткенмен байланыс. Сабақтың көрнекілігі:кестелер, суреттер, оқулық. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-амандасу

-оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Мақсатымыз, білім алу,

Міндетіміз еңбектену,

«5»-ке қолды жеткізу. Тірек білім, білікақтадағы, дағдыларын белсендіру.

  • Балалар, сендер қандай ұзындық өлшем бірліктерін білесіңдер?
  • Сызғышта қандай өлшем бірлік жазылған?
  • Қандай саннан бастап өлшеуді бастаймыз?

«Кім жылдам?» ойыны. Балалар т ақтадағы өрнектерді жылдам ауызша есептеп айтады.1*10=10 1*1000=1000 3*4=12 4*4=16 7*9=63 9*8=72

Содан кейін №1 тапсырма орындалады.

Оқулықта берілген кесінділердің ұзындықтарын өлшеп табады.

Тақтаға білетін барлық өлшем бірліктер жазылады.

Ұзындық өлшем бірліктері


Клометр метр дециметр сантиметр миллиметр


  • Сантиметрден кіші өлшем бірлік қалай аталады?

Кестемен жұмыс. Ұзындық өлшем бірліктерінің кестесін қарастырылады. №2 Өсу ретіне қарай орналастыр. Тақтаға шығып орындайды. 2см 3мм; 3дм 7см; 5дм 3см; 7м 4см; 741мм; 741 м; 1км. №3 көрсетілген өлшем бірліктерін өрнекте.

1см=10мм 40см=400мм

2дм 1см=21см 210см=21дм=2м 1дм

78мм=7см 8мм

546мм=5дм 4см 6мм
Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық №4 Доғал бұрышы бар үшбұрыштардың периметрін тап. Жауабын мм өрнекте. Бекіту. Амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады. Ол үшін оқушыларға №5 тапсырма беріледі. 400-(325+25)=50 (652-526)*1=126 284+77-25=336
Өткен тақырыппен жұмыс. №7 тапсырма кесте мұғалімнің басшылығымен тақтада және өз орындарында орындалады. Өздік жұмыс ретінде №6 теңдеуді шешу (1-бағаны) ұсынылады. №7 логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді. Үйге тапсырма беру Үйде орындауға №6 (2-3-бағаны) тапсырма беріледі. Сабақты қорытындылау.

  1. Сабақта нені қайталадыңдар?
  2. Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
  3. Қандай тапсрмада қиындық туындады?
  4. Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
  5. Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау


© 2010-2022