2-сыныптың музыка пәніне орта мерзімді жоспар үлгісі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка, 3-тоқсан, 2-сынып



Күні






Сабақтың тақырыбы

мен

мақсаты

Оқушы белсенділігін

арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқып -үйренудің нәтижесі. Оқушы тақырып бойынша не білді?

Сөйлеу мәдениетін

жетілдіру.

Қолданылатын бағалаудың түрі. Бәрінің сабаққа қатысқанын білу

Негізгі дерек-

көздер мен құрал-жабдықтар

Концерт залына саяхат Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыра отырып, концерт залында өзін қалай ұстау керектігі екені туралы әңгімелеу, концерттің адам рухын көтеруге бере әсері туралы әсемдікке тәрбиелеу

Сыни тұрғыдан ойлау, диалог, мағынаны тану, оқудағы драма

Сыныпты театр сахнасы деп елестетіп, өз әлдерінше «концерт» қояды.Өмірмен байланыстырады.

Жадыны жаңғырту арқылы концертке барған сәттерін еске түсіру; театрдағы ережелермен танысу, әңгімелеу арқылы

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Өнер ордасы- театр

Театрға тән терминдермен танысу, спектакль, артистер , режиссер, оркестр сөзінің мағынасын ашу, жаңа ән үйрену арқылы өнерді қабылдау

Қабылдау, тыңдау, ой толғау, сыни тұрғыдан ойлау, баяндау

Бірлесіп жасаған жұмыстың әрқашан табысты, бірін-бірі толықтыра алатынына көздері жетеді.Табыс кілті-бірлікте деп түсінеді.

Өздері ой-қиялдарына ерік беру арқылы;

Суретпен жұмыс жасау арқылы;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Филармония - өнер шаңырағы

Филармония, әнші, скрипкашы, гастроль, репертуар, капелла сөздерінің мағынасын тануға жұмыстану арқылы эстетикалық тәрбие беру

Мағынаны тану, жадыны дамыту, ой толғау, диалог құру

Өмірмен байланыстыру арқылы жаңа сөздермен жұмыс жасайды. Өнер ұжымдарының сапарлары мен табыстары туралы өз ойларын баяндайды.

Суретпен жұмыс жасау арқылы;

Музыка тыңдау арқылы;

Өзара диалог құру арқылы;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Камералық музыка

Камералық концерттердің өзіне тән ерекшеліктерін әңгімелеу, мағлұмат беру, ән орындау дағдыларын жетілдіру.

Ән тыңдау, баяндау, өзара диалог құру, оқудағы драма

Музыка тарихына саяхат жасай отырып, камералық ансамбльдің пайда болуы мен дамуы туралы білімдерін бекітеді.

Суретпен жұмыс жасау арқылы;

Музыка тыңдау арқылы;

Өзара диалог құру арқылы;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Ең үлкен музыка аспабы- орган Орган аспабының құрылысымен танысу. Еуропа аспаптарына сүйіспеншілікпен қарау, жаңа ән үйрену

Сыни тұрғыдан ойлау, диалог, мағынаны тану, оқудағы драма

Әлемде бірдей жасалған орган аспабы жоқ екенін біледі, себебін анықтайды. Жергілікті сазгер Көмек Ыбыраевтың әнін үйрену

Көру, есту, салыстыру арқылы, суретпен жұмыс арқылы, өзара диалог құру арқылы

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Халық музыкасының концерті

Халық музыкасын құрметтеу, оркестр құрамымен танысу, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрімен танысу.

Тыңдау, қабылдау, салыстыру, сыни тұрғыдан ойлау

А.Жұбановтың қазақ музыкасына сіңірген еңбегін біледі, оркестрдің тарихынан мағлұмат алады. Күй тыңдап, көз алдына елестету қабілеті дамиды.

Жадыны дамыту арқылы, сұрақ-жауап арқылы, суреттер арқылы

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Хор өнері

Хор өнерімен танысу, оның пайда болу тарихынан мағлұмат алу, хормен ән салу дағдыларын дамыту

Қабылдау, тыңдау, ой толғау, сыни тұрғыдан ойлау, баяндау

Адамдардың неліктен қосылып ән салатыны туралы біледі. Халықтық хорға назар аударады.

Сұрақ-жауап арқылы, диалог құру барысында;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Қазақ халқының биі

Бидің, қазақ халқының биінің пайда болуымен танысу, оқушылардың биге деген қызығушылықтарын арттыру

Сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктерін ескеру

Бидің ырғағын сезінеді, соған сәйкес қимыл үйлестіреді. Бидің пайда болу, даму тарихымен танысады.

Өздері ой-қиялдарына ерік беру арқылы;

Суретпен жұмыс жасау арқылы;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Қазақ эстрадасы

Қазіргі заман музыкасы қазақ эстрадасымен танысу, әншілерді атау, ән айту өнерін дамыту

Сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктерін ескеру

Эстрада туралы өз ойымен бөліседі. Музыкалық жанр туралы мәліметтер алады.

Сұрақ-жауап арқылы, диалог құру барысында;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон

Туған өлкем. Халық әні «Елім-ай»

Әннің шығу тарихымен танысып, туған елге, жерге құрметін арттыру

Сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктерін ескеру

Елім-айды тыңдайды, ішкі сезімдерін баяндайды

Сұрақ-жауап арқылы, диалог құру барысында;

Формативті, бірін-бірі бағалау

Оқулық, суреттер, интернет беттерінен мәліметтер, магнитофон



© 2010-2022