Көркем әдебиет: Қайырымды қоян

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлау класы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

Білімдік саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қайрымды қоян» ертегі

Мақсаты: Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, балаларды қайрымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі мазмұнына сәйкес суреттер

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Дәлелдеу, ояту

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Тәрбиешіні іс-әрекетін қайталау

Ұйымдастыру, іздену

Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттерін көрсету арқылы ертегіні баяндау

Сұрақтар:

- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақырды?

- Бала қонаққа кімдерді шақырады?

- Әкесі баласына не үшін ұрысты?

- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

- Қоян қандай қайрымдылық жасады?

- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, ертегі жайлы түсінгендерін әңгімелеп беру

Жауаптар

Өлеңді қайталау


Рефлекстік- түзету

Қорытындылау. Дидактикалық ойын, «Досым-менің мақтанышым», балалар бір-біріне гүл ұсынып достарының жақсы қасиеттерін атау:

- Рамазан, сен менің мейірімді досымсың.

- Мақпал сен ақылды қызсың

Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды».

-Балалар қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.

Балалардыың іс-әрекеттері, жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Балалар қоянның қайырымды екенін білді

Игеру: Достарға көмектесіп, қамқор болуды игерді

Меңгеру: Қалай жақсылық жасау керек екенін меңгерді



© 2010-2022