Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ-ел тірегі» (ғажайып әріптерге саяхат сабағы)
Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға,жазуға; дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге, сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, оқушылардың оқыған білім деңгейін саралап, үйренген өнер, оқу, тәрбие жұмыс түрлерін көрсете білу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту,өзара дұрыс байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Әр түрлі ойындар арқылы қазақ тіліне кызығушылықты арттыру. Оқушылардың белсенділігін арттыру, білімділікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,сабақ үстінде өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: мақалдар, қазақ тіліне тән әріптердің суреттері, күннің суреті, суреттер,тапсырмалар

Барысы:

Ұйымдастыру. Амандасу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар, келген қонақтар!
Бүгін біз сіздермен « Ғажайып әріптер» атты іс-шараға жиналып отырмыз.
Кел, балалар ойлайық!
Ойлайық та,ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық-дей отырып сабағымызды жұмбақ шешуден бастайық.

  • Байқасаң қырық екі бар болғаны,
    Қосылып бір-біріне сөз қозғады.
    Он бесінің кәдімгі дауысы бар,
    Жиырма бесі дауыссыз ым жолдады.
    Екеуі үнсіз-түнсіз мылқау нағыз,
    Тоғызы шеттен келді, қабылдаңыз.
    Тоғызы ерекше бір көрік берер,
    Шешуін жұмбағымның ал табыңыз.

Жауабы:

Болса егер бас -аяғы қырық екі,
Байқаймын бұл қазақтың алфавиті.
Дауысты, дауыссыздар қырық болса,
«Жуандық», «жіңішкелік» белгі екі.
Тоғыздың тілден бөлек сөз құрасы,
Тоғызы бабалардың өз мұрасы.
Ойланып көрсең егер, талапты жас,
Шешуі жұмбағымның осы расы.
Дауыстылар: А,Ә,Е,Ё,И,О,Ө,Ы,І,У,Ұ,Ү,Э,Ю,Я -15 әріп
Дауыссыздар: Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң, П,Р,С,Т,Ф,Х,Ц,Ч,Ш,Щ,Һ -25 әріп Ъ,Ь -2 әріп
Қазақ тілінде жоқ әріптер: В,Ё,Ф,Ц,Ч,Ъ,Ь,Э,(Щ)- 9 әріп
Қазақ тіліне тән әріптер: Ғ,Қ,Ң,Һ,І,Ұ,Ү,Ө,Ә -9 әріп
-Ендеше біз осылардың ішіндегі өзіміздің қазақ тіліне тән 9 әріпімізбен танысайық. Ол үшін мен сендерге әріпті жұмбақтар жасырып отырамын, сендер соны тауып айтып отырасыңдар, және күнге шуақ ретінде жалғап отырамыз.

Өлеңде бар, әнде жоқ.

Бөлмеде бар, үйде жоқ. Бұл қай дыбыс? (Ө)
-«О» әрпімен шатастырма,
Белбеуі бар ортасында.
Мұғалім: - Ө қандай дыбыс?
-Ө әрпі бар сөздерге мысал айтыңдар.
----------------------------------------------------------------------------------------
Ініде бар, ұлда жоқ.

Інде бар,ұяда жоқ.

Бұл қай дыбыс?(І)
-Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр.

-І қандай дыбыс?
-І әрпі бар сөздер айтыңдар.

Доп туралы тақпақты еске түсірейік және доп лақтыру ойыны арқылы і дыбысы бар сөздер тауып айтуымыз керек.

Құста бар, малда жоқ.

Ұяда бар,ағашта жоқ.
-Бұл қай дыбыс?(Ұ)

- Ү дыбысы сыңары,
Белбеуім бар бірақ та
Жуан сөзде боламын.
-Ұ қандай дыбыс?
-Ұ әрпі бар сөздер айтыңдар.
---------------------------------------------------------------------------------------------
Әжеде бар, атада жоқ.

Әкеде бар, ағада жоқ.
-Бұл қай дыбыс? (Ә)
Әліпбидің басында болады,
Әже, әке сөздерінде тұрады.
-Қандай дыбыс,мысал келтір

Ә әрпіне байланысты тақпақ айтып берейікші.
*****************************************
Үйректе бар,қазда жоқ.

Күнде бар да айда жоқ.

Бұл қай дыбыс? (Ү)
Ұ-ның белбеуін алып тастасаң,
Жіңішке дыбыс болады.
\қандай дыбыс,мысал келтір\

«Түс» сөзінде қандай дауысты дыбыс естіледі?

Түстерді ажырата аламыз, ендеше сол жөнінде «Қарындаш» тақпағын еске түсірейікші
****************************************
Қалада бар, аулада жоқ.

Қаламда бар, дәптерде жоқ.
Мұғалім: -Бұл қай дыбыс? \Қ\

К әрпінің аяғына
Ілмешекті жалғасаң.
Қ шығады балалар.
\Қандай дыбыс,мысал келтір\

Абай атамыздың «Қыс» тақпағын еске түсіру
***************************************
Ғарышта бар, аспанда жоқ.

Ағада бар,ініде жоқ.
Мұғалім: -Бұл қай дыбыс? \Ғ\
- Ғарыш, ғалым сөздерінің басында
Ол тұрады қашанда.
\қандай дыбыс,мысал келтіріңдер\
*************************************************
Аңда бар, қасқырда жоқ.

Оңда барда солда жоқ.
-Бұл қай дыбыс? \Ң\
-Н әрпіне ұқсайды,

Аяғына ілмек ұстайды
\қандай дыбыс,мысал келтір\
**********************************
Жиһазда бар, үстелде жоқ.

Гауһарда бар,алтында жоқ.
М: -Бұл қай дыбыс? \Һ\
- Көп сөздерде болмайды,
Орындыққа ұқсайды.

-Һ қандай дыбыс?
-Һ әрпі бар сөздер айтыңдар.
***************************************
-Балалар қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? \9\
-Неше дауысты дыбыс бар? \5\
-Қандай дыбыс атаңдар?
-Неше дауыссыз дыбыс бар? \4\
-Қандай дыбыс атаңдар?

-Енді, балалар «Қай әріп жоқ?» ойынын ойнап көрейік

\9 әріп қатар тұрады, балалар көздерін жұмады, әріптер орындарын ауыстырып, 1-2 әріп қатардан шығады\

Сергіту:
-Енді орнымыздан тұрып кішкене демалайық. Дауысты дыбыстарды атағанда шапалақтаймыз. Дауыссыздарды айтқанда үндемейміз.

Мұғалім:

«Өнер алды - қызыл тіл» деп білетін халқымыз сөз өнеріне аса мән берген. Қазақ тілі, әсіресе лексикасы тұрғысынан аса бай тіл екендігі мәлім. Сол қазынаны меңгеріп, орынды қолдана білу де - бір өнер. Жалпы сөз жарыстырып ойналатын ойын түрлері кез келген тілде жетерлік. Олар - сөздік қорды байытуға, есте сақтау қабілетін сынауға, сөз өнеріне деген қызығушылықты оятуға, тілге деген құрметті күшейтуге септік ететін ерекше ойын үлгілері.

1. «Жоғалған әріп»
\ ---ке, ---оян, ---йрек, ет---к, а---аш, а---, айда---ар, к---л, ---шақ\

2. «Сөз ойла,көп ойла»

Қ а р а т о р ғ а й -сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрастыру

қар, қара, тор, ағай, аға, қорға, қой, тоғай, торай, қатар, ай, той, т.с.с.

3. «Мақалды аяқта»
Еңбек түбі .... (береке)

Еңбек,еңбек бәрін ..... (жеңбек)

Еңбекшінің наны тәтті,.... (жалқаудың жаны тәтті)

Отан оттан да ...... (ыстық)

Отан-алтын .......... (бесік)

Отан отбасынан ............ (басталады)

4. «Қос сөзжұмбақ»

Ең әуелі аралас әріптерден мағыналы сөздер шығарып, қасындағы ұяшыққа орналастырыңдар. Олар жануарлар аттары. Табылған әріптерді сандарының реті бойынша төмендегі ұяшыққа орналастырып, кілтті сөзді табыңдар. Бұл тақырып жануарлардың аттарына байланысты.

Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)

5. «Құпия сөз»

Берілген сөздердің кем әріптерін тауып, ұяшыққа рет-ретімен орналастыра отырып, құпия сөзді табыңдар.

Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)

6. «Кім жылдам?»

Кітап беттерінде сандар мен әріптер берілген. Сандардың орнына әріптерін қойып, білім туралы нақыл сөзді іздеп табыңдар.

Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)
- Қараңдаршы, балалар, біздің күніміз күлімсіреп қалыпты, бізге нұрын төгіп тұр. Өйткені біз барлық тән әріптерді жақсы білеміз, және оларды жаза аламыз.

- Балалар, енді күн туралы ән айтайық .

Әрқашан күн сөнбесін:


Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл суреті жас баланың

Ақ қағазға салған оны

Қалдырған бар сөзі.


Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!


Мұғалім:

-Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-деп сабағымызды аяқтаймыз. Рахмет!
Қатысқан балаларды мадақтау,марапаттау.

Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)










Білімді ұрпақ-ел ертеңі тақырыбындағы ғажайып әріптерге саяхат сыныптан тыс сабағы (1-сынып)



© 2010-2022