Ашық сабақ математика пәнінен Өткенді пысықтау

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ математика пәнінен Өткенді пысықтауКүні: 26.04.2015 жыл

Сабақ:математика

Тақырыбы:Өткенді пысықтау.Білімді тексеру.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап,қайталауға арналған есептер шығару.

Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілетттерін дамыту,тиянақты жауап беруді талап ету.

Тәрбиелік:Оқушыларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар.

Түрі:ойын,жарыс сабақ.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Армысыңдар,балалар

Дайынбыз ба сабаққа?

Білім,шешен өнері

Сай келейік талапқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді бастайық.

Мына тұрған ұстаздар

Қалсын бір сәт марқайып.

Оқушы: Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісім-тірлік,тілек,адамдық.

Әрбір сөзім-шындық,бірлік,адалдық.

Олай болса,бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ашық сабақ.Ендеше әрбір ісімізге мұқият болайық.

1.Әріпті есеп шешу

Қа+йод-од+тау-у+жалау-жа.

2.Ауызша: «Нағыз білгір»

1)Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер 1бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш қалады? (5)

2)Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр.Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды.Мектеп ауласында барлығы неше шырша?(21)

3)1жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе,5жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?( 3)

4)Мектепке келе жатқан 5балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала балды? (5)

5)Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1сағат 20минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?(екеуі тең)

6)Қатар тұрған 3 санның қосындысы да,көбейтіндісі де 6-ға тең .Ол қандай сан?

7)Түзудің бойынан 4 нүкте ал.Сонда қанша кесінді пайда болды,егер ұштары осы нүктелер болса? (6)

8)Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады.Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4)

9)Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг ,бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50)

10)Геометриялық фигура.

ТіКтөртбұрышқа тиісті нүктелерді ата.

Үшбұрышқа да,тіктөртбұрышқа да,шеңберге де тиісті нүктелерді ата.

Үшбұрышқа да,шаршыға да бірдей нүктелерді ата.

Шеңберге де ,шаршыға да тиісті емес нүктелерді ата.

3.Сандарды оқы.Тапсырманы орында.Шыққан сандарды өсу ретімен жаз.

6500574392 692354000293 40181246

Бірлік мыңды Бірлік миллионды Жүздік мыңды

2 есе азайт 3-ке арттыр 7-ге арттыр

Осы сандардың ішіндегі ең кіші санды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.

40181246=40000000+100000+80000+1000+200+40+6

4. «Көп ойла,тез есепте».Жұппен жұмыс.

5.Сергіту сәті Мына менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

6.Математикалық диктант.

1.1км-де неше метр бар?(1000 м)

2.35 күнде неше апта бар?(4 апта)

3.180 және 360 сандарының қосындысын 90-ға бөл.(6)

4.Шаршының периметрі 24 см.Оның ауданы нешеге тең?(36 СМ.2)

5.Кітапта 400 бет бар.Қыз кітаптың 8/1 бөлігін оқып шықты.Неше бет оқылды?(50 БЕТ)

6.Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен 60 км жер жүрді.Оған неше уақыт қажет болды?(4 САҒАТ)

7.8 МЫҢНАН 3 ОҢДЫҚТЫ АЗАЙТ.(7970)

8.Оқулықпен жұмыс.124-бет №19

1 қатар 2 қатар 3 қатар

а ә б

9. «Қас-қағым сәтте»

1.Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)

2.Бойы екі қарыс,сыйып тұр 25 арыс.(сызғыш)

3.Екі нүктенің арасындағы түзу.(кесінді)

4.Қиылыспайтын екі түзу(параллель )

5.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.(шаршы)

6.Ұзындықтың өлшем бірлігі.(метр)

7.225 нешенің квадраты?(15)

8.Көбейтудің заңдарын ата(ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)

9.Миллион санында неше нөл бар?(6 нөл)

10.Сабақтан неше рет қалуға болмайды?( ешқашан)

11.Бекіту.

«Геометриялық конструктор»Фигуралардан кірпі құрастыру.

12.Қорытынды.

Үйге тапсырма:124-бет №18

Бағалау.

«Рудный қаласы №15 орта мектеп ММ»



Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.Білімді тексеру.

Сабақты өткізген: Акмухамбетова Б.А



2011-2012 оқу жылы

© 2010-2022