Разработка урока Б дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы


Разработка урока Б дыбысы және әрпі

Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) Б дыбысы мен әрпін меңгерту Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату.
2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату.
Көркем жазуға дағдыландыру.
3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, оқулық, карточкалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, қазір бізде қай сабақ басталды?
- Әліппе сабағында не үйренеміз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа - райы қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның нешінші күні?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы.
- М - қандай дыбыс?
- М - дауыссыз дыбыс.
Ойын: «Алма теру» ойыны.
Жоғалған әріп: Та... ақ,... ақта, Арм... н, мат...,... ал, қарм... қ, қала..., қайма..., ой... ақ.
Шашылған әріптерден сөз құрастыру
1) м, а, т, қ, а (мақта)
2) м, л, а (мал)
3) м, л, о (мол)
- Оқулықтан «Тамақ» мәтінін кезек - кезек оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Сөздің сыры - көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақ шешу.
1. Бір көзім: кідір! дейді
Бір көзім: жүгір! дейді
Бір көзім: абайла! дейді
қарап ал, маңайға! Дейді (бағдаршам)
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор)
3. Қанаты жоқ ұшпайды,
су астында қыстайды (балық)

Осы жұмбақтарды шешулеріне назар аударайықшы? Бағдаршам, бор, балық.
Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұр ма? Ол қандай дыбыс? (Б, б)
- Ендеше бүгін біз "Б" дыбысымен танысамыз.
- Қане барлығымыз бірге Б - Б - Б
- "Б" қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? ол қандай түспен боялып тұр?
- "Б" дыбысы неге дауыссыз? Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады.
- Б әрпінің баспа, жазба бас және кіші әріптерін тақтада жазып көрсету.

- Ауада жазу.
Б дыбысы тек сөздің басы мен ортасында кездеседі. Суреттерді көрсете отырып мысалдар айту: бақа, бор, дорба, барабан, бақбақ, балық, қарбыз, борсық, бауырсақ, бұлт. Осы сөздерді мына тақтада тұрған 2 сандықшаларға салуымыз керек.

Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің

ІV. Оқулықпен жұмыс.
- Әліппе оқулығынан 61 бетті оқыту.
Ба ла, бо та, ба ба, ба та, бал
бор, Бо лат
- Сөйлем оқыту: - Болат, ба - ла - пан - дар - ға қара.

V. Дәптермен жұмыс.
Өз беттерінше дәптермен жұмыс

- Тақтада буындардан сөз құрастыру.
Ба - ла / ба - ла - қан / ба - ла - пан / бо - та/ ба - лық/ бө - рік/

"Кім жылдам?" ойыны
Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.

Мына сөздерге дыбыстық талдау жасату: балапан, бала, барабан, балық.

VІ. Сабақты қорытындылау.
"Неге айналады?" ойыны арқылы сабақты қорыту.
- Жұмыртқа неге айналады? Балапанға
- Дән неге айналады? Бидай, арпаға
- Гүлдер неге айналады? Жеміске
- Көжек неге айналады? Қоянға
- Уылдырық неге айналады? Балыққа

Дұрыс жазылған "Б" әрпін көрсет. (Суреттер көрсету)

Б әрпі қай киіз үйдің тұрақты тұрғыны бола алады ойлан.
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады?
- Б әрпі неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай тапсырма қиын болды?

VІІ. Үйге тапсырма.
- Б дыбысын оқып келу, дәптермен жұмыс.
VІІІ. Мадақтау.
Жұлдызшалар тарату.



© 2010-2022