Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес», кестелер, т.б.

Жиналыс барысы: (Ата-аналар сағат тілі психологиялық ойыны арқылы үш топқа бөлініп отырады.)

Кіріспе сөз

Мұғалім: - Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты жиналысына хош келіпсіздер! Бүгінгі жиналысымыз 2 бөлімнен тұрады. 1 бөлім. «Оқу инемен құдық қазғандай» деп атадым. І тоқсандағы 3- сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысымы туралы айтамын. 2 бөлім. «Адамның бақыты балада» деп атадым.

І. 1 бөлім. «Баланың бас ұстазы ата-ана».

І тоқсан қорытындысы. 3- сынып жетекшісі -Сулейменова С.М.

- Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

ІІ. 2 бөлім. «Адамның бір бақыты бала деген».

- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз. Осы бөлімді бастамас бұрын менің сіздерге алар 1 сауалнамам бар.

(Ата-аналар сауалнаманы толтырады.)

ІІІ. «Пікірлесейік» 1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез -келген ананың қолынан келе ме?

IV. Тәжірибелік жұмыс

Атақты адамдардың суреттері слайдтан көрсетіледі, олардың қайсысы үздік болғанын, қайсысы екіге оқығанын анықтау тапсырылады

V. «Фижбон әдісі» Мінсіз оқушы. Қиын оқушы.

Фишбоун әдісі бойынша сызба толтыру тапсырылады. Фишбоун әдісі арқылы сызбаны толтырады. Әр топ өзіне тиесілі тапсырманы орындайды, жұмыстарын постер арқылы қорғайды.

Түйін сөз:

-Баланың атақты адамдар сияқты жоғарыдан көрінуі қиын немесе мінсіз болуына байланысты болмауы да әбден мүмкін.

- Егер баланы мақтап, жетістігін айтып отырса, онда баланың көңіл-күйі көтеріліп, өзіне деген сенімділік артады.

- Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.

VII.Сөйлемді аяқтау. «Ой - өрісіңді тексер»

І топ

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)

ІІ топ

1) Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)

(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)

VIII. «Біздің жанұя»

Қоғамда жанұяның 4 типі болады екен. Жиналысқа қатысып отырған әр отбасының мүшелері өз отбастарыңызды қай типке жатқызасыздар?

  1. Әмірлі (авторитарлық)

  2. Демократиялық (егемендік)

  3. Бетімен жіберушілік

  4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз?

Өзгерткіңіз келе ме?

Кімнің көмегі қажет?

1

Иә

1) Отбасы мүшелерінің
2) Психологттың
3) Мұғалімнің

4)Тағы кім?

Жоқ

IX. Білім сапасын көтерудегі ата - ана рөлі

- Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)

«Ойлаудың бес гүлі» әдісімен ата-ана жиналысының барысын бағалау,

кері байланыс

-Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар?

(Әр ата-ана өз талаптарын жазған соң,тақтада көктем бейнесі шығады. ) Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі - стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский

Сергіту сәті

Қорытынды

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі, қиналғанда көмекшісі болу міндеті тұр деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағым келеді.

Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)





















Ынталы орта мектебі «мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Баланың бас ұстазы ата-ана (ата-аналарға арналған тренинг)

Сулейменова С.М.

© 2010-2022