Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Домбыра - Дастан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Домбыра дастан

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ұлттық аспап домбыра туралы мәліметтер беру.2.Оқушылардың ой- өрісін дамыту, шығармашылықтарын шыңдау, мүмкіндіктерін көрсетуге көмектесу. 3. Ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып өсуге баулу.

Сабақтың әдісі: жаңа ақпараттар айту, мәнерлеп оқу, көрініс көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: домбыра, нақыл сөздер, қазақ халқырың атақты күйшілерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.(күйорындалады)

2. Кіріспе бөлім:

Мұғалімнің сөзі

1- жүргізуші: Армысыздар, алтыннан ардақты, күмістен салмақты, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар.3б сынып оқушылары дайындаған "Домбыра дастан"атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

2- жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл- сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра,- деп ақындарымыз жырлағандай, енді домбыра туралы не білеміз?Тыңдайық.

3.Негізгі бөлім:

1- оқушы: Домбыра- қазақ халқының көне музыка аспаптарының бірі. Домбыраны қайың, қарағай сияқты ағаштардан жасайды. Оның сыртқы пішіні түрлі- түрлі болады.

2- оқушы:Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Атақты күйшілер: Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей,Дина өз күйлерін осы домбырамен шығарған.

3- оқушы: Ен даладағы көшпелі қазақтың қай- қайсысы да домбыраның үніне жан- тәнімен беріліп, оны өзінің бүкіл асыл ойы мен қазынасындай сезінеді.

4- оқушы: Қазақ музыкасының білгірі Ахмет Жұбанов домбыра туралы былай деген: "Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы, қасиетті аспабы домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың қыл-ойы, көңіл- күйі жатыр."

Ән: "Домбыра -дастан"Сөзі мен әні: С.М.Тауекелованыкі.

5-оқушы: Үкілі домбырам

Өзіңмен сырласам.

Ғасырлар дауысы бар

Үніңді тыңдасам.

6-оқушы: Даламның мұңындай

Сен толқып жырласаң.

Тағдырлар алуан

Кім өтті, кім қашан?

7- оқушы: Домбырам- серігім

Домбырам - жан досым.

Жанымда әрқашан,

Өзіңмен сырласам.

Өзіңмен мұңдасам

Үкілі домбырам!

8-оқушы: Үкілі домбырам,

Өзіңмен мұңдасам.

Елестер жан бабам,

Күйіңді тыңдасам.

9-оқушы: Жаным бір жай табар,

Сен толқып жырласаң.

Таң атып, күн туып,

Бақ қонар күн қашан?!

10-оқушы: Мақтан етем өмірге,

Дастарханы төрінде,

Ұлттың ұлы туындай,

Әрбір қазақ үйінде.

11-оқушы: Жан досымдай сүйемін,

Алдына бас иемін.

Ұлы бабам мұрасы,

Киелі домбыра.

Күй: "Кеңес" халық күйі.

"Ақсақ құлан" аңызынан көрініс.

1-оқушы: Қан жылатып күйіменен жүректі,

Жеткізді ол хан ұлының қазасын.

Қаймықпастан айтқан үшін шындықты,

Көмейіне оның құйған қорғасын.

2-оқушы: Білеміз ғой бәріміз,

Ол туралы бар ғой дастан әніміз.

Көмейінеқұйған оның қорғасын,

Білеміз ғой бұл аңызды бәріміз.

3-оқушы: Оны ұмытпас кеудесінде жаны бар,

Оны ұмытпас кеудесінде әні бар.

Зар заманда жауыз құйған қорғасын,

Домбыраның көмейінде әлі бар.

4-оқушы: Тыңда оны -

Үндеріне құлақ ас,

Тыңдап оны -

Қансыз ғана жыламас.

Иіп - иіп кетеді ғой кей кезде

Қос құлақты, екі шекті қу ағаш.

5-оқушы: Ол жыласа -

Көрінеді жан көзге,

Құйылады қан көзге.

Жылап - жылап көмейінен қорғасын,

Балқып, еріп бара жатыр бір кезде.

6-оқышы: Төзіміңді,

Шыдамыңды қамшылап,

Балқып аққан қорғасын жас шыжғырар

Жүрегіңе

Жүрегіңе

Тамшылап...

1 - жүргізуші: - Домбыраны жасау да өнер, тарта білу де өнер.

- Мұның бәрі өнерлі адамның қолынан ғана келер іс.

2 - жүргізуші: - Олай болса, осы өнер жайлы қандай мақал - мәтел білеміз. Соны ортаға салайық.

1 - оқушы: Шебердің қолы көпке ортақ.

2 - оқушы: Өнерлінің өрісі кең.

3 - оқушы: Өнерлі өрге жүзеді.

4 - оқушы: Талаптыға нұр жауар.

2. Өнерпаздың он қолы бар.

5 - оқушы: Өнерлігі өлім жоқ.

6 - оқушы: Жігітке жеті өнер де аз, Жетпіс өнер көп емес.

1 - жүргізуші: Ал енді жұмбақ шешіп көрелік.

1 - оқушы: Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған.

Бұл не? (Домбыра)

2 - оқушы: Екі жерде жалы бар,

Күні - түні жолығар.

Маңдайының соры бар.

Бұл не? (Домбыра, он саусақ)

3 - оқушы: Қолымда бір қамшым бар екі өрмелі,

Істеген әшекейлеп әр түрлері.

Бойында сол қамшының қасиет көп,

Қолына алған кісі сүйсінеді.

Бұл не? (Домбыра, ішек, пернелер)

"Менің мүмкіндіктерім" оқушылар шығармашылығынан. (Домбыра туралы өлеңдерін оқиды, салдған суреттерін көрсетеді).

ІV. Қорыту: Сөзжұмбақ шешу.

Мұғалім: Қандай сөз шықты? - домбыра сөзі.

Біз бүгін ұлттық аспабымыз домбыра жайлы көп мәліметтер алдық.

Баллар, осындай ұлттық аспаптарымызды ұмытпай ұлықтап жүретін, ұлтжанды ұрпақ боп жүрейік!

Ән: "Домбырасыз сән қайда?"


© 2010-2022