Әдебиеттік оқу тақырыбы: Рәсім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Рәсім Сабақтың мақсаттары: Қазақ халқының салт- дәстүрлерінің бірі үлкенге сәлем беру жөнінде әңгіме, академик, ғалым Қ.Сәтбаев, Арқаның атақты әншісі Жаяу Мұса Байжанұлы туралы түсінік беру. Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын, тілін, оқу дағдысын жетілдіру. Оқушыларды салт- дәстүрімізді құрметтеуге, сақтауға, үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ- жауап, тірек сызбамен жұмыс, ойын, тест. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, таратпа материалдар, бағалау парағы, тест тапсырмалары. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Сыныпты 4 топқа бөлу: 1- топ. Суретшілер. 2- топ. Актерлер. 3-топ. Жазушылар. 4-топ. Ойшылдар. Топ жетекшілеріне бағалау парақтары таратылады. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 4 нұсқада тест жұмысы таратылады. ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымызда Медеу Сәрсекенің « Рәсім» мәтінін оқып, танысамыз. Мәтінді мұғалімнің оқуы. Мәтінде мағынасын түсінбеген қандай сөздер кезікті? Сөздік жұмыс. Рәсім - әдет- ғұрып, салт -дәстүрдің көрінісі. Саят -қыран құстарды асырап, баптап, аң- құсқа салу. Тайтері - жүнін үстіне қаратып салатын тері төсеніш, бөстек.

  • Мәтінде кімдер туралы айтылған?
  • Қаныш Сәтбаев.
Хронологиялық кестемен жұмыс. Жаяу Мұса Байжанұлы. (12.04.1899- 31.01.1964) Мұса Байжанұлы (1838-1929). Жаяу Мұса Байжанұлы Қанышқа не сыйға тартпақшы болды? (Қаршыға) Қаршыға өте қырағы, сақ, жыртқыш құс. Қазақстанда, көбінесе орман, қалың бұта, ағаш өскен тау бөктерін.
  • Мәтін неліктен « Рәсім» деп аталған? Басқа қандай рәсімдерді білесіңдер?
Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. ІV. Жаңа сабақты бекіту. Мәтінмен жұмыс. Кестемен жұмыс. Әр топ мүшесі өзі оқыған бөлімді кестедегі бөлімдер атауымен сәйкестендіріп бөлімдер ұяшығына нөмірін қояды да, сол бөлімге өзі ат қойып жазады.
Бөлімдердің атауы Бөлімдер Өзің қандай ат қояр едің? Ашулы көк қаршыға

Қарт әншінің батасы

Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт.

Сәлемдесу - адамгершілік белгісі


Шығармашылық жұмыс.
  1. топ. Суретшілер мәтін бойынша сурет салады.
  2. топ. Актерлер мәтіннен қысқа ғана көрініс көрсетеді.
  3. топ. Жазушылар мәтінге қатысты әңгіме жазады.
  4. топ. Ойшылдар мәтінге қатысты ребус құрастырады.
V. Қорытынды. Блиц -турнир. 1. Рәсім дегеніміз не? (әдет-ғұрып салт-дәстүрдің көрінісі) 2. Арқаның атақты әнші, сазгері кім? (Жаяу Мұса Байжанұлы) 3. Қаныш Сәтбаев кім? (геолог- барлаушы, ғалым) 4. бүркіттен кейін аңға ең көп салып, қолға ұстайтын құс. (қаршыға) 5. Қыран құстарды асырап, баптап, аң-құсқа салу қалай аталады? VI. Бағалау. Топ жетекшілерінің бағалау парақтарын жинап, мұғалім бағалауымен салыстыра бағалау. VII. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, 6 -тапсырма.
© 2010-2022