Планирование Сауат ашу Буквы К

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование Сауат ашу Буквы КСауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: білімділігі: Қ дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту, сөздерді оқу мен жазуға үйрету;

Дамытушылығы: сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: аңдар суреті, кеспе әріптер, буындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанеки, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

ІІ. Өткенді қайталау.

Ойын: «Сиқырлы жапырақтар» . Балалар мына жапырақтардың астында не жасырылғанын көрейікші. Ол үшін жапырақтың артындағы сұрақтарға жауап береміз.

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

  • Дыбыс нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз? Дауыссыз дыбысты ше?

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • Кім тақпақ біледі?

  • Балалар ненің суретін көріп тұрмыз?

  • Қоян .

  • Қоян қандай аң?

ІІІ. Жаңа сабақ.


  • Қоян дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Қ дыбысын үш рет хормен қайталату. Қ дыбысы қандай дыбыс?

  • Қоян сендерден көмек сұрап келіпті. Ол үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып, үркітеді екен.

  • Балалар қоянға көмектесейік.

  • Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық.

Қорбаңбай аюдың тапсырмасы:

  • Қоян дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Қ деп айтып көрейікші з рет.

  • Қ қандай дыбыс? Дауыссыз.

Жолбарыстың тапсырмасы.

Оқулықпен жұмыс.

Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ондағы қ дыбысының орнын ажырату. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

ІV. Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Бүркіттің тапсырмасы:

Дәптердегі буындарды, сөздерді оқу. Барлығы хормен қайталап оқиды.

қа, қала, ақ, тақ , қо, қора, қола, қара.

Қасқырдың тапсырмасы:

  • Ауада қ әрпін жазу.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық.

Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Жолды толтырып жазып шығады.

Түлкінің тапсырмасы:

Торкөздегі қ дыбысының қасына арәріп қойып, сөз ойлап табады.

А

Қ

Т

А

Қ

Қ

А

Р

А

Қ

А

Л

А

Қ

Иттің тапсырмасы:

Торкөзді санап, суретті қайталап салады.

Мысықтың тапсырмасы:

Сөзжұмбақ шешеді.

Жауабы: ҚАРА

V. Қорытындылау.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Қоянымыздың қарны ашып қалған сияқты. Қоян не жейді? Ал, қанеки қоянға сәбіз берейік. Сәбіздің артында сұрақтар бар, сұраққа жауап береміз.

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Қ дыбысы қандай дыбыс?

  • Қ дыбысы келетін сөздерге мысал келтір?

  • Біздің сыныта аттары Қ әрпінен басталатын оқушылар бар ма?

  • Берілген создерді кеспе аріптермен, тақтаға бормен жазың! ҚОРА, ҚАЛА.

VІ. Оқушыларды мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар жұлдызша алады.

  • Рахмет, балалар. Қоян сендердің білімдеріңе риза болып, сәбіздерін алып үйіне кетті.






Жармыш орта мектебі













Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Қ дыбысы және әріпі

Өткізген: Онгарова Кунсая



















2015 жыл.

© 2010-2022