Түбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Түбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыТүбір мен қосымшаның жазылуы сабақ жоспарыШҚО Катонқарағай ауданы КММ "Юбилейное орта мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Черьязданова Анар Токтаровна

Қазақ тілі


Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

(3 - сынып)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу; 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; 3. Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ереже айту, сурет бойынша жұмыс, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың түрі. ойын - сабақ Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, Топқа бөлу. - бүгін сабақты ойын - сайыс түрінде өткіземіз. Және топ болып біліміді ортаға салып, өз жетістіктерімізді көрсетеміз. Әр топтың ұпайын белгілеп отырамын. 1 - топ: "Түбір" 2 - топ: "Қосымша"
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Әр топы төрт сұрақтан арқылы тексеру
1 - жұп "Түбір" 1. Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігі 2. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі 3. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. 4. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса .....
2 - жұп "Қосымша" 1. Сөз мағнасын өзгертетін қосымша 2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша 3. Бір түбірден бірнеше туынды сөз 4. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса .....
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Күн ретін жазу. Көркем жазу. Мысалы: су- рет-ші, қуыр-шақ-тар, өсім-дік-тер, кі-тап-тар
62-жаттығу. 1 - топ "Түбір" - бірінші қатарындағы суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу 2 - топ "Қосымша" - екінші қатарындағы суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жазу. Жалғау жалғанған сөздерді сөз құрамына талдау
Тест тапсырмасын орындау "Кім жүйрік" 1. Түбір сөзді тап а) жаңалық ә) қобыз б) кітаптар
2. Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады а) қосымша ә) түбір б) түбір, қосымша
3. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз а) түбірлес ә) туынды б) түбір
4. Қосымшалы сөзді тап а) жұмысшы ә) ойын б) доп
Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір: Халық құлпы Ерік халқы Құлып бөркі Құлақ орны орын құлағы бөрік еркі
Ойын: "Жоғалған қосымша" сөзіне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз
1 - топ "Түбір" - Күй - ші, - ге, - ла, - лер, - шы, - дың, - лар 2 - топ "Қосымша" - Жыр
63-жаттығу. 1 - жұп "Түбір" - бірінші жолдағы сөздерге - жуан қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазу. Жұлдыз - деген сөзге сөйлем құру 2 - жұп "Қосымша" - екінші жолдағы сөздерге - жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жазу. Киіз - деген сөзге сөйлем құру Ойын: ""Жоғалған қосымша" (карточкамен жұмыс) Түбір сөздерге қосымшалардың тиістісін жалғап жаз. Қобыз, жұмыс, сый, біл, өнер - ді, - шы, - лық, - ты түсін, өрнек, көк, ойын - тің, - шық, - гіш, - шіл
ағаш, теңіз, біл, балық, аяз - тар, -гіш, - ші, -шы, - дың жаңа, оқу, күріш, сурет - лық, - ші, - лық, - тің
Ү. Қорытындылау - Балалар Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.
Үйге тапсырма: 64-жаттығу, 134-бет. Оқушыларды бағалау. Күнделікке қою.


© 2010-2022