Дүниетану. Тақырыбы: Ауа райы. (3сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы.

Сілтеме

Дүниетану

Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz.

Жалпы мақсаты

Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері

Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу

Ауаның температурасы , термометр және оның құрлысы туралы ұғымын дамыту

Оқыту нәтижесі

Ауа райының құбылысы жайлы түсінік алады, Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелейді

Ауаның температурасы , термометр және оның құрлысы туралы ұғымы дамиды


Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

3мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу

Психологиялық дайындық.
Табиғат сыры көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.

Мұғаліммен сәлемдесу


5мин

Өткенді қайталау:«Кірпі мен тиінге жеміс жинасу»ойыны.
-Балалар осы табиғат дегеніміз не?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Қаңқа дегеніміз не?
-Омыртқа жотасында қанша омыртқа бар?
-Төс неше жұп қабырғадан тұрады?
-Бұлшықет қандай қызмет атқарады?
-Адамның денесінде қаншаға жуық бұлшықет бар?
- Өкпе қайда орналасқан?
-Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер кіреді?
Қан айналым жүйесіне нелер жатады?
-Жүрек қандай қызмет атқарады?
-Баланың ағзасында қанша литр қан бар, ал ересек адамдарда ше?
-Жүйке жүйесіне нелер жатады?


7мин

Жаңа сабақ:

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың.

Қызығушылықты ояту.(мұғалімнің әңгімесі)
«Көрінбейтін сиқыршы »
-Балалар, жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда ,басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Адамдар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.Ал өсімдіктер керісінше көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.Ауа жерді қоршап, бүкіл кеңістікті толтырып тұрады. Ауа топырақта, суда, адамның организмінде болады. Ауа түссіз, ол күн сәулесін оңай өткізеді. Күн сәулесі жер бетін қыздырады, ауа одан жылынады. Жылы ауа жеңіл болады, ол жоғары көтеріледі де, оның орнын суық ауа басады.

Ауа

4мин

Тәжірибе жасау
1)Балалар алақанымызды ауызымыздың қасына апарып,алақанымызға демалайық.Демалғаннан алақан жылыйды,енді ауамен демалып тұрғанымызды көрдік пе?
2)Қолымызбен,аузымызды,мұрнымызды жауып дем алмай тұрайық,Қиынба?
3) Су құйылған ыдысқа түтікше салып оны үрлеу,су көпіршіктері пайда болады, бұл ауа.
4)Сабын көпіршіктерін ұшыру
5)Желпуішпен желпу


7мин

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
- Іштерінен оқып шығу
-Сұрақтарға жауап беру


2мин

Сергіту сәті: «Көңілді күн» бейне ролигі

Қимылмен жасайды.

9мин

Ауа әртүрлі құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат -бұл ауа қысымының құбылысы. Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.
Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?Қане оған тәжірибе жасау арқылы еске түсірейік:
Тәжірибе жасау
Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
Допты еденге ұру,қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
Шырақ жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады,-ауа жанғыш.
Стаканға су құйып,бірер минут қойсақ,оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз,бұл ауа.
Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
Қабырғанын ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба? .
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді? .
Ыстықтап терледің. Салқындау үшін желпіндің.Сен ауаны сезесің.Екі қолыңды екі жаққа соз,суда жүргендей жүз,ауа мұхитында жүзіп жүрсің,ол бізді қоршап тұр.Сонда ол адам,өсімдік,жануарлар үшін қажет.Ауаны көреміз бе? Неге?
Үш шырақты жағайық.Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен жабамыз.Қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
Ауаның құрамы
Сонда ауа деген газ, демек газдардың қоспасы. Ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп азот - 78 ℅, оттегі - 21℅,1 ℅ - көмірқышқыл газы.
Дәптермен жұмыс(Ауаның қасиетін топтастыру) ,

Стақанмен жабылған сөнеді.
Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.
Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш.

4мин

Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
Ауа туралы тағы не білгілерің келеді? Ауаны қорғау туралы ҚР «Қазақстан -2030» стратегиясында «қоршаған ортаны ластанудан қорғау» туралы айтылған. Сендер ол үшін ағаш,гүл бөлме өсімдігін өсіріңдер.


2мин

Бағалау. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

2мин

Үй тапсырмасын беру. 1.37- 39 бет, мәтінді оқу, мазмұндау.
2. Желдің бағытын анықтау, дәптерге жазу.





© 2010-2022