Тәрбие сағаты Ана-өмірдің гүлі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Майшұқыр негізгі мектебі

















«Ана-өмірдің гүлі»

(ертеңгілік)

















Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Айгерім Маратқызы Туребекова



2014-2015 оқу жылы

1-жүргізуші: Бүгін бізде жаңа жоба «Құттықтау сазды» бағдарламасының тұсаукесеріне қош келдіңіздер. Бағдарламамыздың шымылдығын қазақ биімен ашамыз.

2-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көрсеткенде көктемнің алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келді.

1-жүргізуші: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші:Дүниеде ең сұлу кім екенін білесің бе?

1-жүргізуші: Ең сұлу, меніңше, Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мақпал Жүнісова... Дүниеде сұлулар көп қой, айта берсең бітпейді...

2-жүргізуші: Жоқ, сен қателесесің, дүниедегі ең сұлу-ол қазақ анасы.

1-жүргізуші: Солай ма? Қалайша?

2-жүргізуші: Қазақ анасы-бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам. Қазақ анасы- бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

1-жүргізуші: Дұрыс, мен сенімен келісемін. Алайда, сен осымен не деп айтайын деп едің?

2-жүргізуші: Менің айтайын дегенім, бүгінгі хабарымызды асыл аналарға арнасақ қайтеді? Сен осыған қалай қарайсың?

1-жүргізуші: Неге арнамасқа! Бүгінгі бағдарламамыздың аты- «Ана -өмірдің гүлі»

2-жүргізуші: Сәлем, сәлем, сәлем достар! Бүгін сіздер аналарыңды, ұстаздарыңды, құрбы-құрдастарыңды-бәрін құттықтай аласыңдар! Біздің байланыс телефонымыз: 5-14-68. Ауылымыздың коды 8-716-37. Біздің байланысымыз ақысыз екенін ұмытпаңыздар. Айтпақшы, құттықтай отырып қалаған бір әндеріңізді сұрай аласыздар. Біз оны бар болса ғана қойып береміз деп сөз береміз.

1-жүргізуші:Достар, хабарласыңыздар, біздің телефонымыз сіздердің телефон шалуларыңызды асыға күту үстінде.

1-тыңдаушы: Алло, алло, сәлеметміздер ме?! Мен өзімнің анама сәлем жолдайын деп едім, көңіл көтеретін жақсы бір ән қойып берсеңіздер.

2-жүргізуші: Әрине, бар, дәл қазір «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Ақ мамам 1.Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған. Бақыты үшін баланың Аман-сау бол, ақ мамам. 2.Күлімдеген көзіңнен, Күн мейірімі сезілген. Бұл жалғанда балаға, Жақын жан жоқ өзіңнен. 3.Өзің маған мият күн, Сен деп таңым жиі атты. Ақ мамамның айқайы, «Айналайын» сияқты 4.Мен деп кірпік қақпаған, Менсіз тағам татпаған. Бақыты үшін балаңның, Аман-сау жүр, ақ мамам!

2- жүргізуші: Көрініс: «Балмұздақ» Құралай: Анашым 100 теңге бересіз бе? Гүлнұр: Оны қайтесің балам? Құралай: Бір кәрі апайға берейін деп едім. Гүлнұр: -Өй, жарайсың балам! Дұрыс қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде? Құралай: Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.

2-тыңдаушы: Алло, алло, сәлеметсіздер ме?! Мен сыныптас құрбыларымды, ұстаздарымды, аналарды мерекесімен құттықтап сәлем жолдайын деп едім. «Ал, давай» тобының бір әнін қойып берсеңіздер.

1-жүргізуші:О, өкінішке қарай, ол топтың орындауында әзірше бізде ән жоқ, бірақ болған кезде қойып береміз деген уәде береміз. Ал қазір «Аналардың тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Аналардың тілегі 1.Аналардың тілегі, Тыңдайықшы жүрегін. Жаны, жайсаң, аналар, Жырға қосып жүремін. Болашаққа бастаған, Ана деген асқақ ән Тебірентіп жүректі Жыр етеді жас қалам Қайырмасы: Алыста жүріп сағынам, Өзіңе мәңгі табынам. Бас иіп өтем анаға, Ақ жаулығын жамылған. 2.Қуат күшің талмасын, Бақыт гүлі солмасын. Асқарына арманның, Ұрпақтарың самғасын. Талай топтан іздеген, Ана көрдім жүздеген, Сағынышын жеткізген, Жаны жақын қыз деген

2-жүргізуші: Ана деген -асқақ ән, Орындайтын әрқашан. Анадай қымбат сыйлықты Таба алмайсың ешқашан.

1-жүргізуші: Өте тамаша жазылған өлең, біз де өзіміздің аналарымызға арнап мына көріністерден үзінділерді көрсетейік. 1-жүргізуші:Көрініс: «Қанша қалады?» Салауат: Гүлнұр сенің қолыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды? Гүлнұр: Мен оларға бергенше, үйдегі ініме берген жақсы ғой.

2-жүргізуші: Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршілік анасы-Табиғат ана, екіншісі -адамның анасы. Екеуі де мейірімді, осы екеуіне де қаталдық көрсетуге болмайды.

1-жүргізуші: Арман 9 жаста. Анасының тапсырған үй жұмыстарын орындағысы келмей қабағы түседі. Бір күні анасына мынадай хат жазады. Ана, маған үй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар. Нанға барам 50 теңге, бөлмемді жинадым 100 теңге, қоқыс төктім 100 теңге, «5» алдым 50 теңге, компьютер ойнамадым 50 теңге, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым 50 теңге, киімдерімді реттедім 100 теңге, кір киімдерімді кіржуғыш машинаға салып қойдым 50 теңге. Барлығы: 550 теңге қарызыңыз бар. Уақытында төлемесеңіз үстеме қосатынымды айтып қояйын!

2-жүргізуші: Анасы Арманға мынадай жауап жазады. Саған ана сүтін бердім 0 теңге, түнде әлсін-әлсін оянғаныңда қасыңда болдым 0 теңге, ауырып қалсаң қасыңнан кетпедім 0 теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім 0 теңге, сен қуансаң бірге қуандым 0 теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым 0 теңге, сені еркелеттім 0 теңге, ұнататын заттарыңды алып бердім 0 теңге. Арман өзі жазған хаты үшін қатты ұялады. Бұдан былай анасын ренжітпеуге, айтқанын орындауға бекінді.

1-жүргізуші: Аналар, сіздерге өз алғысымызды, құттықтауымызды, ризашылығымызды білдіріп жатырмыз. Келесі әніміз де сіздерге арналады: «Құттықтаймын, ана»

2-жүргізуші: Ана деген-ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да, Тек анаңа жақынсың.

1-жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған, Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған. Әлемде сен болмасаң осылайша Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?!

Жолдыбай Салауат «Әже» өлеңін оқиды.

Әже Ұл-қызыңа ерген Немерең-біз, әже. Немереңнен өрген Шөберең-біз әже. Үйреткен сөз мәнін Тілімізсің, әже. Жарқыраған дәйім Күнімізсің әже. Шуағыңды сеуіп Жайна, анамыз әже. Жұлдыздарың сені Айналамыз әже.

3-тыңдаушы: Алло, алло, сәлеметсіздер ме?! Сіздердің хабарларыңыз арқылы өзімнің аяулы да ардақты анама арнап бір ән жолдайын деп едім.

2-жүргізуші: Әрине, әрине, барлық балалардың аяулы аналарына арналады. Олай болса өзімнің ана жайлы өлеңімді оқып берейін.

Ана Біз, балдырған баламыз, Ақ анамыз-панамыз. Шуағыңмен, жан ана, Әлі лаулап жанамыз. Сөзі-шырын, бал анам, Өрге тартқан нар анам. Мың жасай бер біздермен, Жаны жұмсақ, жан анам! Көркеюде еліміз, Досқа толды төріңіз. Болашаққа жол тартқан, Бүгін, міне, төліңіз.

3-жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз. Мерекеде қыздарға Достық жырын арнаймыз.

Көрініс: «Өлшем бірлігі» Құралай: Салауат, қатты зат килограммен, сұйық зат литрмен өлшенеді? Ал арақашықтық немен өлшенеді? Салауат: сызғышпен

2-жүргізуші: Бар білгенін біздерден аямаған, «А» деп әріп үйретіп аялаған. Сіз біз үшін қадірлі, құрметтісіз, Сіз біз үшін боласыз аяулы адам!

1-жүргізуші: Бойымызға нәр берген, білім берген, Жүріңізші жадырап күлімдеумен. Өзіңізді бәріміз құттықтаймыз. Ардақты арулардың күніменен!

4-тыңдаушы: Алло, сәлеметсіздер ме? Мерекелеріңізбен! Мектептің ұстаз аналарын 8-наурыз мейрамымен құттықтағым келіп отыр. Соған көңілді бір нөмірлеріңіз бар ма?

2-жүргізуші: Әрине, бар, келесі әніміз аяулы ұстаздарға арналады.

Ән: «Мұғалім-ол біздің» 1. Білімнің кілтіндей, Әліппе ұстатқан, Оқуға іркілтпей, Тоқуға ұстатқан. Қайырмасы: Қамқоры ұл-қыздың, Мұғалім ол біздің. 2. Үйреткен қашанда Жақсылық жасауға. Жаманнан безініп, Жақсылық жасауға.

1-жүргізуші: Ортамызға ел аналарын шақырамыз. Үш баланы дүниеге әкелген, немелерінің қылығын көріп тамсанып жүрген әже Маржангүл Серікқызын қошеметпен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын, қос құлынын балалары үшін ардақты ана Жанна Жұмажанқызын ортамызға шақырайық.

1-жүргізуші: Қара шаңырақтың ұйытқысы, төрт баланың анасы Құдайберген атаның әулетіне 23 жыл келін болған Венера Рахымбекқызын ортамызға шақырайық.

2-жүргізуші: Асыл аналар сұхбатымызды балалық шаққа саяхаттан бастасақ, қалай қарайсыздар. Бала кездеріңізде 8-наурызды қалай тойлайтын едіңіздер?

1-жүргізуші: Аналарыңызға жасаған алғашқы сыйлықтарыңыз естеріңізде ме?

2-жүргізуші: Жалпы қауымнан туыстарыңыздардан сыйлықтар күтесіз бе? Құпия болмаса қандай сыйлық?

1-жүргізуші: Осы мерекеде болған қызықты сәттеріңізді айтып берсеңіздер?

2-жүргізуші: Мерекені қалай қарсы аласыздар?

1-жүргізуші: Барша аналар, қыздар қауымына тілектеріңізді білдірсеңіздер.

2-жүргізуші: Қуаныштан нұр шашады жанарың, Мәз боласың мерекелік сезіммен. Шаттығыңды шаттығыма баладым, Бақыт мәңгі бірге болсын өзіңмен!

1-жүргізуші: Құрмет тұтып халқымыздың бар қызын, Аналарға арналатын асқақ ән. Құтты болсын Сегізінші наурызың Көңіліңді бір көтеріп тастаған.

2-жүргізуші: Бізге берілген уақыт шектеулі, құрметті тыңдаушылар, телефон шалыңыздар. (телефон соғылады) Міне, біздің соңғы тыңдаушымыз телефон шалып тұр. Біз сізді тыңдап тұрмыз, айта беріңіз.

5-тыңдаушы: Сәлеметсіздер ме?! Мен барша аналарды мерекесімен құттықтаймын! Тамаша билеріңіз болса жолдасаңыздар.

1-жүргізуші: Әрине, сізді де мерекеңізбен құттықтап, «Өзбек» биін жолдаймыз, қабыл алыңыз.

2-жүргізуші: Бізге берілген уақыт өз мәресіне жетті, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет.

© 2010-2022