Ана тілінен тақырыбы Жазғытұры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «В» сыныбы

І. Жансүгіров «Жазғытұры».

Жаңа форматтағы сабақ.

Жаңа сабақ. Аннотация: Бұл жаңа әдіс- тәсілді қолдана өткізген сабақта жеті модуль элементтері, ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс түрі жүргізілді. Сабақ барысында топпен жұмыс: жұппен жұмыс, топта талқылау, Сыни тұрғыда ойлану : «Миға шабуыл», «Венн» диаграммасы, диалог, бағалау түрлері, АКТ әдіс - тәсілдері оқушылардың сауаттылығын арттыруға әсерін тигізеді. SMART - мақсат: Осы жыл мезгілінің негізгі ерекшеліктерін анықтай отырып, оқушыларды сұлулыққа баулу. Ресурс: Деңгейлік тапсырмалары, топтық жұмыстар, оқулық, сюжетті сурет, интерактивті тақта, смайликтер

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Шаттық шеңбері» тұру Балалар анау қараңдаршы күн шығып тұр

Сол күнді қолымызға алайықшы

Күнмен жылынып бірінші қолымызды жылытайық, сосын бетімізді жылытайық сосын ішімізді

жылытайық аяқтарымызды жылытайық денемізді жылытып енді күнді орнына шығарып салайық.

Түстерді тарату арқылы төрт топқа бөліну.

Ортаға шығып «Шаттық шеңберін» жасау.

Әр топ өз орындарына отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Табиғат - менің өз үйім» деп аталған. Неге олай аталады? Дәлелдеңдер.
Ендеше, табиғаттың төрт мезгілін сөзбен айтып шығайық: көктем, жаз, күз, қыс. Ал қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бүгінгі тақырьп, мақсат хабарланады:
Жаңа тарау: Масатыдай құлпырар жердің жүзі...
Бұл тарауда көктемгі тіршілік туралы әңгіме болады.
Осы тараудың атын қалай түсінесіңдер?
Масаты - түкті мата.
Жердің бетіне шыққан шөпті соған теңеп тұр, - дай, - дей жұрнақтары теңеу мағынасын береді
(2 - 3 матаның кесіндісін көрсету.)

Оқушы жауаптары тыңдалады «Жарайсың, керемет,» сөздерімен топты бағалап отыру, смайликтер таратып беріп отыру.

ІІІ. Жаңа тақырып

Жансүгіров (1894 - 1938). Қазіргі Алматы облысында туған. «Құлагер», «Дала», «Күй», «Күйші» поэмалары бар.
Ш Өлеңдерді мәнерлеп оқу (мұғалім). (Бұл кезде интерактивті тақтадан көктем көріністері көрсетіліп тұрады, слайд - шоу).
IV Оқушылардың оқуы:
1) Іштей.
2) Шумақтап, дауыстап.
V 1) Негізгі идеясы -?
2) Сөздік жұмысы.


тыңдайды, мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы өз ойларын толықтырып, әр топ бір- бірінің ойын жетелеп отырады,

Оқушылар

Көркем жазу, сөздік жұмысы жазады

Топтық жұмыс

Топтарға тапсырма:
1 - топқа тапсырма: өлеңге сүйене отырып, жазғытұры ауа райы қандай болатынын анықтаңдар.
2 - топқа тапсырма:Көктем дегенде көз алдыңа не елестейді .(сурет салады)
3 - топқа тапсырма: Ауыл адамдарының көктемгi еңбегі туралы әңгімелеңдер.
4 - топқа тапсырма: көктемде жылы жақтан ұшып келетін құстарды қалай қарсы аласың.
VII Ой - пікір тыңдау.

Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды флипчартта орындап, қорғайды.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

"Көктемгі жаңбыр"

Жел тұрды

Жаңбыр сіркіреді

Жаңбыр жауды

Найзағай жарқылдап

Кемпірқосақ шықты

Күн ашылды.

85 жаттығуды орындау

Сергіту сәтін өткізу

Жұмыс дәптеріне жаттығуды орындау.

IV.Қорытындылау

"Венн" диаграммасы арқылы қорыту.

Қала мен ауыл еңбегін салыстырып,айырмашылығын айтады.

V. Үйге тапсырмасын беру

Өлеңді жаттау, 86 жаттығуды орындау.

Өз қалаулары бойынша шумақтарын жаттау.

VI. Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті Формативті бағалау

Оқушының іс-әрекеті

Өлшемді бағалау

VII. Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті

Әр топтың қанша смайликтер жинағанын және әр оқушының қанша смайликтер жинағанын білу, әр топ ауызша қаншалықты жұмыс атқарғанын айтады.

Оқушының іс-әрекеті

Топ басшылары өздерінің тобындағы оқушыларға баға береді, жинаған смайликтері бойынша есеп береді, мадақтау, қорытынды жасау сәтіне беріледі.

Не білдің? Не білгің келеді мақсатымен сабаққа қорытынды жасау, әр оқушы өз ойын айтады

  • Бүгінгі сабақ несімен ерекше болды мақсатымен сабақты қорытындылайды.







© 2010-2022