«Қош бол құтты Әліппе!»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош бол құтты Әліппе!»
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының дәстүрлерін көрсете отырып оқу жылының жарты жылында алған білімдерін, тәлім-тәрбиесін көрсету. Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын нығайту.
Тақырыптың мәні: әдептілікке, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сыныпты тілашар дәстүріне лайықтап безендіру, плакаттар, шарлар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру ІІ.Тақпақтар ІІІ Жұмбақ IV Ән. Би. Көрініс V.Ата мен әже немерелеріне бата беріп тілек айтады
Х. Бекіту

Мұғалім: Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті ұстаздар мен меймандар! Бүгін сіздер 1 «Е» сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған кешіне жиналып отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз.

Қазақ биі: « »

Мұғалім: Жеміске құты тола ма? Бір - бірлеп теріп алмасаң? Әп - сәтте шыға қоя ма, Еккен дәнің ойласаң? Білім де сондай қарағым, Біртіндеп сіңер ойыңа, Ұғып ал білім боларын Шам- шырағың жолыңда. Көлге ойнаған бұлақтың Қайнар көзін көріп пе ең? Том- том болған кітаптың Басы болар «Әліппең»... - деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағаларымыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

І- оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе! Ол сүйікті -Әліппе!

Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Ән «Әліппе»

Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана! болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

1-оқушы. Ең алғаш алғанымда «Әліппені» Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді.

2-оқушы:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

3-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
4-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Әліппе: Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық

** 11 слайд
Ал, енді алфавиттегі алғашқы әріптерді атайықшы
-А, Ә, Б.
1-оқушы:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.?

2-оқушы:
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
3-оқушы: Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

4-оқушы: Ғимарат көп қаламда, Ғаламат көп ғаламда, Ғылым қуып жалықпай, Ғалым болам қалайда.

5-оқушы: Досың көпте қасыңда, Дәулеттісің онда сен. Достық деген асылға, Дақ түсірер болма сен.

Дәмді асың болмаса да, Дәмді сөзің болсын. Жақсы сөз - жарым ырыс.

6-оқушы: Есті бала ер жетіп, Елдің қамын ойлаған. Ессіз бала кері кетіп, Есерлігін қоймаған.

7-оқушы: Жақсы қыз - жағадағы құндыз, Жақсы бала - аспандағы жұлдыз.

8-оқушы: Исатайдай батыр болам, Иса атамдай, ақын, болам. Игі істе батыл болам, Игілікке жақын болам.

Әліппе: -Рахмет, балалар!Ал, енді мен сендермен қоштасамын.

«5» болсын алар бағаңыз,
Білімнен бақыт табасыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санаңыз! ( 5-тіктер тарату)

9-оқушы. Құндыз: Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Мұғалім
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Вальс: «Рахмет саған, Әліппе» вальсін

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ән «Анамның тілі -аяулы үні»

Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!\

10-оқушы Ана тілім-болашақ келешегім,
Сен арқылы биікпен теңесемін.
Өлең жазып, ой толғап өз тілімде,
Шыңға қадам басамын мен өсемін.
11--оқушы: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Ана тілі: Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Ана тілі пәні сендерге көп қызықты ертегілер мен аңыз-әңгімелер, тарихи дана сөздер арнайды, тек сендер ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. Сондай шығармалардың бірін тойыңызға шашу ретінде сіздерге әкелдім қабыл алыңыздар!

Көрініс: «Абай атамыз бен ұлы Әбіштің сырласуы»

Ана тілі:

Жыраулар қисса толғайды, Батырлар жайлы, ел жайлы. Күңіреніп абыздай, Заманаларды болжайды.

Абылай ханның бас ақылшысы Бұқар жыраудың термесі: «Алыстан қызыл көрінсе..»

12- оқушы. Ақжол Бұқар жыраудың жолымен. Менде бір қисса толғайын Мектепке бала жиналып, Ұстазың берсе сабақты, Санат емей немене. Бар ғылымның бастауы Қолыңдағы Әліппе Қанат емей немене. Талаптанып оқысаң, Озат емей немене. Бір шаңырақ астында, Бейбіт жүрсе барлық ұлт, Бірлік емей немене. Елбасының жолдауы, Болашаққа бастар жол, Нұрлы жол емей немене.

«НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

12-оқушы Амирза 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

13-оқушы Дана «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған.

14-оқушы Арыстан

Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

15-оқушы Ақнұр Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды. Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды. Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды. Тәуелсіздікті елге сыйлады, Бейбітшілікті қалады. Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы. Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы.

16- оқушы Жаңа Астана - ежелгі Қазақ жерінің төрі . өлең «Астана»

16 -оқушы Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқаным да ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім.

17 -оқушы Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз.

18-оқушы Осы біздер қандаймыз?
Ақылдымыз
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Көп оқимыз
Терең оқимыз
Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.
Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
3 слайд
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

ӘН: «Менің Қазақстаным» орындайтын: Жұмажан Алтынбек

Білгішбек: -Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен): -МЕКТЕП! -ӘЛІППЕ! -МҰҒАЛІМ! -АТА-АНА Ендеше: Білімдеріңді сынайын.

Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)
5/ Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жирентіп
Ақыл болған кім бізге?
(Ол мұғалім) -Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Енді қызықты есептерді шығарып көрейік
1) Бес асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2
2) Ағаштағы төрт алмұрт,
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2
3) Қазып жүр құмды бес мысық,
Үшеуі жатыр күн ыстық.
Екеуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10
4) Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
5). Табақта бар 4 өрік,
Қолымда бар 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
6) . Маратта бар 5 іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 ) Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,
Енді сіздердің білімдеріңізді тексерейік.
Ананың көңілі балада,
/Баланың көңілі далада../

Ананың сүті - бал, . Баланың тілі бал.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге


Жұмбақ шешу.
1) Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)

2) Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады .(Кітап)

3) Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)
4) Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)

Жарайсыңдар ата-аналар , балалар: Менің атым, Білгішбек ..

19--оқушы өлең АТА МЕН БАТА

Мұғалім:

Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар - дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз.

Ұстаздарға, Ата- аналарға сөз беру







- Қымбатты, балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріпермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен дос болуға, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағында өрлеген сапарларың сәтті болсын!







© 2010-2022