Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан» әңгімесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

білімділік - Мәлік Ғабдуллин өмірі мен шығармашылығы, Бауыржан Момышұлының ерлік істері туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық - өзіндік ойлау қабілеті мен дүниетанымын дамыту;

тәрбиелік - Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік істерімен ұрпаққа үлгі болған батыр аталарымызды дәріптеу, адамгершілік қасиеттерге, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану

Көрнекілігі: слайд, тапсырмалар жазылған қағаздар, Ұлы Отан соғысы Батырлары туралы кітаптар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушыларды амандасу, түгендеу, жаңа сабақтың басталуына көңілін аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ - жауап

1.Өлеңде ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?

2.Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай Батырларды білесіңдер?

3. Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров туралы не білесіңдер?

4.Несіпбек Айтов кім?

«Нұркен» өлеңін жатқа айтқызу.

ІІІ Жаңа сабақ

Кеңес Одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллин туралы слайд арқылы түсінік беру.

Оқулықпен жұмыс. Тақырып мәтінін оқыту.

ІV Бекіту

1.«Кубизм» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап.



  1. 1941 жылы қандай оқиға болды?

  2. Полк командирі командирлерді не үшін жиған екен?

  3. Бауыржан жігіттерге не айтты?

  4. Мәтінде қандай мақал-мәтелдер кездеседі?

  5. Ұлы Отан соғысына қатысқан тағы қандай қазақ батырларын білесіңдер?

  6. Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні қашан тойланады?

2. Бауыржан Момышұлы өмірі мен ерлік істері туралы слайд арқылы түсінік беру.

3. Топтастыру «Бауыржан»

4. Топтық тапсырмалар

І топ «Бауыржан» сөзіне 5 жолды өлең (синкуэйн)

ІІ топ «Салыстыру» Нұркен - Бауыржан (Венн диаграммасы)

ІІІ топ «Семантикалық карта»

ІV топ «Сәйкестендіру» (Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерді)

V. Қорытынды

Оқушылар, бүгінгі сабағымызда Кеңес Одағының Батыры, жазушы атамыз Мәлік Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» атты әңгімесімен таныс болдық. Әңгімеде ержүрек атамыз Бауыржанның Мәскеу үшін болған шайқаста Волоколамск тас жолы бойында көрсеткен ерлігі баяндалған. Сабақта Кеңес Одағының батырлары Бауыржан атамыз, Мәлік аталарымыз туралы көптеген мәліметтер алдыңдар деп ойлаймын. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы болғанын, бұл соғыста жеңіске жетуімізге қазақ әскерлерінің де үлесі барын ұмытпауымыз керек. 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіс туын немістің Рейхстагына тіккен де батыр атамыз Рақымжан Қошқарбаев болатын. Келесі жылы сол Жеңістің 75 жылдығын тойлаймыз. Өкінішке орай ардагер аталарымыз азайып бара жатыр. Бірақ «Ер есімі - ел есінде» дегендей батыр аталарымыздың ерлік істерін өзімізге үлгі қылып, олардың есімін ұмытпауымыз керек.

Үйге тапсырма

Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерге ребус құрастыру.

Мұнайлы ауданы № 7 жалпы білім беру орта мектебі КММ













Ашық сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Мәлік Ғабдуллин

«Батыр Бауыржан» әңгімесі


3«Ә» сынып жетекшісі: Ибнаминова Ж.К.







2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022