- Преподавателю
- Начальные классы
- Еңбекке баулу Сабақ: Қалам салғыш жасау 1 сынып
Еңбекке баулу Сабақ: Қалам салғыш жасау 1 сынып
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Рахимбаева Г.С. |
Дата | 27.10.2014 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
№7 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп - гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Малтабарова Нина Карловна
Өтілімі: 28 жыл
Санаты: жоғары
Сабақтың тақырыбы:Қалам салғыш жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қалам салғыш жасауға үйрету, оның күнделікті омірдегі қажеттілігін түсіндіру. Дәлдікке, ойлап жұмыс істеуге үйрету. Есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қол, саусақ бұлшық еттерін дамыту, қауісіздік ережелерін орындау. Тәрбиелік мақсаты: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Сүт қорабы, қайшы, желім, түрлі- түсті қағаз. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Қораптың сыртын түрлі- түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
- Жұмбақ жасыру.
- Оқушылардың қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін естеріне салу, оны жұмыс барысында қадағалап отыру.
-
Сүт қорабын алғызып.
-
Үш қорапты әр түрлі биіктікте түзеу қию қажет.
-
Қалған үш қорап болса, қиғаш кесіледі.
-
Қораптың сыртын түрлі -түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш- шебер бала біз,
Төрт, бес, алты- жалқаулық артта қалды.
Жеті, сегіз- білім мен еңбек егіз.
Тоғыз, он- тапсырманы орындау жөн.
3- бөлім: « Ойлан жауап қайтар ».
-
Міне балалар сүт қорабынан қалам салғыш жасадық.
-
Енді жұмбақбай атанын аулына келдік. Ол кісі сендерге жұмбақ дайындапты.
-
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)
-
Өзі- артық, сөзі- әріп. (қарындаш)
-
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзінде құртты. (өшіргіш)
-
Жылмаң- жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із- міз тастап кетеді. (ине)
-
Кішкене өзі, мың көзі. (оймақ)
-
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе, жоқ тыныш. (қайшы)
4- бөлім: « Шебердің қолы- ортақ, Шешеннің тілі- ортақ ».
Сабақты бекіту, қорту.
-
Әр оқушыны еңбегіне қарай бағалау.