Сауат ашу С дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні, айы, жылы:

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

  1. С дыбысы және әрпімен таныстыру.

  2. С дыбысына сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, с дыбысының баспа және жазба түрі.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «сәлем», «сәлеметсіңбе?», «амансыңба?» деген сияқты сәлемдесудің бірнеше түрін қайталату.

І І. Өткен сабақты пысықтау.

Өткен дыбыстарды қайталату. Сөз құрастыру. Құрастырған сөздерді буынға бөлу. Сөйлем құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. « Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: Жұмбақтар жасыру. Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің мульяжын себетке салады. Мысалы:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні. Шешуі: сәбіз.

Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.

С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады ( хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы - дауыссыз дыбыс.

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Бір, екі, үш

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

  1. Тіл ұстарту жаттығуы.

Са - са - са

Ызыңдайды маса.

  1. Дәптермен жұмыс.

Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. « Сөйлем құра » тапсырмасын орындайды.

Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? ( С )

ІV. Қорытындылау.

С дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу.

Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату.

© 2010-2022