Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосудың және азайтудың жазбаша тәсілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосудың және азайтудың жазбаша тәсілі

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Қызығушылықты ояту

No 1

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды . Қазір 2012 жыл . 1991

2012 сандарының арасында (осы сандарды қоса ) неше жай сан бар?

Қандай сандар ?

No 2

Қазақстан

халықтарының саны 16 ,3 млн. адамды құрайды . Қазақтардан басқа

ұлттар 43 %-ды құрайды Қазақстандағы қазақтардың санын табу керек . Жауабы : 9 ,291 млн .

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ 4,5

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

1-топ.
1. Үшбұрыштың түрлерін ата.
2. Шаршы деп қандай фигураны атайды?
3. 1ғасырда нешежыл бар?
4. Ұзындық бірліктерін ата.
5. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 8см, ауданы нешеге тең?
2-топ.
1. Бұрыш түрлерін ата.
2. Үшбұрыш деген қандай фигура?
3. 1тәулікте неше сағат?
4. Масса бірліктерін ата
5. Шаршының ауданы 36см, қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

Үй тапсырмасы

№6,7 30-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



© 2010-2022