Негізгі және туынды сын есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 3 сынып.Атамұра -2010.

Сабақтың тақырыбы:Негізгі және туынды сын есім.

Сабақтың мақсаты:

1.Сын есімнің негізгі және туынды болатындығы жайлы түсіндіру,білім беру.

2.Оқушылардың ой өрісін,танымдық қабілетін,сөздік қорларын дамыту,негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.

3.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу,туған жерін,отанын құрметтеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың оқыту тәсілі:топтастыру, «Түртіп алу»,Венн диаграммасы әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғат-біздің анамыз.

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.

II Қызығушылықты ояту.Сөздер жазу.

Ақыл- біл-

Тәртіп- айна-

Ой тастау.

Осы сөздерден сын есім жасауға бола ма?Қалай жасар едіңдер?

Ақылды білгіш

Тәртіпті айнадай

Оқушылардың ой пікірлер: Жұрнақтар жалғаймыз.

-Бұларды қандай сын есімдер дейміз? (туынды)

-Сонда сын есімдер қандай болады? (топтастыру)

Сын есім

Негізгі Туынды

Түбір сөзден Жұрнақ жалғану арқылы

Таза,әдемі. Өнерлі,күшті

II Мағынаны ашу.

Топпен жұмыс. Тапсырма:Берілген сөздерден сын есімдер жасау.

I топ II топ..

Талап ажар

Білім сән

әдеп сана

2) Мәтінмен жұмыс «Түртіп алу әдісі:

Сын есімдерді тауып,қайсысы туынды,қайсысы негізгі екендігін анықтау,дәлелдеу.

Түннің салқын самал,таза ауасын жұтқым келіп,тысқа шықтым.Шығыс жақ сарғайып,таң да ал қызыл нұрға бөленген.Одан жоғары аспан кеңістігі ағарып айқындала бастаған.Жұлдыздар да сирепті.Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр.Бұл-менің ағарып атқан жазғы таңды ең бірінші рет көруім еді.

3) Жұппен жұмыс.Берілген негізгі және туынды сын есімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы анықтау.

Жаңа,көк,әдепті,сүтті,атақты,жүйрік,көктемгі.

Негізгі Туынды

Жаңа Сын есім әдепті

Көк сұрағы атақты

Жүрік қандай? Көктемгі түбір,

Түбір жұрнақтар

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

III Ой толғаныс.

1.Туынды сын есімдері бар мақал-мәтелдер айту.

Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жнр бұлақсыз болмас.

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

2.Бес жол өлең

әдепті бала.

1.бала.

2.әдепті,сүйкімді.

3.әдепті бала-сүйкімді.

4.бүлдіршін.

IV Қортындылау. «иә» немесе «жоқ»

Жүйрік негізгі,сын есім.

Әдемі туынды,сын есім.

Атақты негізгі сын есім

Тәртіпті туынды сын есім.

Үй тапсырмасы: 24 жаттығу 188 бет.


© 2010-2022