Сыныптан тыс сабақ Интеллектуалды сайыс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Интеллектуалды сайыс. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. Сабақтың түрі.Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі.Жарыстыру,сұрақ-жауап,ой қозғау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәленденбек

Бүгінгі сайыс жоспарында.

Жоспар:

І.Таныстыру

ІІ.Мықты болсаң, тауып көр. /Логикалық есептер/

ІІІ. «Ұшқыр ой» ойыны.

ІV.Жүйрік болсаң, шауып көр /сұрақтар/

V. «Кім зерек?» /әр топ берілген есептерді шығарады/

VI. 1001 мақал, 101 жұмбақ.

VIІ. Ойлы болсаң, озып көр /топбасшылар сайысы/

І.Таныстыру бөлімі:

«Алғырлар» тобы:

Ұраны:. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Сәлемдесуі: Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

«Алғыр» бала атанып

Бізде ғалым боламыз.

«Үздіктер» тобы:

Ұраны: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»

Сәлемдесуі: Жарыс десе алғырлықты ұштаймыз,

Қиялдарға самғап ұщқан құстаймыз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Білгірлер» тобының ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске

Мақтанбаймыз «білгірміз» деп

Таудай бірақ талабымыз

«Білгір» бала атанып,

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз.

ІІ. Мықты болсаң, тауып көр. /Логикалық есептер/

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)

5. Қандай сан барлық санға бөлінеді? (0)

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8.Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос)

9. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

ІІІ. «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған параққа 1 - ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
ІV. Жүйрік болсаң, шауып көр /сұрақтар/

1.Сиырдың пірі?(Зеңгі баба.)

2.Жылдан құр қалған жануар?(Түйе.)

3.Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін өлшем?(Масштаб.)

4.Басты байлық ... (Денсаулық.)

5.Ұя салмайтын құс?(Көкек.)

6.12 ай қалай аталады?(Жыл.)

7.«Кел,балалар,оқылық» өлеңінің авторы?(Ы.Алтынсарин.)

8. Әліппенің атасы

9.Абайдың әжесі.(Зере.)

10.ҚР «Тіл туралы заңы» қашан қабылданды?

11.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?( 1986ж. 16-желтоқсанда )

12.Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім?(Абылайхан,шын аты Әбілмансұр.)

13.«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы?(М.Әузеов.)

14.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі?(Көктем)

15.Көкжиектің неше тұсы бар?(Оңтүстік,солтүстік,батыс,шығыс.)

V. «Кім зерек?» /әр топ берілген есептерді шығарады/

VІ. «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы.

1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)

2.Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ аяғы

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3.Егер Т-дан бастасаң, санмын,

Т-ны алып тастасаң, жаумын. (Төрт)

Балғасы жоқ орақпын,

Бедел-бағым зор-ақ тым. (Бес)

4.Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Айтшы, қане, бұл қай сан? (Сегіз)

5.Бүкірлеумін, имекпін,

Мойнындаймын үйректің.

Сабағыңды білмесең,

Мені аласың күнде сен. (Екі)

6.Санасаң бір үйде төртеу бар,

Қаласаң аузыңды өртейтін нәр. (Бұрыш)

Мақалдарды жалғастыр.

  • Бір тал кессең . . .

  • Бес саусақ . . ..

  • Бір кісі қазған құдықтан . . .

  • 100 теңгең болғанша . . .

  • Отыз тістан шыққан сөз . . .

  • Бес бармақ жиналса...

  • Екі жақсы қас болмас . . .

  • Жеті жұрттың тілін біл . . .

  • Ердің 2 сойлегені өлгені . . .

  • Бір бала әкеге жете туады . . .

  • Алтау ала болса ауыздағы кетер, …

  • Айдағаның бес ешкі…

VІІ. Ойлы болсаң, озып көр /топбасшылар сайысы/

«Сөзжұмбақ» шешу

1.Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз)

2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. (Шаршы)

3.Ондықтан құралған сан. (Қырық)

4.Бір таңбалы сан. (Үш)

5.Кеміту амалы. (Азайту)

«Білгірлер»

1. Бір таңбалы сан (Бір)

2.Геометриялық фигура. (Төртбұрыш)

3.Бұрыш түрі (Сүйір)

4.Уақыт өлшем бірлігі. (Ғасыр)

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (Шеңбер)

VIІ. Қорытынды.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер- деп сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Жеңімпаз топты анықтау, мақтау, марапаттау.




Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«В.Комаров атындағы жалпы орта мектеп» КММ.











Сыныптан тыс сабақ:

Интеллектуалды сайыс

















Сыныбы: 3 «Б»

Мұғалім: Даужанова А.


© 2010-2022