Ашық сабақ Математика Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 1 сынып

Сабақтың тақырыбы : Қосудың ауыстырымдылық қасиеті

Сабақтың мақсаты :

білімділігі: Оқушыларды есептеуге қосудың ауыстырымдылық

қасиетін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру,

заттарды санау және санаудың нәтижесін цифрмен

жазу дағдыларын дамыту.

тәрбиелігі: Ұжымдық бірлесе отырып,жұмыс жасай білуге

адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу. дамытушылығы:Оқушының зейінін, зерде үрдістерін пәнге қызығушылығын жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық ,жылдамдық көргендік қасиеттерін дамыту

Көрнекілігі: Мультимедиа, плакат,суреттер

Әдістер: сұрақ-жауап,топтау,қайталау

Сабақтың жүрісі: I Қызығушылығын ояту

Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Өткен сабақты

Еске түсірейік.

Бізге таныс сандар қатарын атайық. 1 2 3 4 5

Сол сандарды санайық,кері санайық.

5 санының құрамын атайық

«Үндемес» ойыны

№5 мысалды экраннан көрсетіп,тек жауабын айту.

3+2 5-2

Мына өрнектерді оқиық.

Қосу амалдарындағы сандардың атауларын атайық.

Азайту амалдарындағы сандардың атауларын атайық.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып бір тұрып

Сәл тынығып алайық

II Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіру.Тақтада 3қызыл машина және 2 көк машинаның суреті көрсетілген. Есеп құрастырайық. Автотұрақта 3қызыл машина тұр еді. Тағы да 2көк машина келді.Барлығы неше машина болды?

3+2=5 2+3 =5

Екі қосындыны салыстырайық. Қандай өзгерістер байқадық?

Сонда қандай қортынды шығаруға болады?

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан

қосындының мәні өзгермейді.

Хормен айту.

Оқулықпен ,дәптермен жұмыс

Оқулықтан және дәптерден №2 тапсырманы табайық.

Тақтаға жазу. 3+2 4+1 3+1

2+3 1+4 1+3

Дәптерге жазу,шығару.Ережені айту.

Ауызша есептеуге жаттығу.

2

3

4







5

4

3






+1

-2

Өзбетімен жұмыс

Есептемей салыстыр

1+4*4+1 1+3*1+2

3+2*2+3 1+2*2+1

2+1*1+2 3+2*1+3

Сергіту сәті «Қаражорға» биі

Ой толғаныс. Алған білімді сараптау,топқа тапсырма беру.

Суретке қарап өрнек құрастырып,мәнін табу.№1 дәптердегі тапсырманы орындау.Экраннан суретке өрнек құрау.Ережені айту.

Өзбетімен әртүрлі болатындай етіп бояу.Экранға машинаның суретін түсіру.Ережені шығару.

Сабақты қортындылау

© 2010-2022