Әліппе Қош бол, сүйікті әліппе!1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.М. Горький атындағы №2 орта мектеп


Мерекелік іс-шара

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппе!»

Әліппе Қош бол,сүйікті әліппе!1 сынып

Өткізген: Жикенова А.Ө.


2015-2016 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Қош бол,сүйікті Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу; Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:шарға жапсырылған қима әріптер мен цифрлар, «Әліппе» оқулығын мұқабасы, шардан жасалған бағаналар, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, қызыл және көк түсті үйшік, сынып өмірінен үзінді слайдтар «1 «А» сынып» жазуы.
Барысы:
1- жүргізуші: Айша
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.

Мұғалім:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..
(оқушылар кіреді)
Мұғалім:
-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «А» сыныбы шәкірттерінің «Қош бол Әліппе !» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Оқушылар:
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Ардақты ата-аналар !

1-жүргізуші:Айша

1 «А» сыныбы оқушыларының «Қош бол Әліппе!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер !
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.

2-жүргізуші:Амир
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз


1-жүргізуші: Айша

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хошкеліпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппеменқоштасутойымызға..

2-жүргізуші;Амир

Армысыздараналар
Бармысыздарбалалар
Сөзімеқұлақсалыңыз
Бірсерпіліпқалыңыз
Әліппегеарналмақ
Бүгінгіжыр әніміз


ІІ. «Сынып өмірінен үзінді» слайдтар мен бейнетаспа.
-Біз «Горький» атындағы мектебінің 1 «А» сыныбындаоқимыз. Енді сіздердің назарларыңызға осы оқу кезеңдерінен шағын презентация ұсынамыз.
1-слайд.Мынау - біздің мектепке алғаш келген кезімізден көрініс.
2-слайд. Бізге оқу мен жазуды үйреткен сүйікті Әліппе сабағы.
3-слайд.Математика сабағын да жақсы көреміз. Санау мен есеп шығаруды да үйрендік.
4-слайд.Сабақты жақсы оқу үшін , әлденіп тамақтану керек. Мынау - біздің асхана.
5-слайд. Біздің алғашқы мектепішілік жәрмеңкеге қатысуымыз.
6-слайд.Ал мынау біздің 1 сыныптағы алғашқы жаңа жылымыз.
7-слайд. Бұл біздің даярлықпен қоштасу кешінен шағын көрніс
9-слайд. Келесі саяхатымыз - кітапхана болды. Газет журналды оқу біз үшін - қызық!
. Сазды - әуенді бөлім. «Қошақаным» әні

Әліппе Қош бол,сүйікті әліппе!1 сынып

Мұғалім:

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!

Хор: «Ана» әні

1-оқушы. Асемгүл
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.

2-оқушы. максут
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық

3-оқушы. Пейілнұр
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды

4- оқушы. Нариман
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең мақтанышың
Білім алып , тер төгем, еңбек етем
Ата-ана сеніміңді ақтау үшін.

5- оқушы.Досымхан
Ата-анамнан кейінгі
Екінші адам өмірде
Бала бол деп зейінді
Мейір құйған көңілге
Тәрбиелі білікті
Ол ұстазың сүйікті
Шәкірт қана алаңы
Өсиеті адалдық
Тентек сотқар баланы
Шығаратын адам ғып
Тәрбиелі саналы
Ол ұстазың сүйікті


Мұғалім:

Олай болса ортаға Әліппені шақырайық! (Әліппе келеді)

Әліппе: 4 «А» сынып

Армыссыздар, жасдостар
Армысыздарата-ана!
Болашаққажолбастар
Әліппеңкелдіортаға
Білімдегенғажаптың
Әліппесінмеңгерген
Келешегіқазақтың
Басталадысендерден
Жақсыбілімкөрімдік
Болсынбізгехалайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

2- жүргізуші: Айша

Армыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.
Әліппе Қош бол,сүйікті әліппе!1 сынып

1 «А»дегенім асық

жүрші алшаң басып.

Оңға солға иіліп

ойнаймыз біз шашып.

2 Көбелекке кәдімгі,

қарасаңыз анықтап.

Жаны бар «Ж» ұшып жұр,

жапырақша қалықтап.

3Нұсан түсіп көркіне,

шығып кетті ағашы.

Сатыны «Е» әрппіне,

ұқсағанын қарашы.

4Киген ағай шәпкішін,

қарыны шығып қалғандай.

Қыса ұстап пәпкісін,

«Б»-дан аумай қалған-ай.

5Сәл көтерсе қақпағын,

Әйгерімнің қазаны.

Көрнісі шап-шағын,

«Ә»-ге ұқсап қалады.

6Гүлдерді жайпап өткендей,

иіледі желменен.

«Г»әрппі қаптап кеткендей,

Гүлжазира бел деген.

7Шөп шапқан Жақып,

шалғысын талға іліп жүр.

Бес жасар Жақып,

«Ғ» әрппін танып, біліп жүр.

Әліппе;

- Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!
- Ал, қане маған әріптермен сөз құрап көрсетіңдерші.
Бәріміз бірге сол тапсырманы орындайық.

-Тапсырма:

«Сөз құрау»

1.Ай+ жұлдыз

2.Ай+ жан

3.Ай+нұр

4.Ай+ғаным

5.Ай+сауле

1.Гүл+нұр

2.Гүл+жан

3.Гүл+нар

4.Гүл+жауһар

5.Гүл+бану

Мұғалім: ал енді балалар қазір біраз сергіп аламыз ба?

Сергіту сәті: «Бүгін қандай көңілді.»

6-оқушы. Нржан
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Құрметтеп қадір тұтатын

7-оқушы. Диляра
Халқымның дана тілі бар
Әліппені білген соң
Білімнің жолын ұғынар
Сүйікті менің Әліппем
Өзіңмен қимай қоштасам

8-оқушы. Нияз
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

9-оқушы. Диана
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.


10-оқушы.Эльнара
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

11- оқушы. Даяна
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.

Әліппе; - Рахмет , балалар!Келесі оқитын пәндерің Ана тілін де жақсы меңгеріңдер.Маған өкпелерің болмаса, мен енді басқа балаларға барайын. Қош болыңдар, балалар!
Барлығы бірге; Қош, бол Әліппе!

Мұғалім: Ән «Рахмет, саған әліппе»

Әліппе Қош бол,сүйікті әліппе!1 сынып

1- жүргізуші: Айша.- Ортаға сандарды шақырамыз!

Санамақ айту
1.Диляра
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
2. Әлішер
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3. Досымхан
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

4. Аружан
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5. Асемгүл
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

6. Мәнсұр
«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
7. Батырхан
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
8.
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9. Даян
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!

10. Пйілнұр
Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.

Мұғалім сөзі:Балалар сендер өте талантты екенсіңдер.Сол таланттарыңды ата-аналарыңа көрсетіңдерші.Мен жұмбақ жасырамын, сендер тек жауабын айту керексіңдер.

Жұмбақ

Жазу жазып, жалықпаған,

жаза-жаза арықтаған. (бор)

Алты қырлы,

алтын сырлы. (қарындаш)

Қабат- қабат қаттама,

ақылың болса, аттама. (кітап)

Үйреткен ілімді,

қырық екі білімді. (алфавит)

Өшірді, сүртті,

өзгені құрытты.

Өзінде құрытты. (өшіргіш)

Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)

Тау басында тамаша үй (бас)

Мұғалім: Енді есептен тексерейік.

- Қане, балалар, есепке қалайсыңдар?
- 5пен 3-тің қосындысы нешеге тең?
- 7 мен 5-тің айырмасы ше?
- 2 мен 4-тің қосындысы ше?

-Ағаш басында 2 балық отыр еді 1 құлап тұсті .Ағаш басында неше балық қалды.

Мұғалім:
- Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық..
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.

Ана тілі:
Төтеп беріп сынға
Қайыспаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
-Елдің атын кім дейміз?
Хормен: ( Қазақ елі )
Таулары бар ең биік
Даласы бар жер ұйық
Бұл қай ел?
Қазақстан

: (Қазақстан)
Ана тілі:

Біз 1 «А» сынып оқушылары
-Нені үйрендік ?
Мұғалім: Ертегі «Жеті лақ»

1-жүргізуші: Айша

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

2-жүргізуші Амир

«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз

Ән: « Ойыншықтар»

Би мектеп вальс 1 «А» сынып

Әліппе Қош бол,сүйікті әліппе!1 сынып

Мұғалім сөзі:

Мектеп қамқор анамыз

оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсеттін,

біз оқушы боламыз,

өсіп ой мен санамыз!

Өмірге жол саламыз,

білім қуған баламыз

Мұғалім сөзі:

Оқушыларымыздың осындай жетістікке, жеткендерін мен марапаттау мен марапаттаймыз

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы»деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Мектеп басшысына сөз кезегі беріледі:

Ата-аналардың құттықтаулары.


© 2010-2022